Сананы қалыптастыру әдістері
Сананы қалыптастыру әдістері. Бала тәрбиелеу оның дүниеге келген сәтінен басталады. Бірақ әлеуметтік тәжірибені саналы түрде меңгеру кешірек қалыптасады. Дұрыс ұйымдастырылған тәрбие тәрбиеленушінің тәрбие барысында қалыптасуға тиіс мінез-құлық ережелерін игеруіне ықпал етеді. Бала белгілі бір қасиеттің мәнін түсінбейінше, оны баланың бойында тәрбиелеу мүмкін емес. Жеке тұлғаның қасиеттерінің мәнін түсіне келе баланың жас ерекшеліктеріне қарай өзіндік көзқарастары, түсініктері, сенімдері, мұрат-мақсаттары қалыптасады. Бұл міндеттерді шешу үшін «Жеке тұлғаның санасын қалыптастыру әдістері» деген әдістер қолданылады.
Бұл топтағы әдістердің сезімдерді, көңіл-күй эмоциясын қалыптастыруда маңызы зор. Егер оқушылар педагогикалық әсерге жауап бермесе, жеке тұлғалық қасиеттерді қалыптастыру жүзеге аспайды. Оқушылардың тәрбие мазмұнына сай іс-әрекетке белсенді түрде араласу қажеттілігі болған
жағдайда ғана алға қойылған мақсат орындалады. Осылайша, жеке тұлғаның санасын қалыптастыру әдістері оқушыларды алған білімдерін күнделікті тәжірибеде белсенді қолдануға, яғни мінез-құлық әдеттерін қалыптастыруға дайындайды.
Белгілі бір әдеттерді қолданудың қажеттілігін түсіну тәрбие процесінде әр түрлі әдістерді қолдану арқылы жүзеге асырылады. Ескі мектепте, мысалы, бұл үшін ғибратты әңгімелер, нақылдар, мысалдармен қоса оқушыларға қажетті білімді жеткізудін басқа да жанама және көркем тәсілдері кеңінен қолданылған қорытындыны оқушьшардың өздері жасауы тиіс. Қазіргі мектепте ықпал етудің дәстүрлі тәсілдері (талап қою, насихат, нұсқау) жиі қолдануда.Бұндай әдістердің нәтижесі өте төмен. Тәжірибесі мол тәрбиешілер өз жұмыстарында ұмыт болған адамгершілік-имандылыққа, Крыловтың мысалдарына, Абайдың қара сөздеріне, халық педагогикасының амал-тәсілдеріне көптеп сүйенуде. Этикалық тақырыптағы әңгімелер, түсіндірмелер, түсініктемелер, лекциялар, этикалық әңгіме-сұхбаттар, ақыл-кеңестер, иландыру, сендіру мысалдар кеңінен қолданыс табуда.
Осы топтағы әдістердің әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері мен қолдану аясы бар. Сырттай оңай болып керінгенімен, олардың әрқайсысы мұғалімнің жоғары білімін талап етеді. Олар жүйелі түрде, бір-бірімен тығыз байланыста қолданылады. Сөз бен сезім арқылы әсер ету әдістерінің ең күрделілерін қарастырайық.
Этикалық тақырыптағы әңгіме көбінесе, төменгі және орта сыныптарда қолданылады. Бұл дегеніміз адамгершілік мазмұны бар деректер мен оқиғаларды әсерлі де қызықты етіп айту. Жақсы әңгіме оқушыларға мінез-құлықтың адамгершілік нормаларын түсінуге көмектеседі, сезімге әсер етіп, әңгімедегі оқиғаларға деген оқушылардың оң не теріс қатынасын қалыптастырады.
Этикалық тақырыптагы әңгіменің нәтижелі болуы мынаған байланысты:
— әңгіме мазмұнының оқушылардың жас ерекшеліктері мен олардың әлеуметтік тәжірибесіне сәйкес болуы;
— әңгіменің қызықты, әсерлі, түсінікті болуы, онда адамгершілік ой-пікірлермен қоса мысалдардың, жағдайлардың болуы;
— әңгімені оқу барысында әңгіме-сұхбаттың жүргізілуі; оқушылардың әңгімені талдауға атсалысып, өздерінің ой-пікірлерін білдіре алулары өте маңызды;
— әңгімеге қоса суреттерді қолдану (бейнелеу өнерінің туындылары, фотографиялар); әңгімені дұрыс қабылдауда музыканың орны ерекше;
— мазмұндама тілінің әдеби сауатты болуы.
Этикалық әңгімені қабылдауда бөлме ішінің жабдықталуының да маңызы бар. Жоспарланған әңгімелер жайлы бөлмелерде, оқушылар ешқайда асықпаған еркін жағдайда жүргізіледі. Этикалық әңгімеден кейін оқушылар мазмұны мен көңіл-күйі жағынан өзгеше бір іске (мысалы, спорттық жарыс) кірісіп кетсе, әңгіменің тәрбиелік мәні төмендейді.
Күнделікті тәжірибеде тәрбиелік процесте түсініктеме жиі қолданылады. Бұл оқушьшарға сезім мен сөз арқылы әсер ету әдісі. Түсініктеменің әңгімеден өзгеше маңызды белгісі — оқушыларға немесе жеке тұлғаға қандай да бір жағымсыз жағдайлар бойынша әсер ету. Түсініктеменің әдіс-тәсілдері әр түрлі: төменгі сыныптарда «Былай істеу керек» деген сияқты тура пайымдаулар, жасөспірімдермен жұмыс кезінде терең мотивация, белгілі бір адамгершілік ұғымдарының қоғамдық мәніне түсініктеме беру қажет.
Түсініктемені оқушыларға мінез-құлықтың адамгершілік нормаларын түсіндірудің қажеттілігі туындаған жағдайда ғана қолдану керек. Бірақ мектептегі, көпшілік орындардағы қоқыс тастауға, түкіруге, партаға сурет салуға, дөрекілік жасауға болмайды деген сияқты күнделікті мінез-құлық нормалары туралы сөз болғанда түсініктемені қолданудың қажеті жоқ. Мұнда үзілді-кесілді талап ету қажет. Түсініктеме қандай да бір жаңа адамгершілік қасиетті, оқушылардың белгілі бір әрекетке деген дұрыс қатынасын қалыптастыру үшін қолданылады. Түсініктеме көбінесе сендіруге негізделеді. Сендіру оқушының психикасына астыртын әсер етіп, іс-әрекеттің мақсаттары мен мотивтерін қалыптастырады. Ол ақыл-кеңес, есіне түсіру, тілек-ұсыныс түрінде қолданылады.
Тәрбие тәжірибесінде түсініктеме мен сендірумен қоса кейде насихат сияқты әдіс қолданылады. Оқушының бойындағы жағымды қасиеттерге сүйену: абырой, ар-намысы мен ұяты сияқты насихатты дұрыс қолданудың
алғы шарттарын қалыптастырады. Бұл әдістің педагогикалық нәтижелілігі мұғалімнін беделіне, оның жеке тұлғалық қасиеттеріне байланысты.
Сананы қалыптастырудың аталған әдістерін (әңгіме, түсініктеме, сендіру, насихат) ретсіз қолданғанда ол үгіттеуге айналады. Мұндай жағдайларда олар оқушы бойында қарсы әрекет, мұғалімнің тілегіне кері әрекет ету ниетін оятады.
Этикалық әңгіме-сұхбат дегеніміз адамгершілік мәселелерді мұғалімдер мен оқушылардың бірігіп жүйелі де бір ізді талқылау түрі. Әңгіме-сұхбаттың жай әңгіме мен нұсқаудан айырмашылығы онда мұғалім оқушыларды өз ой-пікірлерін, көзқарастарын, бағаларын білдіруге шақырады. Әңгіме-сұхбат теңдік пен ынтымақтастық негізінде құрылады. Этикалық әңгіме-сұхбаттың мақсаты — адамгершілік түсініктерді тереңдету мен бекіту, білімді қортын-дылау, адамгершілік көзқарастар мен сенімдер жүйесін қалыптастыру. 5-8 сынып оқушылар тәрбиесінде әңгіме-сұхбаттың алар орны ерекше, өйткені баланың өзіндік ой-пікірлері, көзқарастары мен сенімдері осы жаста қалыптасады.
Этикалық әңгіме-сұхбатқа оқушылардың белсенді қатыса алуы үшін оның жоспары мен негізгі мәселелері оқушыларға алдын-ала беріледі. Баяндамалар алдын-ала дайындалады. Әңгіме-сұхбат кезінде оқушылар жағдайлар бойынша қойылымдар ойнайды. Алдын-ала әдебиеттер тізімі беріледі, оқушылар өмірден немесе әдебиеттерден деректер мен мысалдар жинастырады. Жүргізуші (әдетте сынып жетекшісі) баяндама жасап, әңгіме-сұхбатқа қатысушылар алдына мәселелер қояды, олардың белсенділігін оятады, әр түрлі көзқарастарды тыңдап, оқушьшарға баяндамаларға баға беруді ұсынады, айтьшған ой-пікірлерлі толықтырып, түзеп, қортындылайды, әңгіме-сұхбаттың қортындысын шығарады. Әңгіме-сұхбаттың сол әңгіме кезінде талқыланған мінез-құлық ережелерін жүзеге асыра алатын шынайы пайдалы іспен аяқталуы оң нәтиже береді.
Этикалық әңгіме-сұхбаттын нәтижелі болуының шарттары:
— әңгіме-сұхбаттың мәселелік сипатта болуы, яғни көзқарастар мен пікірлер таласы;
— әңгіме-сұхбат тақырыбының күкейкесті, оқушылар тілек-
талаптарына сай болуы;- әңгіме-сұхбат мазмұнының оқушылардың тәжірибесі мен жас ерекшеліктеріне сай болуы;
— әңгіме-сұхбаттын оқушыларды өз ойын жеткізуге, басқалардың пікірін
сыйлауға, шыдамдылықпен әрі дәйекті түрде дұрыс көзқарасты қалыптастыруға үйретуі;
— әңгіме-сұхбат лекцияға айналмауы керек (мұғалім ғана сөйлеп, оқушылар тыңдап отырады),
— әңгіме-сұхбаттың жағымды әрі жайлы ортада жүргізілуі; оған әңгіме-сұхбат жүргізілетін бөлменің іші, дауыстың сенімділік ырғағы, оқушылар жауабын ден койып тыңдау, дұрыс жауаптарды мақтап, дұрыс еместерін сыпайы түрде түзету, орынды айтылған әзіл-сықақ, мазмұнның дұрыс таңдалып алуы жағдай жасайды.
Осындай алдын-ала дайындалған (жоспарлық, бағдарламалық) әңгіме-сұхбаттардан басқа ұжымдағы пайда болған қиыншылықтарға байланысты жоспардан тыс, ауық-ауық әңгіме-сұхбаттар да жүргізіледі. Әңгіме-сұхбаттың ерекше бір түрі әңгіме-экспромт, ол аяқ асты пайда болған жағдайларға байланысты жүргізіледі. Жеке дара этикалық әңгіме-сұхбаттар (көбінесе тәрбиесі төмен оқушымен) жоғары білімділікті талап етеді. Жолдастарының алдында мұндай әңгіме-сұхбат өте қықа болуы қажет, оқушының абыройы тапталмау керек. Мұндай әңгіме-сұхбатты сырласу ретінде жүргізу нәтижелі болады. Егер оқушы өз кінәсін түсінсе, әңгіме-сұхбаттың қажеті де жоқ. А.С. Макаренко мұндай амалды кейінге қалдырылған әңгіме-сұхбат деп атаған.
Пікірсайыс-сананы. сенімді, мақсат-мұраттарды, құндылық бағыттарды қалыптастырудың күрделі әдісі. Пікірсайыс дегеніміз оқушыларды толғандырып жүрген тақырыптар бойынша әр түрлі пікірлерді қалыптастыратын пікірталас. Пікірсайыс орта және жоғарғы сыныптарда адамгершілік, саяси, экономикалық, экологиялық, эстетикалық тақырыптарда жүргізіледі.
Пікірсайыстың тақырыбы тыңдалып алынғаннан кейін, өзіндік пайымдауды қажет ететін 5-6 сұрақ белгіленеді. Пікірсайысқа қатысушыларды осы сұрақтармен тыныстырып (сыныпта немесе мектеп қабырғасына іліп қойып), әдебиеттер ұсынылады. Пікірсайыстағы баяндама еркін әрі қызу болуы кажет. Пікірсайыс жүргізушісі қызметін, әдетте мұғалім атқарады, бірақ ерекше дайындығы бар оқушылар да жүргізуші бола алады.
Пікірсайыс кезінде мұғалім оқушылардың айтысын бағыттап, олардың ойларын тәртіпке келтіріп, дәлелге сүйенуге үйретеді. Мұғалім оқушылардың пікірін зер салып тыңдауы керек. Пікірсайысты жекелеп өткізгеннен гөрі, оқушылармен бірігіп оқу жылы бойы өткізілетін айтыстар тізімін жасап алған дұрыс.
Соңғы жылдары мектептерде айтыстың, ізденістің, мәселелерге жауап берудің пікірталас сияқты формасы кеңінен қолданынуды. Пікірсайыс ерекшелігі пікірталастарға оқушылар топтары қатысады. Олар алдын-ала баяндамалар дайындайды, онда өмірлік маңызы бар мәселені шешудің ең тиімді деген жобасы оқушыньщ тілегі бойынша жазылады. Пікірталастардың жүргізушісі және командаларды бағалайтын қазылар алқасы сайланады. Пікірталастардың бір түрі «Болашақтың қаласы» телекөрермендерге кеңінен танымал. Мұндай пікірталас ойын ретінде жүргізіледі (үкімет, спикер).-
Үлгіге негізделген әдіс. Үлгі балалардың, жасөспірімдердің, жастардың қандай да бір үлгілерге еліктеуіне негізделген. Бұл -санасыз еліктеуден саналы еліктеуге, бейнені көшіруден өзіндік бағытын қалыптастыруға, ойын ретінде еліктеуден өмірде шынайы еліктеуге, сырттай еліктеуден іштей еліктеуге үмтылу. Тәрбие процесінде қолданылатын үлгілер өте көп (ата-ана, үлкендер, жолдастары, әдеби шығармалардың, кино мен спектакльдердің қаһармандары). Беделді, білімді, оқушылармен қарым-қатынасы демократиялық негізде құралған мұғалім де оқушыларға үлгі бола алады. Үлгі тәрбиенің барлық әдістерінде (түсініктеме, әңгіме-сұхбат, пікірсайыс) қолданылады.
коп-коп рахмет маган кереги ос еди
жаксы жазгасыз