Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер
Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер
Ұлттық экономика нәтижелерін жалпылайтын агрегаттар БҰҰ кеңесімен пайдаланылатын болды. Негізгісі ұлттық байлық, ол тарих бойы жинақталған құндылықтар жинағы.
Шаруашылық қызметтің жалпылама көрсеткіші қоғамдық өнім. Оны жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ), ұлттық кіріс (ҰК), таза ұлттық өнім (ТҰӨ), жиынтық ішкі өнім (ЖІӨ) өлшемдерімен бейнелейді.
ЖҰӨ- бір жыл ішінде елде өндірілген товарлар мен қызметтердің рыноктық құнының сомасы.
ҰК жыл көлемінде қайта қалыптасқан өндіріс нәтижесі. Оны есептеу үшін ЖҰӨ мен жыл көлемінде жұмсалған материалдық шығындар айырмасын есептеу керек (амортизация, шикізат, материалдар, т.б.).
ТҰӨ- ұлттық кіріске жанама салықтарды қосқанда шығады. Немесе ТҰӨ есептеу үшін ЖҰӨ нен амортизацияны (капиталды тұтыну шығындары) шегереміз.
ЖІӨ- тек ел территориясында өндірілген, тек өз өндіріс факторларын пайдаланған товарлар мен қызметтерді біріктіреді.
Жеке табыс (ЖТ немесе өзіндік түсім (ӨТ)) салық төлегенге дейінгі табыс.
Қолда қалған табыс (ҚҚТ) салық төлегенннен кейінгі табыс.
Таза экономикалық тұрмыс (ТЭТ (ЧЭБ)) өмір сүру сапасын ескеретін қоғамның экономикалық тұрмыс -жағдайын өлшейтін көрсеткіш.
ЖҰӨ өлшеудің үш әдісі бар: қосылған құн арқылы, өндірістік немесе шығындар бойынша, кірістер бойынша. Бірінші тәсіл бойынша, бір жыл ішіндегі қосылған құндар сомаланады. Екінші тәсіл жыл көлемінде жұмсалған барлық шығындар сомасы да ЖҰӨ береді дейді. Үшінші әдіс бойынша жыл көлеміндегі барлық кірістер сомаланады.
ЖҰӨ нің номиналды, реалды, потенциалды түрлерін ажыратып қарауға болады. Номиналды ЖҰӨ ағымдық бағамен есептелген ЖҰӨ.
Реалды ЖҰӨ баға индексіне (дефлятор) түзетілген номиналды ЖҰӨ. Баға индесі ағымдағы жылғы товарлар мен қызметтер бағаларының базалық жылдағы сондай бағаларға қатынасы.
Потенциалды ЖҰӨ толық жұмыспен қамтамасыздық жағдайына сәйкес келетін ЖҰӨ.