Негізгі және көмекше сөздер
Негізгі және көмекше сөздер
Сөйлемде қолданылған сөздердің мағыналары бірдей, біркелкі бола бермейді. Сөздердің көпшілігі белгілі бір ұғымның атауы болады да жеке тұрғанда да лексикалық мағына білдіреді. Ал кейбір сөздер жеке тұрғанда ешбір мағына білдіре алмайды, сөйлемде екінші бір сөздердің жетегінде қолданылып, сол сөздің мағынасын толықтырып, күшейтіп тұрады немесе сөздерді бір-бірімен байланыстыру қызметін атқарады. Мысалы: Мен жазбаймын өлеңді ермек ушін (Абай). Бұл сөйлемдегі 5 сөздің төртеуі жеке тұрып та белгілі бір мағына білдіреді.
Мен — айтушы адам, жазбаймын — қағаз бетіне сөз түсіру (түсірмеу), өлеңді — әнмен немесе белгілі бір ұйқаспен айтылатын сөз, ермек — уақыт өткізу үшін жасалатын әрекет. Ал ушін дегеннің бұндай мағынасы жоқ. Бұл сөйлемде үшін деген сөз ермек деген сөздің жетегінде тұрып, сол сөзге мақсаттық мән үстейді де, ермек сөзін жазбаймын дегенмен байланыстырады. Міне, осындай сөйлемде белгілі бір мағына білдіретін, белгілі бір ұғымның атауы болып табылатын сөздерді негізгі сөздер деп атайды да, ондай мағына білдіре алмайтын, тек басқа сөздердің жетегінде жұмсалатын сөздерді көмекші сөздер дейді. Негізгі сөздер өз бетімен белгілі бір мағынаны білдіретіндіктен, сұраққа жауап бере алады, сондықтан сөйлем ішінде белгілі бір сөйлем мүшесі бола алады. Ал көмекші сөздер жеке тұрып мағына білдіре алмайтындықтан, сұраққа жауап та бере алмайды, демек, өз бетімен жеке сөйлем мүшесі де бола алмайды. Әдетте көмекші сөздер өзі жетегінде жұмсалатын сөзбен қабаттасып қолданылады, сол сөзге қосымша мән үстейді немесе ол сөзді баска сөзбен байланыстырып тұрады. Жоғарыдағы сейлемді талдасақ былай болар еді.
Кім жазбаймын?— м е н — бастауыш. Мен не істеймін?— жазбаймын — баяндауы- ш. Нені жазбаймын?— өлеңді — толықтауыш. Не үшін (мақсатпен) жазбаймын?— ермек үшін — пысықтауыш.
Үшін деген сөзге жеке сұрақ қоюга болмайды, өз бетімен сөйлем мүшесі де бола алмайды, ермек пен жазбаймын сөздерін байланыстырып, мақсаттық мән үстеп тұр.