Мінездің дамуы мен қалыптасуы
Мінездің дамуы мен қалыптасуы Шетел психологтарының көптеген өкілдері мінез туа бітіп, оның дамып қалыптасуы нәсілдік заңдылыққа тәуелді болады дейді.
Психолог Маслсу А.: “Адамның тағдыры оның ата тегімен болады, ешкім өзінің жаратылыс үкімін өзгерте алмайды” — дейді. Неміс психологтары Энке және Гонштальд бір жұмыртқадан пайда болған, адам туғаннан кейінгі дамуы мен кісілік қасиеттерінің қалыптасуын бақылап, мынадай қорытынды жасаған:
“Нәсілдік пен өмірден алатын ерекшеліктері 2/1 “пропорциясында болады” — деген. Яғни адамның кісілік қасиеттерінде нәсілдік жағы екі есе артық деген сөз. Дегенмен бұл психологтардың тұжырымы шындыққа жаққындау деуге болады.
Швейцар психологі Бобен: “Нәсілдік баланың кешегі ортасы, ал қазіргі кезең -нәсілдің ертеңгі күні” — дейді. Тіпті баланың бір жылға жақын шешесінің құрсағында болып сыртқы ортаның ықпалын алатыны айғақ.
Совет психологтары мінездің дамуыу өмір жағдайларымен, тәрбиемен байланыстырады, жеке адамның ортамен қарым-қатынасында екі шешуші фактор болады. Бірі өмір жағдайларының адамға жасаған әсерлерінің ерекшелігі, екіншісі адамның өз басының белсенділігі. Кейде адамды қоршаған орта оның дамып, өніп- өсуіне қалайсыз, тіпті тосқауыл болуы да мүмкін. Бірақта осындай ортадан адамның жеке басының белсенділігінің арқасында қиыншылықтармен тайсалмай қажырлы куресіп, жеңіске жету нәтижесінде тамаша кісілік қасиеттері бар азамат қалыптасады. Осыған орай көптеген ғұлама ақын иелерін атап өтуге болады.
М.В. Ломоносов. М. Горький, Н. Островский, С. Мұқанов, Чарли Чаплин- осылардың бәрі өмірдің қатыгез қиыншыльщтарын басынан өткізіп, бірақта оған мойымай, кажырлы, табанды күресіп, жеңіп, барысынша шынығып, жаппай жұртқа үлгі болатын кеменгерлік тұлғаға айналды. Дегенмен әлеуметтік ортаның адамның мінезінің дамуы мен қалыптасуына жасайтын ықпалын жоққа шығаруға болмайды. Ол туралы пікір өмір мектебінен де, жазылған кітаптардан да көптеген мысалдар келтіруге болады. Мәселен Абайдың “Болыс болдым мінекей…” өлеңіндегі сол уақыттағы байлардың мансапқорлығы, ата-құмарлығы, озбырлығы, менмендігі тағы басқа жағымсыз мінез құлықтары жиі экерленеді. Әрине, байлардың бәрі осындай деген түсінік емес. Бірақ сол мастанып, бар білгені болыстықты арман еткендері болғаны шындық.
Мінездің дамып, қалыптасуы баланың өмірге келіп туысымен басталады деген пікірді көптеген ғалымдар растайды. Осыған орай А.С. Макаренко өзінің “Балаларды тәрбиелеу атты лекциялар” атты еңбегінде халық ауызындағы тәрбиелік маңызы бар мынадай әңгімені келтіреді. Бір жас әке парасатты, көпті көрген кемеңгер адамға сұрақ қойыпты: “Өмірге келген менің балам бар. Қай жастан оны тәрбилей бастаған дұрыс?” Сонда кеменгер жас әкеден сүрапты: “Балаң неше жаста?” Ол: “Туғанына алты ай болды” — депті. Кемеңгер түрып; “Ендеше тәрбие беруден алты ай кеш қадың. Күнделікті өмірде осы сөздердің шындығына көзіміз
жетіп жүр. Кейбір ата-аналар бала екі үш жасқа келгеннің өзінде ол сәби ғой, түсінігі жоқ, өсе келе ақылы кіріп, адам болып кетеді ғой деген философияны бетке ұстайды. Сөйтіп баланың ойына келгенін жасатып, оның кейбір қылықтарын қызықтап, соған байланысты есерлік мінез-құлыққа итерлегенін аңдамаи қалады. Өсе келе мұндай баланың мінезінде дөрекілік, өзімшілдік, қатыгездік басым келеді. Мектепте тәрбиелеудің орнына осындай балаларды қайта тәрбиелеуге мәжбүр етеді. Сөйтіп оқу-тәрбие жұмысында көптеген қиындықтар пайда болады, өйткені адамның әдеті оның екінші табиғаты, ол табиғаттағы кемшіліктерді жоқ қылу қолдан келе бермейді.
От басы тәрбиесінің басты факторы ондағы ата-анасының мінез құлқындағы жасайтын үлгісі халық: “Ұяда не көрсе ұшқанда соны жасар”- деп тегін айтпаған. Орыс халқының ұлы педагогі
Қ. Д. Ушинский: “Мінез мінезбен тәрбилейді” — деген болатын, ал біздің атақты совет педагог А. С. Макаренко: “Ата-аналардың балалар алдындағы беделінің басты негізі олардың өмірі мен жұмыстағы қызметі, адамгершілік қасиеттері, олардын мінез-құлқы” — дейді. Осыған орай отбасы тәрбиесіндегі қателіктердің көбісін ол ата-аналардың балалар алдындағы беделінің көріністерімен байланастырды. Ол көріністерді А.С. Макаренко “ақылтойысу”, “жазалау”, “даңдайсу”, “жақсы көріну”, “алдап қызықтыру” т.б. беделдердің түріне жатқызып, өте орынды терең мағына беріп өтті.
Осы жалған беделдердің әрқайсысы балалар мінезінің жағымсыз көріністерінің пайда болуына себепкер болады. Мәселен ақылгойшы ата-аналар балаларының кемшілік жағын көруге дағдыланып, қия басқан сайын ақыл айтып, сөйлеп оларды мезі қылады. Осының салдарынан балалар үлкен кісінің сөзін жүре тыңдап, құлақ аспай, тіпті керісінше қылық көрсетуге бой ұрады. Сөйтіп кісіге деген сенімсіздік, қырсықтық, дөрекілік мінез бітістері көрініс бере бастайды.
Баланың ынжық, жасқаншақ, жалтақ болуы ата ананың “жазалау” беделімен байланысты. Ал менсінбеушілік, күндестік, безбүйректік, өркөкіректің беделі бала мінезінде ата-ананың “даудасқанынан” пайда болады. “Жақсы көріну”, алдап қызықтыру” беделдерін басшылыққа алған ата аналар балаларын “мен саған, сен маған” моралін өмірде жетекші принцип жасауға итермелейді. Ал бұл принципке жүгінген адам дүниеқор, алдамыш, қатыгез, пайдақор келеді. Оның басқа қасиеттерінің қандай екенін айтуға болады. Мәселен бір адамның жарқындығы мен ашықтығын байқасақ оның басқаларға деген жақындығын, ақкөңілдігін, ылтипаты бар деп есептейміз. Мінез бітістерінің төрт жүйесін айырамыз:
1. Ұжымға жеке адамдарға қарым-қатынасы бар бітістер (ақкөңілдік, ізеттілік, сыпайлық, талапқоюшылық және т.б.)
2. Еңбекке қарым-қатынасы бар бітістер (еңбексүйгішілік, жалқаулық, жауапкершілік)
3. Өзіне қарым-қатынасы бар бітістер (атаққұмарлық, өзімшілдік жөне т.б.)
4. Заттарға қарым-қатынасы бар бітістер (үнемшілдік, тазалық, ұқыптылықкөрсе қызарлық, т.б.) Мінез бітістерінің ішінде өзекшілері болады. Олар әлеуметтік тұрмыстың әсерімен қалыптасады. Мәселен
“ұжымдық мінез ұжым арқылы және ұжым үшін” тәрбиелеудің нәтижесі іспеттес. Сондай-ақ белгілі тарихи дәуір тұғызған типтік мінез болады. Ондай мінез осы типке жататын жеке адамның басын сипаттайды. Мәселен, белгілі бір ұлтты адамдары сол ұлттың ғасырлар бойы қалыптасқан өмір сүру жағдайлары мен ұлттың, тұрмыстың өзіндік ерекшеліктерін нәр алады, ұлттық тіл мен мәдениет ықпалымен дамиды, қазақ азаматының жеке басындағы ұлттық ерекшеліктеріне оның кеңпейілдігі, қонақ-жайлығы, ағайыншылдығы т.б. бітістері жатады, бұлқынысына әлде бір қалыпты болуына қатысты келеді. Сондай ақ темперамент шыдамдылық және төзімділікті талап ететін қабілеттен байқалады. Бірақ мінез де темпераментке әсерін тигізіп, тіпті оны бүркемелеу мүмкін қалыптасқан әдеттен дағды, мінез бітістері темпераментке ықпалын тигізіп мшез-құлықты өзгертеді. Осыны ескерш И.П.Павлов керенау Флегматиктерден белсенді флегматиктерді ажыратқан. Содай-ақ сангвиниктердің бірі істе белсенділік көрсетсе, екіншілері әбігер, бас сөзді, той-дағазаға құмар келеді. Сөйтіп мінез бен темперамент өзара қатынасын біріне-бірі әсерін тигізіп, өзгерістер жасап отырады. Бірақ темперамент мінезге қарағанда өзгерістерге өте аз беріледі, өйткені нерв типтерінің қызметтерінің көпшілік ерекшеліктері туа бітеді. Соған қарамастан өмірдің талқысы темпераментке де ізін қалдырмай қоймайды.
Очень удобно