Кәсіби сөздер
Кәсіби сөздер
Әр түрлі шаруашылыкқа, кәсіпке байланысты сөздер болады. Мысалы: балық аулау кәсібінс байланысты: таутан, асман, қызылқанат, табан, бекіре, шортан (балық атаулары), аламан, тоспай, итерқұл, морда (ау, түрі) т. б.; егін бау-бакша шаруашылығына байланысты; әнер, атыз, жан арық, қол арық, оман арық, ата жап, жер суы, желке суы, орақ суы, құлақ суы (арық түрлері), кешір, пісте, шекілдеуік, бәдірен, қауыншек, әнгелек, күнбағыс т. б. сөздер бар.
Мұндай белгілі бір мамандық пен кәсіп түріне байланысты ғана қолданылатын сөздерді кәсіби (профессионалдық) сөздер деп атайды.