Жеке тұлғаның өзіндік ерекшеліктері және онын педагогикалық процесте ескерілуі
Жеке тұлғаның өзіндік ерекшеліктері және онын педагогикалық процесте ескерілуі. Әрбір оқушының танымдық іс-әрекетінін, әсерленушілігінің, ерік-жігерінің, мінезінің, жүріс-тұрысының тек өзіне ғана тән сапалық ерекшеліктері болады.
Демек, жеке ерекшелік — бұл, адамның өз басындағы қасиеттерінің бір-бірімен сәйкестікпен түйісуі, оның басқа адамдардан өзгешелігі осы қасиеттері арқылы көрініс табады. Әркім өзінің жеке даму жолын бастан кешіреді, ал ол оның бойына табиғат берген қасиеттерге және тіршілігінің жағдайына байланысты болады. Мектеп оқушыларын олардын қабілеттеріне қарай топтарға біріктіруге болады, яғни, типология жүргізуге болады. /модель немесе типтердің көмегімен объектілерді біріктіру/.
Балалар типологиясында екі ерекше бағытты атауға болады:
— қыз балалар мен ер балалардың даму ерекшеліктері,
— дарынды балалар мен педагогикалық жағынан қараусыз қалған балалар.
Дарындылық — адамның интеллектуалдык мүмкіндігімен байланысты болатын қабілеттіліктердің бірлігі, оның іс-қимылыньщ деңгейі мен өзіндік ерекшелігі. Қабілеттілік — бұл бірдей күш пен бірдей уақыт аралығында, бір адамның басқа адамдарға қарағанда жоғары көрсеткіштерге ие болуын қамтамасыз ететін мүмкіншілік.
Психологиялық жағынан караусыз қалған деген сөз ортаның келенсіз ықпалынан және педагогикалық процестің жеткіліксіздігінен рухани көзқарасының дұрыс қалыптаспағандығы, сезімнің дәрменсіздігі, қоғамдық мінез-құлық дағдысының жоқтығы айқын әрі үнемі байқалып тұруын айтады. Мұндай балаларды девианттар деп атайды.
Мектеп оқушысьшың жеке ерекшелігі дегеніміз — оның жас мөлшеріне, жыныстық және рухани дамуына, жан-жақты тұтас жетілген жеке тұлғалық қасиетінің қалыптасуына органикалық жағынан байланысты өзіне тән ерекшелігі. Осыған орай олармен жеке жұмыс жүргізу педагогикалық процестің маңызды бөлігі болып табылады. Жеке жұмыс — бұл педагогикалық жұмыстағы бос сөзділікті жеңу және оның алдын ала іс-әрекет ұйымдастыру.
Жеке ерекшеліктерді есепке алу — бұл әрбір жеке тұлғаның қызығушы-лығын, бейімділігін, сапасын, қасиетін, талабын және мүмкіншілігін ескере отырып, өскелең ұрпақтың әлеуметтік қалыптасу процесінде сәтсіздіктер мен қателіктерді барынша кеміте отырып тәрбиелеуде педагогиқалық құралдардың, әдістемелердің және түрлердің барлығын пайдалану. Мектеп окушыларының жеке ерекшеліктерін есепке алуда нерв жүйесінің қызметі, адамның темпераменті көп жағдайда ескеріле бермейді. Темперамент — бұл адамның психикалық қызметі мен мінез-құлқының қуатын анықтайтын жеке ерекшелігі. /Сангвинник — еті тірі; флегматик -жәй, салмақты; холерик — қызба, шапшаң; меланхолик — ойлы, терең толғанысты/.
Жеке ерекшеліктерді есепке алу маңызды жағдай. Мұғалім бұл мәселеде шектен шығып кетпеуі керек, яғни, баланың мүмкіншілігін артық бағалау да, ескермеуі де баланың жеке дамуына зиянын тигізеді.
Міне, осылайша тәрбие беруде де, оқытуда да әр балаға жеке қарым-қатынас жасау маңызды, себебі әр балада оның рухани қажеттілігінің, өзіндік қызығушылығының көрінісі ретіндегі жеке ерекшелігі айқын көрініс береді, ал ол әр адамның жан-жақты дамуы үшін қоғамның талабы негізінде туындайды. Жеке қарым-катынас әр баланың бейімділіктері мен қабілеттерінің ашыла түсуіне жақсы жағдай жасау үшін аса маңызды, сондай-ақ ол оқу бағдарламасының талаптарын орындаудағы қиыншьшықтарды жеңуде де зор рөл атқарады.