Етіс
Етістік
Қимылдын іс-әрекеттің орындаушыға (қимыл иесімен тура істелетін іске) қатысын білдіріп, белгілі қосымшалар арқылы жасалатын етістіктің түрі етіс деп аталады.
Мысалы: ол жуынды, ол баласына кітап оқытты, әңгіме айтылды, олар бір-бірімен хат жазысты деген сөйлемдерде жуу қимылы іс иесінің (орындаушының) өзіне қарай бағытталғанын, оқу іс-әрекеті оның тікелей қимыл иесі (ол) арқылы емес, екінші бір иесі (баласы) арқылы орындалғанын, айту іс-әрекеті қимыл иесінің өздігінен орындалғандай болуын, жазу іс-әрекеті қимыл иесінің біреу емес, бірнешеу (олар) екенін білдіріп тұр да, ол мағыналар түбірге -ын, -т, -ыл, -ыс жұрнақтары жалғану арқылы берілген. Соған орай етістер төрт түрге бөлінеді: Өздік етіс, өзгелік етіс, ырықсыз етіс және ортақ етіс.
Болымсыз етістік жұрнағы етіс жұрнағынан кейін жалғанады: айт-қыз-ба, ки-ін-бе, сөйле-с-пе т. б.
1. Өздік етіс
2. Өзгелік етіс
3. Ырықсыз етіст
4. Ортақ етіс