Геологиялық ортаның антропогендік өзгерсітері
Геологиялық ортаның антропогендік өзгерсітері. Миллиондаған жылдар бойы геологиялық орта эндогендік және экзогендік әрекеттерге байланысты
және Жердің сыртқы қабаттарынын, өзара қарым-қатынастары нәтижесінде қалыптасып, тепе-теңдік жағдайда болып келді. Қейінірек қоғам өмірінің даму барысында, әсіресе қазіргі замандағы ғылыми-техникалық револю-ция жардайында, адамдардың геологиялық ортаға тигізетін әсері күшейе түсті. Сонын, салдарынан қоршаған ортаның табиғи жағдайдағы тепе-тендігі бұзылып, әр түрлі өзгерістер байқалады. Қейде мұндай әрекеттер ғаламдық көлемдегі ірі өзгерістер туғызады. Антропогендік әрекепер (инженерлік құрылыс, ауылшаруашылық, гидро-техникалық, таукен өндірісі және т. б.) әдетте жер қыртысының белгілі бір аймақтарын қамтып (техногендік әрекеттердің қарқындылығына қарай) өзіндік із қалдырады. Мұндай аймақтар техносфера немесе ноосфера (грекше “ноос” — ақыл, ес, парасат) деп аталады (Вернадский, 1944). Қазіргі кезде В. И. Вернадский негізін қалаған биосфералық ілім адамдардьщ саналы іс-әрекеттерін бүкіл планеталық сферада түгел қамтитын ілім негізі (ноосфера) болып қалыптасып келеді.
Адамдардың геологиялық ортаға тигізетін техногендік әсері минарагениялық, геохимиялық, геофизикалық, геодинамикалық, геоморфологиялық, гидрогеологиялық және инженерлік-геологиялық болып ажыратылады.
Минарагениялық және геохимиялық өзгерістер антропогендік әрекеттерге (таукен өндірісі, құрылыс ісі және гидротехникалық және т. б.) байланысты жер қыртысын құрайтын заттардың орын ауыстырып, қайтадан көшіп-қонуымен сипатталады. Мұндай әрекеттердің нәтижесінде минералдық ресурстар қоры азайып, кен өндіру ісінің технологиялық жағдайы өзгереді (минарагениялық өзгерістер), сонымен бірге геологиялық ортаның химиялық тепе-теңдігі бұзылып, литосфера-атмосфера-гидросфера араларындағы экологиялық қарым-қатынас өзгереді (геохимиялықөзгерістер).
Геофизикалық өзгерістер жер қыртысының жоғары бөліктерінде геофизикалық жасанды өрістер (сейсмикалық және дыбыс толқындары, электромагниттік токтар және т. б.) түрінде байқалады. Олар литосфераны құрайтын заттарға әсерін тигізіп, металдардың коррозиясын күшейтеді.
Геотермиялық өзгерістер жер бетінің және су қоймаларының жылулық режимдерінің өзгерістерімен анықталады. Әсіресе, олар көп жылдык, тоңды аудандарда жақсы байқалады.
Геодинамикалық өзгерістер таукен өндірісімен байланысты кен орындарын игеру барысында (орасан көп тау жыныстаръш қопарып) пайдалы қазбаларды жер қойнауынан жоғары көтеру кезінде байқалады. Сол секілді, мұнай мен газ кен орындарын және жер асты суларын игеру кезінде де (геодинамикалық өзгерістер байқалып) геостатикалық өрістің бұзылысын байқауға болады.
Техногендік әрекеттердің геоморфологиялық көрінісі
техногендік бедер пішіндері түрінде байқалады. Мұндай әрекет-тердің нәтижесінде аккумуляциялық және денудациялық процестердің арасындағы тепе-теңдік бұзылып, жер бетінің алғашқы бедері өзгереді (жаңа бедер пішіндері қалыптасады).
Гидрогеологиялық өзгерістер сулы горизонтқа (қабаттарға) тікелей немесе жанамалай әсер еткенде ғана байқалады. Соның нәтижесінде жер асты суларының қоры, деңгейі, режимі және сапасы түгелдей өзгереді.
Инженерлік-геологиялық өзгерістер (опырылып құлау, сусып жылжу және суффозия және т. б.) экзогендік процестердің күшеюімен байланысты жиі байқалады. Техногендік әрекеттердің нәтижесінде геологиялық объектілер азды-көпті өзгерістерге ұшырап, кейде жаңа текті объектілер (техногендік) пайда болады. Экзогендік техногенез сыртқы геодинамикалық процестердің дамуына көп әсерін тигізеді. Әсіресе, үгілу процесін, жер асты, жер беті суларының, теңіздің, көлдер мен батпақтың, желдің денудация-лык, және аккумуляциялық әрекеттерін күшейтіп, диагенездік процестердін, дамуымен сипатталады.
Сонымен бірге, техногендік әрекеттер жер қыртысында жиі байқалатын эндогендік геодинамиканың кейбір түрлеріне (тербелісті және дислокациялық қозғалыстар, жер сілкіну, магматизм, метаморфизм, физикалық өрістердің өзгеруі) ұқсас жағдай туғызып, олардың дамуына қосымша әсерін тигізеді.