Банктік қызмет: экономикалық және заңи аспектісі
Банктік қызмет: экономикалық және заңи аспектісі
Бүгінде мемлекетімізде жүргізіліп жатқан жан-жақты реформалар банктік қызмет аясына да айтарлықтай ықпалын тигізуде.Осы орайда банктік қызметтің мақсатына бағыт-бағдарларының жаңаша рыноктық сипат алуы еліміздегі әлеуметті –экономикалық және саяси жүйедегі процесстер мен айқындалуда.
Қазіргі ауқытта банктік қызмет қоғам мүддесі мен мемлекет қажеттілігіне байланысты күрделі мәселелерді шешуге септігін тигізетін , қаржы жүйесін және қаржылық рынокты нарықтық жағдайларға сай келтіруге, кредиттік жүйені және инвестициялық белсенділікті дамытуға , әлеуметтік –экономикалық тұрақтылықты тиісінше қамтамасыз етуге ат салысатын, тиісті заңнамалық және заңға тәуелді нормативтік құқықтық актлерге сәйкес жүзеге асырылатын экономикалық сипатты мемлекеттік қызмет, сондай-ақ жекеше, корпоративтік экономикалық-қаржылық мүдделерді қамтамасыз етуге бағытталған,лицензияланатын банктік операциялар мен мәмілелер ретінде көрініс тауып отыр.
Бүгінде қоғаммен мемлекеттің экономикалық-қаржылық мүдделері қамтамасыз етуді көздей отырып Қазақстан Ұлттық Банкі , Қазақстанның Даму Банкі, Қазақстан Республикасының тұрғын –үй құрылысы жинақ банкі жұмыс істейді.
Коммерциялық банктер қолма-қол ақшасыз айналымды және қолма-қол ақша айналысын ұйымдастыру; кредиттеуге қажетті қаражаттарды тарту-жұмылдыру; негізгі құралдарға байланысты күрделі салымдарды қаржыландыру; тұрғылықты халықтың ақша қаражаттарын жинақтауды ұйымдастыру; бағалы қағаздар , вексельдер және чектер шығару ,уәкілетті банктер ретінде түрлі валюталық операциялар жүргізу сияқты және т.б. қызметтерін тиісті заңнамалық актілер,заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер мен лицензиялар негізінде жүзеге асырады.
Банктер өз қызметтері (операциялары )барысында барынша пайда табуға ат салысады.Банктік қызметтің затына ақшалар валюталық құндылықтар және өзге де қаржылықты инструменттер жатады.
Банктік операциялар мен мәмілелерді тиісті заңнамалық актілер негізінде және осы заңнамаларға сәйкес берілген лицензияға сай жүргізетін коммерциялық ұйым заң жүзінде өкілеттігі белгіленген заңды тұлға –банк түрлері банктік құқықтық қатынастардың тұрақты субъектісі болып табылады.
Банктік қызмет (операциялар) Қазақстан Ұлттық Банкі ,Қазақстан Республикасының Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі Агенттігі құзыретінің ауқымында және коммерциялық банктердің өкілеттігі шегінде жүзеге асырылады.
Сонымен банктік қызмет ел экономикасының банктік секторындағы барлық банктердің қоғамдық –мемлекеттік маңызы басым және жекеше –коорпоративтік экономикалық-қаржылық мүдделер мен қажеттіліктерді қамтамасыз етуге бағытталған ,банк жүйесін , мемлекеттік жйне мемлекеттік емес банктердің кадрлық ресурстарын қалыптастыруға және оларды басқаруға бағдарланған , тиісті заңнамалық актіде көзделген операциялар мен мәмілелерді заңдық немесе лицензиялық негізде жүйелі әр тұрақты жүзеге асыруға байланысты кредиттік – қаржылық мазмұнды экономикалық қызметтері болып табылады.