Аудит
Аудит (лат. audіt) – кәсіпорындардың, фирмалардың, ұйымдардың, мекемелердің, бірлестіктер мен акционерлік қоғамдардың қаржылық-шаруашылық қызметтеріне білікті талдау жасау. Аудит (Audit) — 1) жүйенің басқару элементтерін тексеру;
2) қорғанышқа қатысы бар маңызды оқиғаларды табу және тіркеу мүмкіндігі. Операциялық жүйенің қорғаныш жүйесі осы қимылды орындаған процесті тіркеу үшін қорғаныштың ұқсастырғышын қолданады.
Экономикалық субъектілердің бухгалтерлік(қаржылық) есебін, төлеу-есептесу құжаттамаларын, салық декларациялары мен басқа да қаржылық міндеттемелерін, сонымен қатар қаржылық есепті жасау бойынша, бухгалтерлік есепті жүргізу және есепке қою бойынша ұсыныстарды жасайтын; активтермен пассивтерге бағалау жасап, сондай-ақ қаржылық, салықтық, банкілік және басқада шаруашылық заңнамалар негізінде тәуелсіз түрде ведомстводан тыс шарттық негізде жүзеге асыру бойынша жұмыс істейтін аудиторлардың (аудиторлық ұйымдардың) кәсіпкерлік қызмет түрі. Бұдан басқа, аудитор кәсіпорынға олардың салық органдары мен төрелік соттарда мүдделерін қорғау бойынша көмек көрсетуі мүмкін.
Аудитор
Аудиторлық, ұйымның қызметкері. Біліктілік комиссиясы аттестаттаған, «аудитор» біліктілігін беру туралы біліктілік куәлігін алған жеке тұлға. Аудитор бір аудиторлық ұйымға ғана қатысушы бола алады.
Аудиторлық ұйым
Шарттық негізде кәсіпорындармен жылдық бухгалтерлік есепті қуаттау мен тексеруді жүзеге асыратын тәуелсіз бақылаушы-ревизиялық ұйым. Тексеру барысында аудиторлық фирма: бухгалтерлік есептің жағдайын және оның ұсынылатын талаптарға сәйкес болуын, қаржылық-шаруашылық мәселелер бойынша қолданыстағы заңнамаларды, құрылтайшылық және басқа құжаттардың ережелерін, бухгалтерлік есеп мәліметтерінің нақты жағдайға сәйкес келуін сақтауға бақылау жасап, төлеу-есептесу құжаттамаларын, салық декларациялары мен басқа да қаржылық міндеттемелерді тексеруді жүзеге асырады.
Пайдаланған әдебиет
↑ Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі:Информатика және компьютерлік техника/ Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдаламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5
↑ Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. — Алматы: Жеті жарғы, 2008. ISBN 9965-11-274-6