Атмосфералық ауа арқылы денені шынықтыру
Атмосфералық ауа арқылы денені шынықтыру
Атмосфералық ауамен адамзат баласы бірге өсіп, біте қайнасып келе жатқан ежелгі тіршілік тірегі. Оттек — бүкіл тіршілік дүниесі. Ең бірінші қажетті заттарының бірі. Онсыз өмір жоқ. Өкпе бір минуттың ішінде 12-13 литрдей, ал тәулігіне 7280 литрдей оттек жұтады да, көмір қышқыл газын бөліп шығарады. Сөйтіп, олар ауаны бұзады, ал жасыл, өсімдік күн сәулесінің әсерімен (энергиясымен көмір қышқыл газын сіңіреді де, оттекті атмосфералық ауаға бөліп шығарады. Қай жерде жасыл өсімдіктер көп өссе, сол жердің ауасы өте таза келеді. Әсіресе орман-тоғай іші. Адам ағзасына әсер ететін негізгі фактор атмосфералық ауаның температурасы.