Аксо-аксондық жанасым
Аксо-аксондық жанасым (synapsis axo-axonica; гр. synapsis — жанасым, байланыс, жалғану; гр. axon — білік, ось) — жұлын мен ми сұр заты және жүйке ганглиондары нейроциттерінің (жүйке клеткалары) аксондары ұштарының басқа нейроциттер аксондары ұштарымен жанасып жалғасуы. Жанасымдар арқылы жүйке толқындарын (импульс) тудыратын белсенді химиялық заттар — медиаторлар бір нейроциттен екінші нейроцитке өтеді. Жанасымдардың басқадай түрлерімен салыстырғанда аксо-аксондық жанасым екінші нейроцитте жүйке импульсін қоздырмайды, керісінше, басқа нейроциттерден келген жүйке толқындарын тежеуге қатысады.