Азия даму банкі
Азия даму банкі (АзДБ) 1965 жылы құрылған. Оның мүшелері болып Азиядағы дамушы елдермен қатар, Жапо-ния, Австралия елдері де кіреді.
1980 ж. азияның 29 елі банктің аймақтық мүшелері ретін-де банк мүшелерінің жиналысында 66,6 % дауыс алса, оның ішіңде Жапония үлесі — 26,2% дауыс, Австралия -11,1% дауысқа ие болды. Кешірек АзДБ мүшесі болып, тағы 14 тәуелсіз дамыған ел қосылды. Олардың дауыс үлесі 33,4% құрайды. Бұған Жапония мен Австралияны қосқанда басқарушылар кеңесінің жиналысында алған үлесі 70%-дан астамын құрады. АзДБ-нің жарғысы бойынша банк, тек мүше болған елдерге қаржы бөледі. Штаб-пәтері Филип-пиннің астанасы — Манила қаласында.
АзДБ өз операцияларын ЕКДБ сияқты жүзеге асырады. 1980 жылы банктің негізгі капиталы 9,5 млрд. доллар бол-ды, оның 8,9 млрд. долларына қол қойылды. Банктің ереже-сі бойынша капиталының 20% төленуі қажет, ал қалған 80% керек болса кез келген кезде талап етіле алады. Құйылған қаржы кепілдік қоры ретінде мүшелерінің қолында болады. Оның 81% алтын немесе конвертация жасауға болатын валютадан, ал қалған бөлігі ұлттық валютадан тұрады.
АзДБ-нің мүше болған елдердің банктерінің капитал жүмсалымдар бойынша түсімдерден аударған және өз еркі-мен қосқан жарналардан арнайы қоры бар. Осы қор қара-жаты нашар дамыған елдердің экономикасын және әлеуметтік инфрақұрылымдарын жаксартуға жеңілдікпен несие беру үшін пайдаланылады.
АзДБ облигация шығару арқылы өзінің қаражаттарын әлемдік-қаржы нарығанан тартады.
АзДБ несиенің көп бөлігін мынадай 5 елге берді -Индо-незия, Оңтүстік Корея, Филиппин, Пакистан, Тайланд. 1980 жылдың басында 8,7%-ға 5 млрд. доллар несие берді. Оның қайтару мерзімі 10-30 жыл. Бірінші қайтарым — 2-7 жылдан кейін. Берілген несиенің 1/3-і жеңілдетілген несие, яғни жылына 1%-дан 4% мөлшерлемесімен 40 жылға дейін беріледі..
Несиені беретін негізгі бағыттары — экономикалық және әлеуметтік инфрақұрылымдар, агроөнеркәсіп объектілері, ауыл шаруашылығы, өндіретін және қайта өңдейтін өнер-кәсіп. Банкінің несиесі ең алдымен барлық жеке секторға, жекешелендірілген мемлекеттік бірлескен кәсіпорындарға, әсіресе дамып келе жатқан елдердің үкіметтеріне — сенімді қарыз алушы ретінде бағытталады.