Аденозин
Аденозин — пурин негізі — адениннен және моносахарид-рибоза көмірсуынан тұратын қосынды (нуклеозид), суда еритін түссіз кристалл, балқу температурасы 229°. Ол адам мен жануарлар организмдерінде аденил қышқьшы ыдыраған кезде түзіледі. Аденозин барлық тірі организмдердің нуклеин қышқылдарының (РНҚ, ДНҚ), аденозинфосфаттардың және тіршілікке қажет кейбір коферменттер мен биологиялық маңызды заттардың құрамына кіреді