Адвентициялык қабық
Адвентициялык қабық (tunika adventitia; лат. tunika — қабық, лат. adventitius — келімсек) — организмнің дене қуыстарынан (көкірек, құрсақ және жамбас қуыстарынан) тыс орналасқан түтікше ағзалардың (жұтқыншақ, көмекей, өңеш пен кеңірдектің мойын бөліктері және тік ішек пен қынаптың соңғы бөлімдері, қан және лимфа тамырлары) сыртқы борпылдақ дәнекер ұлпалық қабығы. Ағзалар сыртқы адвентициялық қабығы арқылы сыртындағы басқа ұлпалармен болмаса басқа ағзалармен байланысып жалғасып жатады. Бұл қабықпен түтікше ағзаларды қоректендіретін қан мен лимфа тамырлары және олардың қызметін ретгейтін жүйкелер өтеді