Өндіріс

Өндіріс — өзінің өміріне қажетті маиериалдық жағдайларды жасау мақсатымен адамның табиғатты белсенді жаңғырту үрдісі.

Кез келген өнімді өндіру үшін төрт элемент керек:

сол өнімді дайындайтын табиғи зат
өнімді жайындау үрдісінде пайдаланылатын еңбек құралы
адам еңбегі, оның мақсатты бағытталған қызметі
аталған үш элементті өндіріске қосатын ұйымдастырушы

Экономика тілінде өндіріс факторлары деп аталатын бұл төрт элемент тиісінше — жер, капитал, еңбек және кәсіпкерлік ұғымдарымен белгіленеді.
Мазмұны
1 Өндіріс түрі
2 Жаппай өндіріс
3 Өндірістік қуаттылық
4 Өндірістік процесс
5 Өндіріс қорлары
6 Өндірісті қайта құру
7 Сілтемелер
8 Пайдаланылған әдебиеттер
Өндіріс түрі

Өндіріс түрі (үлгісі) — өнім номенклатурасы, жұйелілігі, тұрақтылығы мен шығару көлемі кеңдігінің белгілері бойынша айкындалатын, ендірістің классификациялық (топтастыру) категориясы (дәрежесі).
Жаппай өндіріс

Жаппай өндіріс — ағымында жұмыс орындарының көбінде бір ғана жұмыс операциясы орындалынатын, ұзаққа созылған уақытта үздіксіз жасалынатын немесе жөнделінетін өнімдер шығарудың үлкен көлемін сипаттайтын өндіріс.
Өндірістік қуаттылық

Өндірістік қуаттылық — уакыт бірлігіндегі белгілі бір жағдайда ең ұлкен көлемде шығарылатын бұйымдардың мүмкінділікгі есептеу көлемі.
Өндірістік процесс

Өндірістік процесс (іс- амал) — осы өндірісте енімдерді шығару мен өңдеуге кажетті адамдар мен жұмыс құралдарының барлық іс-әрекетінің жиынтығы.
Өндіріс қорлары

Өндіріс қорлары — өндіріс процесі кезінде кәсіпорындар пайдаланатын өндіріс құрал-жабдықтары. Өндіріс қоры негізгі қор мен айналым қорынан тұрады.
Өндірісті қайта құру

Өндірісті қайта құру — өндірісті негізінен жаңа принцип бойынша қайта құру, (реконструкциялау), қайта жарақтандыру, жабдықтау

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *