Өзен үйректері

Өзен үйректері тұқымдасы (Апаtі-пае) 80-ге жақын түрлер топтасады. Көпшілік түрінің жыныстық айырмасы бар.

Еркегінің қанатының сыртында металдың жарқырауық түсіндей жалт-жұлт еткен түсі, артқы саусағының жіңішке тері жалпыншағы болады. Тұмсығы жіңішке және үсті көтеріңкі келеді.
Бұл тұқымдас тармағына: қоңыр үйрек (Апаз рlatуrhyпсһа), сұр үйрек (А. stерега), біз құйрық (А. асиfа), ұсақ шәрегейлер (Qиегgиеdиlа) т. б. жатады.
Бұл үйректер шөптесін, өсімдіктері мол суларды мекендейді. Қолайлы батпақты жерлерге де ұяларын салады. Шөбі жоқ терең суларға ұяламайды. Тайыз шөптесінді суларды мекен етіп, өсімдіктермен және су түбінің жануарларымен қоректенеді. Қорегінің көпшілігі өсімдік.
Ұяларын көбінде жерге және кейбір кезде ағаштарға, онда-ғьі басқа құстардың ұяларына немесе ағаштың қуыстарына да салады. Қоңыр үйрек 6—14, сұр үйрек 7—13, бізтұмсық 6—12 жұмыртқа салады, жұмыртқа басу мерзімі 24—28 күн. Көбінесе бізде Каспий теңізінде қыстап шығады. Бұлардың кәсіптік маңызы үлкен.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *