Қосмекенділердің қореқтенуі

Қосмекенділердің қореқтенуі. Бұлардың қоректері бір тектес болады. Жануар текті қоректерді пайдаланады, тек қана личинкалары өсімдіктермен қоректенеді.

Құйрықсыздар мен құйрықтылардың көпшілігі негізінен омыртқасыздармен: жауын құрттарымен, моллюскалармен, сүліктермен және түрлі насекомдармен қоректенеді. Жасыл бақалар кейде құстардың балапандарына, ұсақ қеміргіштерге және балықтарға шабуыл жасайды. Өгіз бақа және мүйізді бақалар балапандарды, тышқандарды, кейде су жыландарын да ұстап қорек етеді. Алып салмандралар көбінесе балықпен және олардың уылдырықтарымен қоректенеді. Уылдырықты басқа құйрықтыларда пайдаланады. Аяқсыздар құрттармен, құмырсқалармен қоректенеді.
Құйрықсыздардың көпшілігінің личинкалары өсімдіктермен қоректенеді. Олар жүзіп жүрген ұсак балдырларды жұтады және мүйізді жағымен су өсімдіктерінің сабағын кеміріп жейді. Сонымен қатар планктондағы омыртқасыздарды, инфузорияларды, коловраткаларды, ұсақ шаян тәрізділерді де пайдаланады. Құйрықсыздардың личинкалары өсімдік тектес азықтармен қоректенгендіктен, олардың ішегі, ересектерінің ішегімен салыстырғанда ұзынырақ болады. Құйрықсыздар мен аяқсыздардың личинкалары жануар тектес организмдермен қоректенеді.
Қоректерін ұстау тәсілдері әрбір түрінде түрліше болады. Құйрықсыздар тек қана қозғалатын заттарға, желім сияқты тілін лақтырып тигізіп, жабыстырып ұстайды. Кейбір түрлері (жасыл бақа) саусағымен және жағымен ұстап коректенеді. Олар қоректік заттарын көру органдарымен рана анықтауы мүмкін. Аяқсыздар мен құйрықтылар қоректерін иіс мүшелерінің көмегімен тауып, тек қана қозғалмайтын организмдерді ұстап қоймай, қозғалатын организмдерді де жағының немесе тілінің көмегімен ұстап, қорек етеді.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *