Қарыз пайызының экономикалық мәні

Қарыз пайызының экономикалық мәні. Қарыз пайызы несиенің негізгі атрибуты ретінде несие бағасының иррационалды формасы болады.

Қарыз пайызының абсолютті шамасы қарыз алушының несиені пайдаланғаны үшін төлейтін белгілі бір соманы білдіреді және пайыздық сома деп аталады. Форманың иррационалдығы, біріншіден, қарызға берілген кұн ақшалай формада бола отырып, тағы да ақшалай формада екінші бағаны алғандай болады; екіншіден, пайыз сомасы ретінде қарыз алушы төлейтін сома оған бастапқыда қарызға берілген құнның шамасына тең келмейді. Қарыз пайызы тауар өндірісі негізінде пайда болды.
Тауар айырбасы жағдайында қоғам пайызды пайдаланбаған кезең де болды және тек қоғамдық дамудың белгілі бір экономикалық жағдайы белгілі бір сатысында несие үшін төлем өндірістік қатынастардың ажырамас бөлігі болды. Қарыз пайызы, демек, қоғамда тұрақты ақша айналысы және ақша капиталының қызмет етуі бар болған кезде пайда болды. Қарыз пайызы ұшін несиенің бар болуы қажет. Несиелік қатынастар пайыз дербес экономикалық категория ретінде тіркелетін тікелей негіз болып табылады. Қарыз пайызының мәнін оны қарыз капиталын қайтарымдылық принципімен пайдалану негізінде пайда болатын экономикалық қатынастар ретінде түсіну керек. Бұл экономикалық қатынастардың субъектілері — қарыз пайызын тиісінше алушы және төлеуші ретінде болатын кредитор және қарыз алушы. Қарыз пайызына қатысты экономикалық қатынастар ерекше, оларды несиелік қатынастармен араластыруға болмайды.
Олардың айырмашылықтары арқылы қарыз пайызының экономикалық мәні ашылады, айырмашылықтары төмендегілер болып келеді:
• қарызға берілген құнның және несиені пайдаланғаны
үшін төленетін пайыздық сома қозғалысының сипаты;
• несие мен қарыз пайызы арасындағы экономикалық-
құқықтық айырмашылық;
• қарызға берілген құн мен пайыз төлеу сомасы
қозғалысының әр түрлі бастамасы;
• несие және қарыз пайызының ұдайы өндіріс
процесінің әр түрлі сатыларында пайда болуы.
Бұл айырмашылықтарды толығырақ қарастырамыз.
1. Егер несие — бұл қайтарымдылық негізінде құнның қозғалысы болса, онда пайыздық соманың төленуі құнның белгілі бір бөлігінің эквивалент алмай берілуін сипаттайды. Несиені пайдаланғаны үшін төленген пайыз қайтарылмайды, оның сомасы толығымен субъектіге көшеді, яғни пайыздық соманы алушыға. Пайыздык, соманы төлеуге байланысты қатынастарда оның меншік иесі өзгереді: алынған құнға иелік ету құқығы қарыз алушыдан кредиторға өтеді, ал несиелік қатынастар кезінде меншіктік құқық өзгермейді, құн қарыз алушыға тек уақытша пайдалануға беріледі және белгілі бір мерзім өткеннен кейін өзінің занды бастапқы орнына қайтып келеді.
2. Несие мен қарыз пайызы арасындағы экономикалық -құқықтық айырмашылық шарт бойынша қарыз алушы мен кредитор арасындағы екі міндеттемеде көрсетілген: несиені қайтару міндеттемесі және оны пайдаланғаны үшін пайыз төлеу міндеттемесі. Кредитор үшін қаражаттарды авансылау тән болса, ал қарыз алушы үшін пайыз сомасын төлеу құнның шеңбер айналымының аяқталғанын, қаражаттардың белгілі бір сомасының қарыз алушыдан кредиторға өткенін білдіреді.
3. Несиеге және пайызға байланысты қатынастарда қозғалыстың басталуы әр түрлі сияқты. Қарызға берілген құнның қозғалысы кредитордан қарыз алушыға қарай басталса, пайызды төлеу кері бағытта — қарыз алушыдан кредиторға қарай жүреді. Несиелік және пайызға қатысты қатынастарды салыстырғанда қозғалыстағы құнның сапасы жағынан басқа шамадағы айырмашылықтарын көру маңызды. Несиенің аяқталу сатысы — бұл құнның қайтарылуы болса, ал пайыз -бұл қарызға өсімнің қозғалысы болады. Кейде несие сомасының қайтарылуы және қарыз пайызын төлеу уақыт бойынша сәйкес келмейді. Қарыз алушы алдымен несиені қайтаруы мүмкін, сонан соң оны пайдаланғаны үшін қарыз пайызын төлейді. Былай болуы да мүмкін, қарыз алушы несиені қайтаруға жағдайы келмей, қарыз бойынша ұзартылған төлем орын алады. Бұл жағдайда алдымен қарыз пайызы төленеді, сонан соң жеткілікті көзі табылғанда қарыз өтеледі.
4. Несие және пайыз бір бірінен олардың ұдайы өндіріс процесінің әр түрлі сатыларында пайда болатындығымен де ажыратылады. Егер несие айырбас сферасында пайда болса, ал пайыз бөлу фазасында пайда болады. Егер несие қайта бөлу категориясы ретінде болса, ал пайыз бөлу категориясы ретінде болады. Қарыз пайыз төлеудің көзі, пайда бөлігі болып табылатын қосымша өнім. Демек, пайда және пайыз -бірегей бүтіннің бөлігі. Осыдан басқа жәйт келіп шығады: қарыз пайызы банк қызметінің нәтижесі емес, ол өзінің пайда болуы өндіріс сферасындағы жұмыскерлердің еңбегіне байланысты.
Қарыз пайызы пайданың бөлігі түрінде бола отырып, одан оның мөлшерін анықтайтын факторлармен ерекшеленеді. Мысалы, егер пайданың қалыптасуы жұмыскердің санына және еңбек өнімділігіне байланысты болса, ал төленетін қарыз пайызының шамасы — пайыздық мөлшерлеме деңгейіне және қарыз алушы алған несиенің сомасына байланысты. Қарыз пайызы өзіне тән ерекше белгілі бір белгілерді білдіре отырып, пайдадан ғана өзгешеленбейді, сонымен қатар басқа да экономикалық категориялардан, мысалы, бағадан да өзгешеленеді.
Бағалар тауар айналысымен, айырбаспен тығыз байланыста екені белгілі, оның бөлу фазасында пайда болатын қарыз пайызынан өзгешелігі, ол — қайта бөлу категориясы болып табылады. Екінші өзгешелігі мынада, тауар бағасы тауар айналымы негізінде, ал пайыз — мүлдем басқа, несиенің қозғалысы негізінде пайда болады. Алайда, несиемен сауда жасау мүмкін. Несиелік мәміледе саудалық себеп банк ісіндегі сауда-саттықпен (коммерциализация) байланысты.
Осылайша, қарыз пайызының мәніне талдау жүргізу -несиені пайдаланғаны үшін пайыздық соманы төлеуге қатысты пайда болатын экономикалық қатынастар ретінде келесі сипаттауға мүмкіндік береді. Қарыз пайызы экономикалық категория ретінде екі функцияны орындайды: үлестіру және банктің несиелік потенциалын өсіру. Бірінші — қарыз пайызының үлестіру функциясы -барлық құнның үлестіруімен емес, оның жаңадан құрылған құнды білдіретін бөлігімен байланысты. Пайыз арқылы үлестіру салалық емес, жалпы шаруашылық сипатта.
Халық шаруашылығы денгейінде қарыз пайызын төлеу ұлттық табысты бөлумен байланысты. Пайданың бөлінуі пайызында қарыз пайызын алушы және төлеушінің орындары ауысуы мүмкін. Экономикалық қатынастардың сол және сол тәрізді субъекті бір мезгілде кредитор да, қарыз алушы да болуы мүмкін, яғни пайыздық сомалардың алушысы және төлеушісі ретінде жүре алады. Қарыз пайызы арқылы пайданың үлестірілуі меншік иесінің ауысуымен қатар жүреді. Жоғарыда айтылып өткендей, пайданың бір бөлігі өзінің иесінен кетіп, кредиторға өтеді.
Екінші функция банктің кредитор ретіндегі несиелік по-тенциалының ұлғаюымен және сақталуымен байланысты. Банктің несиелік потенциалының ұлғаюы — алынатын пайыз бен төленетін пайыз арасындағы айырмашылық есебіне болады.
Кредитор мен қарыз алушы арасындағы өзара қатынаста карыз пайызы пайыздык мөлшерлеме түрінде болады.
112 Ақша, несие, банктер
Қазіргі уақытта қарыз сипатына және ұзақтығына, несиелеу объектісіне, қарыз алушының несиелік қабілетіне, несиелік ресурстарға сұраныс пен ұсынысқа байланысты пайыздық мөлшерлемелердің көптеген түрлері бар.
Пайыздық мөлшерлеме тұрақты және өзгермелі, номиналды және нактылы, дисконтты болуы мүмкін.
Түрақты пайыздық мөлшерлеме қарызды пайдаланудың барлық мерзімі бойынша өзгеріссіз қалады.
Өзгермелі пайыздық мөлшерлеме несиелік ресурстарға деген сұраныс пен ұсыныс арқылы қалыптасатын ақша нарығының жағдайына байланысты, сонымен қатар экономикалық және қарыз алушыны қаржыландыру жағдайында несиелік немесе депозиттік шарттың барлық әрекет ету мерзімі бойында банк арқылы өзгертілуі мүмкін. Мөлшерлеменің өзгертілу шарттары тараптардың өзара келісімімен анықталады. Олар үнемі қайта қарастырылады және әдетте қарыз капиталы нарығындағы қандай да бір қаржылық актив бойынша пайыздық мөлшерлеменің өзгеруіне байланысты ауысып отырады.
Номиналды пайыздық мөлшерлеме екі факторға байланысты қалыптасады: несиелік ресурстарға деген сұраныс пен ұсыныстың арақатынасына және инфляция қарқынына қарай.
Нақты пайыздық мөлшерлеме есептеу жолымен табылады — номиналды мөлшерлемеден инфляция қарқыны алынып тасталынады. Кредитордың көзқарасы тұрғысынан нақтылы пайыздық мөлшерлеме табысының көзі — несиелеу және ин-вестициямен байланысты шығындардың орнын толтырудың негізі болып табылады. Нақтылы пайыздық мөлшерлеме мынандай құрамдас бөліктерден тұрады: ағымдық шығындар (тартылған қаражаттар құны, әкімшілік және занды шығындар, төлем қабілетсіз қарыз алушылардан келетін шығындар), салық, тәуекел үшін төлем, пайда.
Экономикалық ғылымда номиналдық және нақтылы пайыздық мөлшерлемелер арасындағы өзара байланыс И.Фишердің формуласымен өрнектеледі, яғни мұнда:
Несиенің мәні 113
і — несие (депозит) үшін номиналды пайыздық мөлшерлеме;
r — несие (депозит) үшін нақтылы пайыздық мөлшерлеме;
U- белгілі бір кезең (бір жыл) ішіндегі инфляция деңгейі;
Бұл формулада [r • U + U] сомасы инфляциялық шығынның орнын толтыру үшін нақты пайыздық мөлшерлемеге қосылатын шама болып табылады. Бұл шама инфляциялық сыйақы деп аталады.
Банктік тәжірибеде барлық пайыздық мөлшерлемелер номиналды шамада белгіленеді.
Математикалық пайыздық мөлшерлеме қарызға берілген құннан келетін табыстың осы құнның шамасына қатынасы ретінде анықталады. Мысалы, 1995 жылы 18 мамырда Ұлттық банк бекіткен пайыздарды есептеу тәртібі және олардың Қазақстан Республикасы банктерінде бухгалтерлік есеп шоттарындағы орналастыру тәртібі туралы Ережеге сәйкес пайыздарды есептеудің келесі техникалары пайдаланылады:
Жай пайыздарды есептеудің техникасы. Жай пайыздар — бұл қарыздық:берешек (депозит) сомасына есептелген пайыздар. Жай пайыздарды есептеу үшін төмендегідей формула қолданылады:
І = і.Р .п/360.100%, (2)
мұнда:
і — жылдық пайыздық мөлшерлеме;
Р — берешек (депозит) қалдығы;
I — қарыздың (салымның) барлық мерзімі үшін есептелген пайыз сомасы;
n — пайыз есептелетін кезеңдегі күндер саны.
Күрделі пайыздарды есептеу техникасы. Күрделі пайыздар — бұл қарыздық берешек (депозит) сомасына ғана емес есептелген пайыздан келетін табыс сомасына да есептелген пайыздар.
Несиелер және депозитгер бойынша пайыздық төлемдер сомасын есептеу үшін келесідей формула пайдаланылады:
114 Ақша, несие, банктер
(3)
мұнда:
і — пайыздардың жылдық мөлшерлемесі;
Р — қарыздың (салымның) алғашқы сомасы;
I — қарыздың (салымның) барлық мерзімі үшін есептелген пайыз сомасы;
n — қарыздың (салымның) ай мерзімдеріндегі (ай үлестеріндегі) ұзақтығы.
Егер несиелеу мерзімі бойынша қарыздық берешектің бөлігі ұзартылған қарыз есебіне жатқызылса, онда ұзартылған қарыздық берешекке есептелген пайыз сомасын анықтау үшін төмендегідей формула қолданылады:
(4)
мұнда:
Ig — ұзартылған берешек бойынша есептелген пайыздар
сомасы;
Q- ұзартылған берешек сомасы;
i, — ұзартылған берешек бойынша пайыздық мөлшер-
леме (айып-пұлдық);
t, — несиелеудің басталуынан ұзартылған берешек бойынша пайыз есептелген күнге дейінгі уақыт кезеңі;
t2 — несиелеу басталған күннен ұзартылған қарыздың
пайда болған күніне дейінгі уақыт кезеңі.
Пайыздарды есептеген кезде айдағы күндер саны шартты түрде 30 күн, ал жылдағы күндер саны — 360 күн деп қабылданады. 31 күндік айларда 31 күн есепке алынбайды, ал ақпанда соңғы санға дейінгі қалдық 30 күнге қанша жетпесе, сонша қайталанады.
Күрделі пайыздарды есептеу қажеттілігі түрлі себептерден болуы мүмкін. Ұлттық банк үшін әр түрлі мерзімдерге бір пайыздық мөлшерлеме бойынша берілетін аукциондық несиелерді қайта қаржыландыру кезінде екінші деңгейдегі банктердің әр түрлі тиімді табыс алуын болғызбаудың маңызы зор. Бүл үшін Ұлттық банк тәжірибеге күрделі пайыз әдісі бойынша пайыздар есептеуді енгізгенге дейін 1, 3 және 9 айлық несиелер бойынша бірнеше әр түрлі ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемелерін белгілеуге мәжбүр болды. Күрделі пайызға өтумен байланысты қайта қаржыландырудың бірегей мөлшерлеме белгіленетін болды.
Нарықтық қатынастарды құрудың қазіргі уақыттағы сатысының өзгешелігі банктердің типіне және көлеміне, орналасқан жеріне, клиентурасына және шын мәніндегі өзіндік табиғаты бар басқа да міндеттемелеріне байланысты.
Екіншх жағынан, банктік мекемелер жүргізетін пайыздық саясаттық ерекшеліктері сол және басқа да банктен тәуелсіз сипаты бар бірқатар жалпы факторлардың индивидуальдық көрінісінің салдары болып табылады. Жалпы жағдайда несие үшін пайыздық мөлшерлеменің қалыптасуының бастапқы негізі тартылған ресурстар үшін төлемнің орташа деңгейі болады. Нарық жағдайында орташа ресурстар үшін төлем мөлшерлемесінің екі шектік мәні бар: ең төменгі және ең жоғарғы. Бұл мәніне төмен және жоғары кезде ресурстарды сатып алу-сату мәмілесі жасалмауы мүмкін, өйткені оның шарттары тараптардың біреуін қанағаттандырмайды. Факторлар өз шекарасын қоса алғандағы, көрсетілген шектеулі мәндердің шеңберлерінде әрекет етеді.
Қарыз пайыздық мөлшерлемесі мазмұнының жалпы сызбасы келесі түрде көрсетілуі мүмкін. Жалпы жағдайда банк берген несие үшін пайыздық мөлшерлеме тартылған ресурстар үшін төлем мөлшерлемесі мен пайыздық маржаның қосындысынан тұрады. Соңғысы, өз кезегінде, бірнеше бөліктерден тұруы мүмкін: қалыпты маржадан, яғни банктің қызмет етуімен байланысты шығындарды жабуы және банктің қалыпты пайда алуын қамтамасыз ететін маржадан. Қалыпты маржа сенімділігі жоғары дәрежелі несиелерге; неғұрлым жоғары болған сайын банктік қарыздың қайтарылатынына сенімділігі төмен болатын тәуекел үшін үстемелерге; нарықтың жағдайларына (сұраныс-ұсыныс), үстемелер (кемітулер) мен ондағы сатушының жағдайына қарай (монополия-бәсекелестік) бағдар ұстайды.
Үстемелер (кеміту) шамасына әсер ететін негізгі факторларға мыналар жатуы мүмкін: клиенттің төлем қабілеттілігі, жобаның тәуелділік дәрежесі, клиенттің сипаттамасы, салық салу мөлшерлемесінің мөлшері, несиеге сұраныс жағдайы, қарызды ұсыну мерзімі, қосымша несиелік ресурстарға деген қол жетушілік, инфляция деңгейі.
Пайыздық мөлшерлеменің қолдану сферасына және оның деңгейін реттеу тәсіліне байланысты ресми пайыздық (есептік) мөлшерлеме; банкаралық және базалық болып ажыратылады.
Ресми пайыздық мөлшерлемені басқа да банктерге, бірінші кезекте коммерциялық банктерге берілетін несиелер бойынша орталық банктер белгілейді. Бұл операциялар ұзақ уақыт бойы коммерциялық вексельдерді қайта есептеу түрінде жүзеге асырылды, айтылған мөлшерлеменің екінші атауы осымен түсіндіріледі. Оның деңгейін өзгерте отырып, Орталық банк коммерциялық банктердің тиімділігіне, олардың несиелік мүмкіндіктерін жоғарылата немесе төмендете отырып әсер етеді. Есептік саясат нарықгық қатынастары дамыған елдерде экономиканы ақша-несиелік жағынан реттеудің дәстүрлі әдістерінің қатарына жатқызады. Оның келесі міндеті несиені қымбаттату жолымен елде инфляцияның күшеюіне кедергі жасау болып табылады. Мұндағы есеп айырысу қарапайым: коммерциялық банктер ресми мөлшерлеменің өсуі жағдайында клиенттер үшін пайыздық мөлшерлемені жоғарылатады, осылайша, ақшаға деген сұраныс төмендейді.
Қазіргі уақытта банкаралық мәліметтердің дамуына байланысты коммерциялық банктер қажет болған жағдайда несиені эммиссиялық институттан емес, банк-корреспонденттен ала алады, қарыз алушы үшін мұндай мәміле арзан да болады. Бұл ресми пайыздық мөлшерлеме деңгейінің банкаралық пайыздық мөлшерлеме деңгейінен жоғары болуына әкеліп соғады.
Банкаралық пайыздық мөлшерлеменің, мысал ретінде ЛИБОР — лондондық банкаралық мөлшерлемені айтуға болады, ол евровалюталық нарықта депозиттік, несиелік операцияларда және еврооблигациялық займдарда, сонымен қатар ПИБОР — париждік банкаралық мөлшерлеме кең түрде қолданылады. ПИБОР сегіз ірі париждік банктердің мөлшерлемелері мәндерінің арифметикалық ортасы ретінде анықталады. Бұдан көрі анағұрлым белгілі ЛИБОР банкаралық мөлшерлеме жекелеген халықаралық несиелік мәмілелердің құнын есептеу барысында базалық ретінде қолданылады. Бұл жағдайда ЛИБОР базалық мөлшерлемеге, әдетте, мәміле түріне, қарыз алушының қарыздық жағдайына қарай ақша нарығындағы конъюктураға байланысты маржа қосылады.
Ақша нарығында несиелер бойынша базалық мөлшерлеме АҚШ-та қолданылатындай бірініші класты қарыз алушыларға «ПРАЙМ РЕЙТ» жүйесі бойынша ресми немесе банкаралық мөлшерлемеге қарағанда анағұрлым жоғары деңгейде, бірақ шағын және орта фирмаларға берілетін несиелер бойынша мөлшерлемеге қарағанда біршама төмен деңгейде бөлінеді. Қарыз пайыздың нормасын белгілеген кезде негізгі анықтаушы жағдай — қарыз алушының сенімділігі, оның қаржылық жағдайы. Қарыз алушы сенімді болған сайын базалық мөлшерлемеге қосылатын қосылым да төмен болады және бұған керісінше. Несиелік операциялар бойынша базалық мөшерлеме әр түрлі анықтамаларда қандай да бір деңгейде көрсетілгенімен іс жүзінде әрбір банк өз мөлшерлемесін белгілей алады, яғни қазіргі уақытта несиелік салыстырмалы түрде тәуелсіз пайыздық саясат жүргізеді, бірақ базалық мөлшерлеме олар үшін белгілі бағыт ретінде болады. Банк-клиент қатынасында пайыздық мөлшерлеме тек қарыздар бойынша ғана емес, депозиттік операциялар бойынша да қолданылады. Коммерциялық банктердің депозиттік операциялары бойынша пайыздық мөлшерлеменің динамикасын анықтаушы негізгі фактор ретінде несиеге сұраныстың оны ұсынумен салыстырғандағы жоғарылау тенденциясы болып табылады.
Қазақстан Республикасында несие жетімсіздігі құбылысының дамуы, әсіресе, 1994 жылдың бірінші жартысында айқын байқалды, бұған белгілі бір дәрежеде мемлекеттік рестриктивтік ақша-несиелік саясаты жағдай жасады. Бірақ, депозиттер бойынша пайыздық мөлшерлемеде көрінетін жеткілікті түрде жалпы сипаттағы факторларға, сонымен қатар, ресурстарды тарту мерзімі несиеге деген сұраныс жағдайы, несиелік ресурстар нарығындағы жағдайлар, (төлем шамасы, ұсыныстың болуы) клиенттердің мінез-құлқы (құрылтайшылар, үлескерлер, сала кәсіпорындары, т.б.) оның сенімділігі, салық саясаты және инфляциялық тенденциялардың қатысы бар. Орталық банктің саяеаты да осындай факторлардың бірі ретінде болады, бірақ пайыздық мөлшерлемелердің динамикасында көбіне тікелей емес, несиелік нарықтың жағдайлары арқылы көрінеді, сондықтан оның мөлшерлеме шамасына әсер етуі тек жанама түрде болуы мүмкін.
Ақыр соңында, мемлекеттік қазыналық міндеттемелер (МҚМ) бойынша пайыздық мөлшерлеме ажыратылады. Мемлекеттік қазыналық міндеттемелерді сатып алушы несиелік операциялардың ерекше формасы ретінде қарастыруға болады, онда қарыз алушы болып бағалы қағаздардың эмитенті -Қаржы министрлігі, ал кредитор болып олардың сатып алушылары табылады. Сондықтан МҚМ бойынша жылдық табыстылықты келесі формула бойынша анықтауға болады:
Т = (НК*ДБ/ДБ)*(365* 100/Т), (5)
мұнда:
Т — жылдық табыстылық, %;
НҚ — МҚМ-нің номиналдық құны;
ДБ — МҚМ-нің дисконтталған бағасы;
Т- МҚМ-нің айналыс кезеңі, күндері.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *