КӘСІБИ СӨЗДЕР

20 января, 2017 17:24

Қазақстанныц жері қандай кең, қапшалықты бай болса, мұндағы кәсіп пен шаруашылықтын түрі де соншалықты көп. Халқымыздың ежелден ата кэсібі болган мал мен егінді, ләнді дақылдарды атамағанның өзінде республиканың бір жерінде ‘марал, бір жерінде балық, бір жерде күріш, бір жердемарал, б’ір жерде агаш, бір жерінде қызылша мен темекі, бір жерінде ‘бау -бақша жеміс-жидек өсіріп, бір облыс екінші облыстан, бір ‘облысқа енетін әрбір аудандардың өздері де бір-бірінен ерек-шеленіп отырады.

Соның нәтижесінде кәсіптің әр түріне байланысты әр жерде әр алуан кәсіби сөздер пайда болган. Қәсіби сөздер белгілі территориялық аймакты гана қамтып шектелуі жағынан диалект сөздерге ұқсайды. Алайда диалектизмге жататын сөздердіқ әдеби тілде белгілі бір балама сөзі синонимі болады. Ал кәсіби сөздердіқ әдеби тілде^ешқандай балама кездеспейді. Осы жағынан қараганда кәсіби сөздер диалектизмдерден гөрі бір табан термии сөідсрге жақын, неге десеңіз, кәси- би сөздер де негізінен бір мағыналы болады да шаруашылықтың белгілі бір саласында белгілі бір аймақта ғана қызмет етеді. Қолдану шегі жагынан ғана кәсібн сөздер тсрмнндердсп сол өзгеше. Кәсіби сөздерді беліілі бір территорияны мскендеуші тұрғын халықтың бәрі білсе, терминдерді әр жерде тұратын бір маманы ғана қолданады. Сонымен қатар кәсібн сөздер әдеби тілдін, құрамьша кіреді. Демек, кәсіби сөздердің терминнен де, диалектіден де өзіне тон өзгсшеліктері меп ерекшеліктрі бар. Сондықтан да бұлар өз алдына жеке лексикалық тои құрайды. Қазақ тілінде кәсіби сөздердін мынадай түрлері бар:

1. Мақта шаруашылығына қатысты кәсіби сөздер: жегеше| жегенелеу, көсек, күнжара, кауашақ, қоза, козакия, биті, шалшақ-шанақ, мақташы, мақталық, терім, терімші, косектеу, шит, шиті| макда, шиг егу, мақта теру, сүдігер, мақта майы, т. б. :

2. Қызылша шаруашылыгына қагысты кәсіби сөздер: ас қы-зылша, еркек қызылша, қант қызылшасы, қызылшашы, сірнеу гүлдеуік, тоспа, түқым жарнағы, қағгат, өркін, тамыр-жемі жүйек, т. б.

3. Темекі шаруашылыгына қатысты кэсіби сөздер: бүлықты-ру, бүркеніш, жал, жиым (орым), жіп, көңхана, құлақ-жұл, маты, сағақ, темекіші, қурай, тізбек, тікқүлақ, т. б.

4. Балық шаруашылығына қатысты кэсіби сөздер:жылым, сүзекі тоспай, ықпа, сере, қаяз, абақ, торта, қорытпа, сүйрік, тыран, қоқан, жорамал, азна, жақса, қарма, жүтпа, итерқұл көтергі, құрсақ, шөктірме, сүре, бүнек, т. б.

5. Бау-бақша және суармалы егіс шаруашыдығына қатысты кәсіби сөздер: алқор, нәк, шабдалы, әнжір, күләбі, болбол, қарық, оман, атыз, мәркі, шөнек, ауыздама, бал, жап, жарма жоя, ақаба, кесе, т. б.

Сонымен бірге қазақ тілінде саятшылыққа, қол өнеріне,ті- ‘ гіншілікке, омарташылыққа, дәрі-дәрмек өсімдіктерін өсіруші- лікке, бұғы-марал, құс иіаруашылыгына тэн көптеген кәсіби сөз- дердін, болуы заңды нәрсе. Мұныц барлыгы да әзірге сарқа жа- налмай, халық игілігіне жөнді жаратылмай жүр. Біздің алды- мызда тіліміздегі сөз байлыгының қүранды бір бөлігі деп сана- латын кәсіби сөздерді де барынша жннап-теріп, сөздікке ендіріп, жүртшылықтын кәдесіне асыру міндеті тұр.

0

Автор публикации

не в сети 10 месяцев

Орманбекова

11
Комментарии: 1Публикации: 136Регистрация: 20-12-2012

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля