Қалбағайдың құрылысы

 Қалбағайдың конструкциясы. Комбайндар мен дестелеуіш жат-каларда әдетте бес гайкалы универсалды қалбағай пайдаланылады. Бұрын жаткалардың олардың айналу осіне радалды бекітілген  планкалары бар қалбағай қойылатын. Мұндай қалбағай тек қана  тік өсіп тұрған егінде жақсы жұмыс істейді. Жатып қалған егінділ орура арнаулы эксцентрикті қалбағай пайдаланылатын, мұнда планка орнына саусақтар қолданылған, ал эксцентрикті механизмі олардың көлбеу болттарын өзгертуге мүмкіндік беретін. Жұмыс уақытында саусақтар  бір-бірімен қатарласа  ауысып отырады. Осының арқасында олар жатып қалған егін сабақтарының қабаттарына жақсы еніп ,оны көтеріп шалғыға жеткізеді. Келе-келе астықтын, кез келген түрін жинауға жарайтын универсалды қалбағай жасалды. Ол эксцентрикті механизммен, планкалармен және саусақтармен жабдықталған.

Қалбарайд негізі — шабақты / және дискілі 24 түтік тәрізді білік 5 (12-сурет) болып табылады. Түтік тәрізді біліктің цапфа- лары жылжымаларға 18 орнатылған подшипниктерге 17 енгізіледі. Айқаспа темір ойықтарына шабақтар 3, 13 бекітілген. Дискіге 24 бекітілген және шабақтар немесе кронштейндер 23 арқылы

 

 

12-сурет. Универсалды қалбағай:

/ — айқаспа темір; 2 — қорғауыш пластина; 3, 13 және 14 — шабақтар; 4 және 5 — түтік тәрізді біліктер; 5 —тартқыш; 7 —планка; 8 — кронштейн; 9 — арнаулы шплинт; 10 — жұп саусақ; //— кергіш пластина; 12 — саусақты жақтау; 15 — эксцентрикті құрсау; 16 — тартпа; 17 — подшипник; 18 — жылжыма; 19 — роликті білеу; 20 — жетектеме; 21— ролик; 22 — кұрсау; 23 — кронштейн; 24 —дискі; 25 — жарты подшипник.

өткізілген тартпалар 6 қалбағайға тиісті қатаңдық береді. Қал-бағайға қосымша қатаңдықты қорғауыш пластинка 2 (оның негізгі міндеті—тырманың ұшына сабақтардың оралып қалуын болдырмау) мен кергіш планка 11 береді. Айқаспа темірдің саны жатканың алым еніне байланысты болады. Алым ені 3,2 және 4,1 м жаткаларда ол үшеу, 5 м жаткада — төртеу, ал өте енді жаткаларда (6 және 7 м) оның саны беске дейін жетеді.

Әрбір тырма түтік тәрізді біліктен 4 жасалран. Оған кронштейн 8 мен саусақты жақтаулар 12 сондай-ақ бірнеше жүп саусақтар 10 пісіріліп орнатылған. Шабақтардың (3, 13 және т. б.) ұштарында тырманың түтік тәрізді біліктерін енгізіп орнататын ұялар бар. Жартылай подшипниктер 25, қүрсаулар 22 және шабақтардың ұщтары жартылай подшипник құрайды. Бұл подшипникте түтік тәрізді білік 4 еркін айналып тұрады. Кронштейндерде 8 ойықтар бар, сондықтан планкаларды 7 соған түрлі жағдайда, түтік тәрізді білікке 4 жапсыра немесе саусақтардың 16 басына жақын бекітуге болады. Бірінші жағдайда астыққа тек саусақтар ғана әсер етеді, ол планкалар бұған мүлдем қатыссыз қалады. Екінші жағдайда тырмалар кәдімгі планка сияқты болып қалады. Планканы мүлдем алып тастау варианты да болуы мүмкін Қалбағайдың сол жағында эксцентрикті механизм орналасқан былай орнатылған. Эксцентрикті құрсауға 15 шабақтар 4 бекітіліген, олардың ұшы саусақты жақтауға 12 еркін түрде кіргізілген; Саусақты жақтаулар радиусы 75 мм кривошип болып табылады: Эксцентрикті құрсау 15 шабақтарымен 14 бірге роликті білеуге 11 орнатылған екі роликпен 21 еркін сырғанап тұрады. Бұл біле тізгінмен 20 жалғасқан, ал тізгін қалбағайдың түтік тәрізді білігіне кең түрде кигізілген. Тізгіннің 20 радиусы да 75 мм. Көріп отырғанымыздай кривошип, шабақтар 13, 14 және тізгін біріге отырып параллелограмм механизмін құрайды. Егер білеуді 19 артқа қарай немесе алға жылжытып ауыстыратын болсақ ондй кривошиптер мен планкалы саусақтардың көлбеулігі өзгереді. Айналу процесінде барлық саусақтар мен планкалар бір-біріне пан раллель қалыпта жылжып ауысып отырады.

 

Қалбағайдың білігіне сақтандырғыш муфта орнатылған. Егер планкаларға немесе саусақтарға түсетін жүктеме белгілі мөлшерден асып түссе, онда қалбағайдың сынбауы үшін муфта оны ажыратып, тоқтатып тастайды. Сақтандырғыш муфта ауыр салмақ түсетін қауіпті жұмыс органдарынын барлығында орнатылғандығын атап өту керек. Сақтандырғыш   муфта қалбағайдың айналу моментін төмендегі шама шегінде реттейді: алым ені метрге жететін жаткаларға түсетін жүктеме 10 кгк. м, ал алым ені үлкен жаткалар үшін — 12 кгк. м (120 Н. м)*.

 

Жоғарыда қалбағайдьщ бес планкасы болатындығы айтылған еді. Мұның алым ені 4,1 және 5 м комбайн жаткаларына, ЖВН-6, ЖНС-6-12 дестелеуіш жаткаларға және т. б. қатысы бар. Алым ені 3,2’м комбайн жаткасының қалбағайында алты планка болады.

 

Вариатордың айналу жиілігі. Вариатор (13-сурет) екі шкив пен сына белдіктен түрады. Әрбір шкив қозғалмайтын 8 немесе 9 және қозғалмалы 7 немесе 10 екі шкивтен кұралған. Жоғарғы шкивтің дискісі серіппемен // тартылған. Егер шкивтердің әрбір дискісін  жақындатып немесе керіп жылжытса, онда олардың жұмыстық диаметрін өзгертуге болады, яғни айналу жиілігін сатыламай-ақ реттеуге болады.

 

Жетектеуіш ретіндегі төменгі шкив оське орнатылған сияқты гидроңилиндрге 1 кигізілген. Плунжер 4 айқаспа темір шпилька арқылы жылжымалы дискіге 7 жалғасқан.

 

Төменгі шкивтің екі дискісі де жылжымалы дискіге бекітілген саусақтың арасында бір-біріне салыстырғанда бұрылмай қалыпты жағдайда тұрады. Мұндай саусақ 13 жетектелуші шкивте де бар.

 

Вариатор былай жұмыс істейді. 13-суретте көрсетілгендей, серіппе 11 дискілерді.Я 10 бір-біріне тығыз сығымдап тұрады. Гид-роцилиндрге қысым түспейді және дискілер 7, 8 де шегіне дейін алыстатылып қойылған. Жетектеуіш шкивте белдікке арналған жұмыс диаметрі ең аз, ал жетелеуші шкивте ең көп болып келеді. Бұл ретте қалбағайға ең аз айналу жиілігі беріледі.

 

Қалбағайдың айналу жиілігің көбейту үшін гидробөлгіштің кө-мегімен цилиндрге 1 майдың көп келуіне мүмкіндік беру керек. Майдың қысымы арқасында плунжер 4 дискілерді 7, 8 бір-біріне жақындатады. Осьшьщ нәтижесінде осы шкивтегі белдіктің кіші диаметрін біртіндеп үлкейте түседі. Белдік қатты керіле отырып жоғарғы шкив серіппесінің қысымын жояды да осыған сәйкес дис-кілерді 9, 10 бір-бірінен алыстатады. Осының арқасында жетек-теуіш шкивтің диаметрі үлкейеді, ал жетектелуші шкивтің белдікке арналған диаметрі кішірейеді. Айналыс жиілігі де артады.

 

Айналыс жиілігін азайту үшін гидроцилиндрдегі майды ағызып жіберу керек. Сонда серіппе дискілерді 9, 10 жақындатады да, ал іелдік дискілерді 7, 8 бір-бірінен алыстатады.

 

Жұлдызша 12 тікелей комбайнмен жинау кезінде пайдаланылады: егер комбайн жаткасына жинауыш тіркелген болса, онда жұлдызшаны шкивпен ауыстырады және вариатор мен жинауыштың айналу жиілігін реттейді.

 

Қалбағайды тік және көлденең бағыттарда ретттейтін бло-кировкаланған механизм. Қалбағай білігінің қалпын тік және көлденең бағыттарда шалғыға сәйкес реттеу үшін, 14-суретте көрсетілген блокировкаланған механизм қолданылады. Оның блокировкаланған деп аталу себебі — көлденең және тік бағыт-тарда реттеуші екі механизм үй-

 

13-сурет. Қалбағайдың айналыс жиілігінің вариаторы:

-гидроцилиндр; 2 және 3 — шпилькалар;  — плунжер; 5 — айқаспа темір; 6 және 13 — саусақтар; 7 және 10 — жылжымалы дискілер; 8және 9 — жылжымайтын дискілер; 11 — серіппе; 42 — жұлдызша.

 

14-сурет. Қалбағайды реттейтін механизм.

1 — сақтандырғыш муфта; 2 — білікі 3 — подшипник; 4, 6, 7 — рычагтар; 5— штанга; 8 — таяныш; 9 — компенсатор 10 — гидроцилиндр; 11, 12 — тартпалар, 13 — саусақ; 14 — жылжыма.

лесімді түрде атқарады.

 

Бұрынырақта комбайн жаткаларына бұл мақсатқа арна лып екі бөлек жұмыс істей: тін құрылғылар пайдала-нылды.

Қалбағай білігі 2 жылжымаларға    14   бекітілген подшипниктерде 2 орнатылған. Жылжымаларды тартпаның 12 көмегімен қалбағай таянышының 8 үстімен еркін жылжытып ауыстыруға болады. Қалбағайдың екі таянышына да гидравликалық цилиндр 10 жалғастырылған. Басқару алаңшасында отырып гидроцилиндрлер арқылы таяныштарды қалбағаймен бірге көтеруге немес төмен түсіруге болады. Бұл ретте қалбағай планкалары немес саусақтары мен қырқу аппаратының арқасындағы тік бағыттағы қашықтық та өзгереді. Алайда қалбағай осылайша тік бағытқа ауысқанда онын көлденең бағытын өзгертетін мынадай құрылғы бар. Рычагқа 7 екі тартпа 11, 12 жалғасқан, тартпаның 11 төменгі

ұшы жатка корпусына бекітілген. Гидроцилиндр таянышты көтер-ген кезде жатка 11 рычагты 7 сағат тілінің жүріс бағытына қарсы (14-суретке қарағанда) бұрады. Осының арқасында рычаг 7 жыл-жыманы 14 қалбағай білігімен қоса тартпа арқылы оңға, яғни кейін қарай тартады. Егер гидроцилиндр таянышты төмен түсірсе, онда рычаг 7 пен тартпа 12 жылжыманы солға, яғни алдыға карай ауыс-тырады. Жылжыманың білікпен қоса жылжуы қалбағайдың жетек шынжырының білігінен керілуі мөлшеріне нұқсан келтірер еді. Олай болмауы үшін, механизмде шынжырдың қалыпты керілуін автоматты түрде орнына келтіріп тұратын құрылғы орнатылған.

Жылжымаға 14 рычагпен 6 байланысқан штанга 5 жалғас-тырылған. Бір рычагы бар бір оське екі тартпалы жүлдызшасы бар рычаг 4 орнатылған. Жылжыманың қозғалысы рычагқа беріледі. Рычагтың бұл жұлдызшасы қозғалып, шынжырды кереді немесе босатады. Жоғарыда аталған механизм СК-4, СК-4А, «Сибиряк», «Нива» және «Колос» комбайндарынын, жаткаларына, сондай-ақ ЖРБ-4,9 дестелеуіш жаткасына орнатылған. ЖВН-6 және ЖНС-6-12 дестелеуіш жаткаларында тік бағытта реттеуді гидро-цшшндрлердің көмегімен комбайн жүріп келе жатқанда атқарады. Ал көлденең бағытта реттеуді машина тоқтап тұрған кезде қолмен жүзеге асырады.

 

Көшірмелеуіш қалбағай. Аласа егінді тікелей комбайнмен жи-науға көшірмелеуіш қалбағайы бар жатка пайдаланылады. Кө-шірмелеуіш қалбағайдың ерекшеліктері мынадай: олардың рези-наланған жапсырмасы бар планкаларынын, ұштары әдеттегі қал-бағайдың айналыс шеңберінің бойымен емес, қисық сызықтың бойымен айналады, шнекті орап өтіп, жатка түбіне барынша тақай түседі: жапсырмалы планка осының арқасында кесілген уақ са-бақтарды шнекке шапшаң жақындатады; мұндай қалбағайдың білігін универсалды қалбағайға қарағанда, қырқу аппаратына едәуір жақындатып орнату керек.

 

Кәдімгі қалбағай мен жұмые істегенде қырқылған сабақтар жиналатын «қозғалыссыз» аймақ пайда болады: әдеттегі қалба-ғайдың планкасы бұл тұсқа жетпей қалады. Ал көшірмелеуіш қал-бағайдьщ планкалары бұл аймақты  қамтып жұмыс істей алады, Көшірмелеуіш қалбағайдың планкаларьш қажетті бағытпен ро-лнктер сырғанап тұратын арнаулы жүріс жолдары қамтамасыз

етеді.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *