Қабыршақтылар

Қабыршақтылар казіргі кездегі бауырымен жорғалаушылардың ішіндегі ең көбі. Оның 5 мыңға жуық түрі белгілі, олар барлық материкте, алуан түрлі тіршілік жағдайларында өмір сүреді.

Қабыршақталарға кесірткелер, хамелеондар және жы-ландар жатады. Бұлардың ортақ белгілері: денесі — көлемі мен формасы әр түрлі болатын мүйізді қабыршақтармен қапталған. Біраз түрлерінде мүйізді жабындының астында сүйекті қабыршақтары болады. Басқа рептилилерден бір ерекшелігі — шаршы сүйегі бас сүйегімен қозғалмалы болып бекіген. Омыртқасы әдетте процельді болады, ал төменгі сатыдағы формаларында керісінше амфицельді болып келеді. Сүйекті таңдайы болмайды. Тістері жақ сүйектеріне бекіген. Клоакасы көлденең саңылау сияқты, копулятивтік органы қалта тәрізді болады.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *