Қабылдау және оның балалық кездегі дамуы

Қабылдау және оның балалық кездегі дамуы. Бүгінгі біздің лекциямыздың тақырыбы — балалар психо-логиясындағы қабылдау мәселесі.

Сонғы 15-20 жыл ішінде казіргі психологияда қабылдау мәселесінің түбегейлі өзгерістерге ұшырағанын сіздер жақсы білесіздер. Осы тақырып төңірегінде бұрынғы бағыт пен қазіргі тәжірибелік зерттеу арасында қызу талас-тартыстың болғанынан да хабардарсыздар. Психологиядағы эксперименттік зерттеулер қабылдау туралы ілімді құрылым (гештальт) психологиясы тұрғысынан іздеетіріп, бұрынғы ассо-циация психологиясында ірге тепкен дәстүрлі әдістерге қарсы қойылды. Қабылдауға қатысты тәжірибелік зерттеулер арқылы жинақталған материалдардың молдығы соншалық психояогияның өзге тақырыптарымен салыстырғанда, қабыдау толық іздестірілген мәселелер қатарына жатады.
Зертгеу нәтижелерінің мәнін сіздер жақсы түсінесіздер. Дегенмен мәселенің мазмұнын бір-екі сөзбен еетеріңізге түсірейін.
Психикалық тіршілікте ассоциация заңына негізделген басты түсініктердің бәрі ес процесіне қатысты және естің кызметіне тіректелген. Осындай түсініктерге тірекгелген қабылдауды да ассоциация психологиясындағы түйсікгердің жиынтығы деп санайды. Ес процесі де ассоциация байланыстарына сүйене отырып жекелеген елестер мен еске түсірулер белгілі жүйелі ізбен жасалып отырады дейтін пайымдау жасалады. Міне осындай жәйттердің байланысты болуына қабылдау да жатады деген түсінік қалыптасты.
Жекелеген бытыраңқы нүктелер мен бөлшектер тұтас дене, не көрнекті тұлға қалай пайда болады? — деген қисынды сұрақ туьш, сол нәрселер мен тұлғалар бейнесін біз қалайша танып білеміз, әлде қалай қабылдай аламыз? деген мәселенің мәнін түсіну керек болады. Мұнлай сұрақтар психолотиядағы ассоциация бағытына тән болатын. Осындай сұрақтарға сәйкее қабылдау процесі де жекелеген нәрселердің бөлшектерінен өзара мөлшерлес шашыраңқы бөлшектерінің жинақталып көз кабығының торына әсер етуі арқылы көзбен көріп қабылдау процесін тудырады. Қабылдаудың бұл сипаты бойынша көз алдымызда тұрған нәрсенің бөлшектері көзге әсер етіп, олар мидың алаптарында қозу тудырады, өзара байланысып тұтасады да, орталық жүйке жүйесі арқылы бірігіп қабылдау процесін жасайды.

Қабылдау туралы ассоциация теориясының дәрменсіздігі бекерленіп, ол құрылым психологиясы тарапынан сыналады. Бұл бағыт — психикалық процестердің мәнін тәжірибе арқылы зерттеп, адам тіршілігіндегі психикалық кұбылыстардың бәрі де құрылымдық сипатта болады, нәрселерді көріп қабылдау тұтас түрде бейнеленеді. Сөйтіп дәстүрлі ассоциация психологиясының басты принциптеріне қарсы шықты. Құрылым психологиясын жақтаушылар қабылдаудың түйсіктен, елестен сапалы айыр-машылығы бар екенін және олардың жиынтығы емес екендігін көрсетті. Құрылым психологиясындағы мұңдай принцип пси-хикалық тіршшіктің өзге де процестеріне қатысы бар деген пікірді қолдап, бұл көзкарастың шындығын тәжірибеде зерттеу нәтижелерімен анықтады.

Осы орайда В.Келердің қолда өсірген тауыққа жасаған тәжірибесімен танысып көрейік. Тауық екі түрлі түсті нәрселердің қарапайым ассоциациялы қосындысы ретінде емес, олардың арасындағы айырмашылықты көрсететін жиекті тұтас түсірілген жарыққа лайықты қабылдаған. Түстердің шегі жарык беру арқылы өзгертілгенімен қабылдау жиегі бұрынғыша қалпын сақтап өзгермеген. Тәжірибенің бұл тәсілдері алдымен төменгі сатыдағы хайуанаттарға, одан кейін адам тектес маймылдарға, ақырында бұл тәжірибенің тәсілін өзгертіп балалардын қабылдау процесін анықтауға қолданған. Тәжірибе қорытындылары қабылдаудағы тұтастық сипаты оның бөліктерін өзгерткенмен бұрынғы қалпын сақтап қалған. Осы тәжірибе керісінше тұтастық құрылымды өзгертіп жүргізгенде де қабылдаудың пайда болуындағы тұтастық сақталатыны белгілі болған.

Енді осы бағытта Г.Фолькельттің өрмекшіге жасаған тәжірибесімен танысайық. Өрмекші ұясына шыбынды өзі ұшып келғендей етіп тастайды. Осы мезетте өрмекші шыбынды ұстап жеуге әрекеттеніп, оған ұмтылады. Ал сондай шыбынды бөлшектеп өрмекші ұясының шегіне қойғанда өрмекші оған реакция да жасамаған. Бұл өрмекшінің өз жемісін тұтас түріңде қабылдайтындығын көрсетеді де, ал бөлшектенген шыбын оған қажетсіз нәрсе болып қалған.

К.Готгшальд тәжірибелеріне назар салайық. Зерттеуші сыналушыға күрделі заттың бөлшектеріи жекелеп алып, оларды сыналушыға жүздеген рет көрсетеді де, осы көргендеріңді ұмытпау үшін жаттап ал дейді. Басқа бір жағдайда сыналушыға сол күрделі заттың бөлшектерін өзгеше түрінде жинап әкеп көрсеткенде, бұрыңғы жаттап алған бөлшектерді және затты танымай қалады. Демек, бұл орайда бұрыңғы тұтас түрінде қабылданған затгың құрылымы өзгерген сон оны сыналушы тани алмаған.

Мұндай тәжірибелердін, мән-жайы белгілі болғандықтан, оларды тәптіштеп талдап жатудың қажеті бола қоймас деймін. Балалар психикасының даму ерекшеліктерін түсіну үшін қабылдау процесін жаңа құрылым теориясы тұрғысынан қарастырудың қаншалықты маңызы бар? Қабылдау жайындағы ассоциация теориясының мәні баланың жалпы психикалык даму ерекшеліктеріне ұксас деуге болады. Мұндай түсінік баланың туған күнінен басталып, оның бүкіл өміріндегі психикалық дамуымен тығыз ұштастырылып, оның бойында сол ассоциация байланыстары негізінде жаңа қасиеттер қалыптасады. Дәстүрлі ассоциация психологиясының принциптеріне сәйкес бөбектің қабылдауы бастапқы кезінде нәрселердің бытыраңқы бейнесі (түйсік) сипатында болып, ол К.Бюлердін айтуынша шашыраңқы түсініктердің тағылык бейнесіне ұксайды дейді.

Мен университетте оқып жүрген кезімде бөбектің қабылдауына қатысты ерекшеліктерді былайша түсіндіруші еді бөбек нәрселердің ащы, қышқыл дәмін ажыратуға қабілетті және ол жылылық пен суықтықты қабылдай алады, дүниеге келген соң біраз уақыттан кейін дыбыстарды, заттардың түр түстерін де қабылдай алады. Бірақ мұның бәрі де бытыраңқы түйсіктер дейтін. Осы бағытта түйсіктердін бірсыпыра түрлері белгілі бір нәрсенің қасиеттері, сол белгілерді бала бір мезгілді комплексті түрде түсініп, соның нәтижесінде қабылдауы пайді болады дейтін-ді. Бөбектің комплексті сипаттағы қабылдауға жекелеген түйсіктерден ерекшеленіп тұруын кейбір зерттеушілер бір жастағы бала дамуын айлық мезгілдерге бөліп қарастыруы мен салыстырып көрген. Олар 4 айлық баланың қабьшдауы нәрселердің өзара байланысы түрінде тұтас сипатта болады деп, санайды. Ал сол зерттеушілердің кейбіреуінің айтуынша қабылдау бөбектің 7 не 8 айлығында пайда болады.

Құрылым психологиясыныңщ көзкарасы бойынша баланың қабылдауы жайындағы түсініктерге сын көзбен карап, жалпы қабылдау өзара байланысыз бытыраңқы бөлшектер жиынтығынан құралады дейтін идеяға қарсы шығып, қабылдаудың дамуы төменгі сатысынан бастап нәрселердін тұтас түріндегі бейнесі деген пікірді қостайды.

Кёлер «Адамның қабылдауы» деп аталатын еңбегінде адамның қабылдауы да нігізінен хайуанатгардың қабыллау заңдылығына ұқсас, бірақ адамның қабылдау қасиеті хайуанаттармен салыстырғанда әлдекайда нәзік, нақты әрі айқын сипатта болады дейді. Сонымен бірге, Келер адамның қабылдауы жануарларға қарағанда жоғары дәрежеде тұратындығын айтады.

Құрылым психологиясының өкілдері, даралап айтқанда, Фолькельттің балалардың қабылдау процесіне қатысты зерттеу-лерінде қабылдаудың тұтастық қасиеті нәрестелік кезеңнен басталады және сол сипатта қалыптасады деген пікірі бұл ағымды тығырыққа әкеп тірегендей болды. Өйткені құрылым психологиясы өкілдерінің қабылдауды баланың нәрестелік кезеңнен басталып, оның мәні тұтас сипатта болады деп санауы сынар жақты қорытынды еді. Осы жағдайда мынадай мәселенің мән-жайын анықтау кажет болды.

Егер қабылдау нәрестелік кезеңнен бастап нәрселердің тұтас бейнесі ретінде қальштасатын болса, онда балалар мен ересек адамдардың қабылдауы арасында кандай айырмашылык бар?

Бұл мәселені шешуде құылым психологиясының өкілдері өздерінің осалдығын байқатты және өздері іздестірген фактілер мен теориялық тұжырымдарын дәйектей алмады. Құрылым психологиясының қабылдау процесі жайындағы дәрменсіздігі бір жағынан, бұл ағымның зерттеу жүргізудегі методологиялық саяздығын көрсетсе, екінші жағынан,тұтастық деген ұғымның мәнісін түсіндіруде метафизикалық көзқарасқа ұрынғанын байқатты. Нәтижеде біздер құрылым исихологиясы ағымындағы бірімен-бірі сабақтас екі пікірмен ұштастық. Оның бірі — Қ.Готтшальд пен К.Коффка зерттеулері. Бұл екеуі де қабылдаудың адамның даму кезеңдеріне орай қалайша даму сипаттарын ажыратыи көрсете алмады. Ал екіншісі — Фолькельт зерттеуі. Бұл зерттеуде қабылдау адамның барлық даму сатыларында нәрестелік кезеңінде қалыптасқан біртұтас құрылымды сипатта болады деп анықталады. Ол барлық нәрсе өзгеріссіз өз күйін сақтайды деген пікірге сүйенді.

Мен құрылым психологиясының қабылдау процесіне қатысты тығырыққа тірелген жағдайынан шығу үшін, балалар қабылдауы-ның дамуын дұрыс жолға салып іздестіру ниетімен, олардың табиғи даму кезеңдерін қарастырған тиімді болар деп санаймын. Бұл мәселе бұрыннан келе жатқан біздерге мәлім жағдай. Бұл мәселенің шешімін табуды алғ;аш рет ойластырған психофизиолог мамандар, атап айтқанда Г.Гельмгольц қолға алып зерттеген еді. Алайда бұл мәселе одан әрі іздестірілмеді. Ал соңғы екі он жылдың ішінде бұл мәселені іздестіру қайтадан су бетіне қалқып шықты. Мәселенің түпкі мәні мынада: қазіргі ересек адамдардың қабылдауын түсіндірудің өзіндік қиындығы бар және өзге психикалық процестерден айырмашылығы бар екендігі даусыз.

Олай болса, біздің қабылдау ерекшелігіміздің миы зақымдальш, ауруға душар болған адамдардан айырмашылығы неде? Біз маңымыздары кез-келген нәрсеге зер салып қарайтын болсақ, өзара байланысты, ретті бейнелерін тұтас күйінде қабылдаймыз.

Бұл мәселенін. аржақ-бержағын ой жүгіртіп, оны тәжірибе арқылы іздестіретін болсақ мынадай қаситеттерді аңғарып білеміз.

Бірінші — заттың шамасын қабылдаудың тұрақтылығы. Егер мен ұзындығы бірдей екі затты (екі қаламды) ұстап тұрып көз алдыма жақындататын болсам, көз қабының торына сол екі заттың бірдей бейнесі түседі, Егер сол қаламның бірі екіншісінен 5 есе ұзын болса, онда осы екі қаламның әр қайсысының шамасы түрліше болып бейнеленеді. Демек қаламның ұзын-қысқалы болуы екі түрлі тітіркендіргіш тудыратын болғаны. Бұл тәжірибені одан әрі жүргізіп, сол қаламның ұзынын көз алдымнан 5 есе қашықтатсақ онда екі түрлі қаламның көз қабығындағы торға түскен бейнесі шамалас болар еді. Бірақ осы ұзындығы екі түрлі қаламның ұзынын қашықтатып, оның екеуін де қатар қабылдасақ олардың ұзындығы түрліше екендігі айқын байқалады. Мүндай көріністің психологиялық мәні неде? Не себептен мен бұл қаламдардың шамасы түрліше деп қабылдаймын?

Осы қабылданған екі түрлі заттың түрліше қашықтықта тұрғанымен олар өз қалпында қаңдай болса, дәл сондай болып бейнеледі. Бұл — қабылдаудың тұрақтылык қасиеті. Осы ретте заттардың биологиялық қасиетін де ескеру керек. Мынадай мысал келтірейік. Жыртқыш аңдардан қорқатын хайуанаттар өздерінің. жауымен арасы 100 қадам қашықтықта тұрып өзінің табиғи тұрқынан 100 есе кішірейіп көрінсе де, оны хайуандар сол күйінде қабылдап одан қауіптеніп секем алады. Заттар мен жыртқыш аңдар белгілі қашықтықта орналасқанымен олар сол өз қалпында қабылданбаған болса, онда хайуандар жыртқыштардан қауіптеніп сескенбенген болар еді” Мұндай биологиялык заңдылық заттардың өзіндік тұлғасының тұрақты түрде бейнеленіп отыратыңдығын көрсетеді.

Демек, осындай мысалдардан біздер биологиялмк механизмнің заттардың шама-шарқы мен мөлшері, кеңістікте орналасуы түрлі жағдайға сәйкес орнын өзгерткенмен, олардьщ тұрақты қасиеттері үнемі сақталып отыратындығына толық көзіміз жетеді. Енді нәрселердің түс-тірін (реңін) қабылдаудары тұрақтылықты іздестіріп көрейік, Э.Геринг өз тәжірибелерінде бордың сынығы түс кезінде кас қарайған мезгілмен салыстырғанда күн сәулесін 10 есе артық қабылдап жарқырай түсетінін айтады. Ымырт кезінде бор ақ түсті, ал көмір қара түсті больш қала береді. Өзге де нәрселердің түр -түстеріне қатысты зерттеу нәтижелері де әртүрлі жарықтың түсуіне қарамастан өңдерін өзгертпей бір қалыпта қала береді. Дегенмен нәрселердің тұр-түсі әр түсті жарықпен шаталысқаңда сапасын өзгертіп, адамда әр қилы тітіркендіргіштер тудырады.

Нәрселердің шамасы мен түр-түсінің тұрақтылығы сол заттгардың тұлғасының да тұрақты екенін көрсетпей ме? Мысалы, мына менің алдымда жатқан зат портфель ғой. Осы портфельді жоғарыдан да, жанынан да қарасаң сол портфель күйінде өзгерместен жата береді. Осы орайда Гельмгольц сурет пәнінің оқытушысы өз шәкірттеріне сурет салдыру үшін нағыз столдың толық тұлғасын емес, сол столдың кесіндісін көріп отырғанын айрықша етіп түсіңдіру әлдеқайда қиьш болатындығына баса мән берген.

Нәрселердің шама-шарқы мен түр-түсінің тұлғасының тұрақтылығына қатысты өзге де қасиеттерімен толықтыруға болар еді. Бұл мәселенің бәрі тікелей бақыланатын қасиеттер құрылымы деп аталады. Тікелей бақылаудың өзі тағы да заттарды дұрыс қабылдай білу. Соңдықтан біздер тікелей бақылау нәтижесінде нәрселер мен құбылыстардың құлпырып өзгеруі кеңістікте орналасу жағдайына қарамастан, оларды бұрмаламай дәл сол күйінде тұрақты жағдайында қабылдаймыз.

Біздің нәрселерді айқын қабылдап, оларды реттеп отыруға байланысты көптеген өзекті мәселелерді қарастыруда басты мақсатымыз — балалардың қабылдау процесін дамытуға арналған. Бұл мақсатты жүзеге асыру жолында қажетті проблемалардың шыңдығын ашып беретін тиісті зарттеулерді іске асыруда ассоциация психологиясы мен құрылым психологиясының өкілдері кедергі жасап, оларды іздестіруді өрістетуге тосқауыл болды.

Г.Гельмгольц осы мәселенің тоқырап қапуына өкініш білдіріп, қабылдау процесін бақылау негізгі әдіс емес, оның дамуына орай пайда болған көзқарас деген-ді. Қабылдау процесінің өзге де қасиеттері жайында Гельмголыцтік өзіндік пікірлері мен идеялары болды. Алайда оның зерттеулеріңде қабылдауды тікелей бақылау нәтижесі деп санауы шындыққа сай келе бермейтін жағдай еді. Өйткені қабылдау бастапқы порцесс емес, ол пси-хикалык дамудың жемісі деп санау керек еді. Мұңдай шындыққа сай келетін кесімді пікірді Гельмгольц өз кезіңде ғылыми талапқа орай көтере алмады. Бұл бірінші.

Екінші, қабылдаудың тұрақтылық қасиеті оның ішкі құрылысының өзгеруі және өзіндік ішкі қасиеттерінің дамуы жеке процесс шенберінде тұйықталып қалмай, ол басқа да психикалық кызметтердің, жүйесімен байланысты түрде әрекеттесіп отыратындығын жете түсіну қажет еді.

Гельмгольцтің санасыз ой қорытындысына сілтеме жасауы бұл мәселені ұзақ жылдар бойы іздестіруге кедергі болған сәтсіз болажамы еді. Дегенмен қазіргі зерттеушілердің айтуынша көру қабылдауының пайда болуы күрделі тітіркендіргіштердің әсерімен жасалып, олар сонан соқ өзара бірігіп отырады дейд.і Мен сіздерге Гельмгольц жорамалына сәйкес қаламды көз алдымнан 5 есе қашықтатсам, онда ол 5 есе кішіреюі керек қой. Егер біздің көз алдымызда қалам болмай, оның әсер еткен бейнесін көрсетіп,. заттардың өзін алып кетсе, бейнесі түскен экранды бізден 5 есе қашықтатса, онда Эмарттың заңы бойынша қаламның бейнесі 5 есе ұлғайған болар еді. Бірақ экранды көз алдымыздан әрі қарай жылжытып әкеткенде заттың шамасы өзгермеуі тиіс. Демек, мен бұл орайда затты қабылдау мен оның адамның көз қабы торына түскен бейнесі біріне-бірі тең болуға тиісті еді демекпін. Бейне экраннан алыстаған сайын 5 есе үлғаюы керекті, ал зат 5 есе кішірейеді, бірақ бұл зат бірізділік бейнемен ұласуға тиісті, соған орай тітіркенудін өзгеріссіз пайда болатындығы айқын нәрсе.

Бейнелерді тұрақтандыру ниетімен жүргізілген батыл тәжірибелер затгар мен олардың қашықтығы арасындани қатынас Эмарт заңына қайшы кері пропорциялы болатындығын көрсетеді. Егер бұл жорамал акикат болса, оңда заттарды біздерден неғүрлым ашықтатқан сайын олардың кішірейіп көрінуін. түсіндіру қиын болар еді. Сондыктан мұндай тәжірибені үйлесімді етіп жүргізу үшін мынадай тәсіл қолданған тиімді болар еді. Заттар біздің көз алдымыздан өте тез шапшаңдықпен қозғалып, әкетілуі керек. Сонда біздер көз алдымыздан әкетілген заттардың өзгеріп кішірею шамасын аңғармай қалар едік.

Қабылдаудың биологаялық тұрғыдан тұрақтылығы мен өзгергіштігінің зияны бірдей деуге болады. Егер дүниедегі заттар үнемі өзгеріп тұратын болса, онда біз өмір сүрген ортаға бейімделе алмай, алыс-жақынды ажырата алмас едік. Марбург мектебінің зерттеушілері мұңдай тәжірибелерді одан әрі іздестіре отырып, қабылдау бейнелерінің өзгеріштігі эйдетикалык (айқындық) сипатга болады деді. Эйдетикалық бейне Эмарт заңына бағын-байды. Өйткені заттар көзден қашықтаған сайьш шамасынын кішіреюі бірден өзгермей, баяулап барып өзгереді.

Осы әдіспен жүргізілген тәжірибелер (нәрселердің түсінің өзгеріп қабылдауы мен эйдетикалық бейнемен қабысуы) шындықты дұрыс бейнелей алатындығын көрсетті. Осы зерттеудегі шындықтан ауытқу 1/10 бөлікке тең болса, ал теориялык есептеу мен нақты тәжірибе арасындағы алшақтық 1/5 бөліктей болып шықты.

Бұл мәселені жүйелеп теориялык жағынан қорытындылаудын мынадай өзара ұштасты екі түрлі мәселенің мәніне тоқталып өтуді қажет деп санаймын.

Оның бірі — мағыналы қабылдау. Бұл ерекшелік бір-қалыпты дамып, ой-өрісі жетілген адамға тән қасиет.

Қабылдаудағы тағы бір ерекшелік — ересек адамдардағы тұрақтылык пен мағыналық Мысалы, менің қолымдағы жазу дәптерім төрт бұрышты, ақ қағаздан жасалып, жазуға арналған. Ассоциация психологиясының түсінігінше де бұл жазу дәптерінің аты мен мәнін бейнелейді. Оның үстіне жазу дәптерін пай-даланушы өз пікірін қосып қабылданған заттың мәнін толық-тырады.

Г.Роршахтың тәжірибесін бірсыпыра зерттеушілер жал-ғастырып, оны соңғы кезде жас зерттеуші Э.Блейлер жүйеге келтіргенін сіздер білесіздер. Олардың тәжірибесі А.Бинеден бас-талатын сия тамшысының мағынасыз данын қабылдауға арналған. Бұл тәжірибеде қабылдаудын мағыналық ерекшелігіне мән берген Бине сияның қағазға түскен тамшысын бір бет қағазға түсіріп, оны ортасынан бүктеп екінші бетпен беттестіргенде дақтан белгілер пайда болған. Осы бейнелерді оқушыларға көрсеткенде олар мұны сия тамшысы демей, бірі иттің, екіншісі сиырдың үшіншілері аспандағы бұлттың бейнелері деп қабылдаған. Өйткені балалар бұрын-соңды сия тамшысынан пайда болған мағынасыз бейнелерді көріп, оларды талдамаған.

Мен қазір алдымда жатқан бірнеше заттардың жеке белгілері мен сипаттарын көріп отырмын. Олардың ішінен бір заттың мән-жайын барлап, оны айқынырақ қабылдаймын. Мен шамды, үстелді, адамдарды көріп отырмын. Міне, осындай жәйттердің бәрі, Бюлердің айтуынша, қабылдау адамның көрнекі ойлауының бір бөлігі. Осы көріп отырған заттардың бәрі бір мезгілде әсер ететін болса, бұл қабылдаудың көлемін құрайды. Осы бағытты ұстанған бірсыпыра зерттеушілердің пікірінше адамның ойлау Үстінде қабылдауында алдану (иллюзия) пайда болады дейді. Ойдың құбылмалы болу салдарынан қабылданған нәрселердің бейнесі бүрмаланады. Бұл — аддану.

Тағы бір мысал ретінде ІПарпантье алдануын қарастырайық. Біз цилиндр формасындағы затты қолымызға алып салмақтап көреміз. Формасы кіші цилиңдрдің салмағы ауырлау болып қабылданады. Өйткені кіші цилиндрдің массасы біздің, түйсінуімізше тығыз. Біз сол заттардың көлемі мен салмағы жайында мағыналы қабылдаудан әлі арыла қойған жоқпыз. Сондықтан біздер заттардың сыртқы түріне қарап алдану пайда болып, тікелей қабылдауымызда қателесеміз. Ересек адамдар осы цилиндрлердін. салмағын анықтау үшін екі көзін жұмып колына алып көрсе екеуінін де салмашнъщ бірдей екенін анықтай алады, Мұндай тәжірибені соқыр адамдарға жасатқанда олар цилиндрлерді көре алмаса да сипап біліп, келемі кіші цилиндрді салмақтырақ дейді. Сонымен мағыналық қабылдауда цилиндрлердің көлемін салыстыру нәтижесінде тікелей түйсіну арқьшы алдану пайда болады.

Қабылдаудағы алдану туралы теориялык қорытынды жасау үшін тағы да бірнеше тәжірибе нәтижелерін келтірейік. Мылқау балалармен жүргізілген тәжірибеде олар көздері көрсе де Шарпантье алдануьша берілмеген, Одан әрі қарай жүргізілген зерттеулер алданудың бұл түрінің диагаостиқалык маңызы бола-тындығын байқатқан. Бұл — Демор симптомы деп аталған. Оның мәні ақыл-ойы мешеу қалған балалардың қабылдауы мағынасыз болғандықтан кіші цилиндрді салмақты деп қабылдамаған. 9-10 жастағы балалармен жұмыс істегенде олардың акьш-ой кемістігінің дәрежесін анықтау ииетімен Демор симптомын қолдану маңызды өлшем болып саналады. Демор тәжірибелерін тексеріп көру үшін Э.Клапаред мынадай пікір айтады: бала қабылдауын дамытуда алданулар тамаша симп-томдык қызмет атқарады дейді. Бұдан былайш зерттеунәтижелері көрсеткендей иіркалыпты дамыған 5 жасқа дейінгі балалар Шарпантье алдануьша берілмейді.

Шарпантье тәжірибелері баланың жас даму ерекшелікгеріне орай өзгергді. Ақыл-ойы мешеулеп қалған балаларда ондай алдану болмайтындығын байқадық. Мұндай алдану мылқау балалардың көпшілігінде кездеспейді. Демордың өз пікірінше бұлл тәжірибе ақыл-ой кемістігінін дәрежесін анықтауда диагаостикалық өлшем бола алады.

Бұл тәжірибенің неге келіп тірелетінін қысқаша анықтау үшін мен жоғарыда баяндалғандай қабылдаудың дамуына қатысты екі түрлі жәйттің мән-жайына тоқталдым.

Жүргізілген тәжірибелер бір жағынан қабылдаудың мағыналығы ересек адамдарға тән қасиет екенін көрсетсе, ал мұндай қаснет балаларда байқалмайды. Қабылдаудың мағаналығы адамда жүре пайда болатын психикалық дамудың жемісі. Екінші жағынан алғанда бұл тәжірибеде айқындалған нәрсе — қабылдаудың тқрақтылық қасиеті эйдетизм құбылысы-мен байланысты болуы. Бұл орайда көрнекі ойлаудың қабылдаумен бірігіп кететіндігі. Көрнекі ойлау мен қабылдаудың өзара айырмашылықтарын арнайы тәжірибе арқылы ғана айыруға болады.

Үшінші мәселе — қабылдаудың мағыналығы өзіндік тиянағы бар мәселе. Бұл мәселені зерттеу әуел бастан-ақ белгілі болып, суреттерді қабылдау тәжірибесімен анықталған-ды. Бұл жәйт балалардың мағаналы қабылдауының сырын ашты. Балалардың жас даму ерекшелігіне ыңғайланып жүргізілген мың сан тәжірибелер статистикалық әдістер арқылы қорытылады. Осы тәжірибелерге балалардың жасына қарай сан алуан сурет көріністерін түрлі мағынада қабылдау деңгейін көрсетті.

Балалардың қабылдау деңгейі түрліше болатындығын көптеген мамандар зерттеді. Солардың бірі белгілі психолог В.Штерн қабылдаудың дамуын әр қилы деңгейлерде топ-тастырады. Нақтылы зерттеу тәжірибелеріне қарағанда авторлардың басым көпшілігі балалардың — қабылдауы негізінен төрт түрлі сатыдан құралады дейді. Алғашқы сатысы — дара заттарды қабылдау, бұл заттың басқышы; екінші сатысы — заттармен жасалатын әрекет; үшінші сатысы — балалардың нәрселерінің белгі қасиеттері мен сапасын көрсетуі; төртіншісі — заттардың бөліктерін біріктіріп тұтас түрінде қабылдауы. Осындай тәжірибелерге сүйене отырып (Германиада Штерн, Рессейде П.П.Блонский), балалар қабылдауының дамуындағы мағыналық қасиетін анықтауды кездейді. Блонскийдің пікірінше бала картиналарды көріп қабылдап, нәрселердің жиынтығын байқайды, одан әрі оның кимыл-қозғалысы мен әрекетін көреді, ең соңында бұл суреттердің тұтастығын қабылдап, болмыстағы шындықты біледі. Блонский тәжірибелерінің шындығы шетел психологтары Штерн, Нейман, М.Роллоф, М.Мухова т.б. зерттеу қорытындыларымен айқындала түсті.

Бұдан 15 жыл бұрын бұл жайттар балалардың қабылдау заңдылығы деп саналған еді. Дегенмен, соңғы 15 жыл бойы із-дестірілген тәжірибелер мұндай заңдылықтарды тұбегейлі өзгертіп, олардың мазмұнын жойды.

Біз қабылдау процесінің әуел бастан біртұтас құрылым екенін білеміз. Осы орайда біздер қабылдау жайындағы ассоциациялы атомистік психологияның, құрылым психологаясының да анықтамаларын естен шығармауымыз керек. Егер бала дамуының кезендеріне сәйкес қабылдаған нәрселерінің мағынасын 10-12 жасқа келгенде ғана білетін болса, олардың даму мүмкіншіліктері кешеуілдеп қалмай ма? Мұндай сұрақ біздерді сезсіз толғантады. Біз ілгеріде тәжірибелік зертгеулер арқылы байқаған нәрселердің қимыл-қозғалысын, әрекеттерін қабылдау заттарды қабылдаудан әлдеқайда ерте пайда болған. Бұл пікірден мынандай зандылықтарды тәжірибе арқылы зерттеп, екі мәселені анықтауды қажет етеді. Бірінші, біздер балалар қабылдауының даму сатыларын қалай түсімдіреміз? Екінші, егер бұл зандылық қабылдау сатыларын дұрыс белгілей алмаса, онда балдырған кезенінен бастап сан алуан суреттерден нәрселердің қимыл-әрекеттері мен белгілерін қалайша ажырата алған?

Мұндай мәселелердің сырын ашып көрсету мақсатымен көптеген еддердің мамандары түрліше әдістерді қолдана отырыл зерттеулер жүргізген. Солардың арасында әсіресе Ж.Пиаже мен В.Элиасберг зерттеулерінің маңызы ерекше. Элиасберг зерттеулерінің маңызы ерекше. Элиасберг зертгеулері балдырған шақтағы баланың қабылдауы жеке нәрселерден құрылмай, ол ажыратылмаран байланыстардан тұрады дейді. Ал Пиаже зерттеулері бойынша балалардың қабылдауы біртұтас, заттар өзара топтасқан сипатта болады дейді.

Демек, Штерннің қабылдау жайындағы бастамасы дұрыс емес. Ал өзге зерттеушілердің айтуынша қабылдаудың сатылы түрісын көтере алмайды.

Енді анықтауды қажет ететін екі мәселе бар. Штерннің көзқарасын бекерлеу жеткіліксіз, өйткені мынандай жәйттің мәнін ашып көрсету керек еді: бала қабылдауының дамуы оған ұсынылған суреттерді түсіруден басталып, оның басқа нәрселерді қабылдауына қарсы қойылады. Мұны дөрекілеу екпінмен айтқанда анықталута тиісті мәселе — бала қабылдауы тұтастықтан бөліктерге қарай дамиды, ал картиналарды қабылдау жеке бөліктерінен тұтастыққа қарай дамымай ма? Штерн бұл фактіні қабылдау процесінің дамуына орай құрылым заңына сүйене отырып түсіндіруді көздеп, қабылдау тұтастықтан оның бөліктеріне қарай дамиды, ал шындық-тың біздер баяндаған реттік сипаты қабылдаудың мағынасын анық-тауға тән дейді, немесе қабылдаудың көрнекілік оймен бірігуі деп сипаттайды. Элиасберг тәжірибесі бойынша зерттеу нәрселерді мағынасыз тұрде бейнелеп, кейін ол мағыналық қасиеттермен ашастырылады, одан алынған нәтиже де сол сипатга қала береді. Элиасберг материалдар неғұрлым мағыналы болса, олар Штерн зерттеулеріне соғұрлым қарсы болатындығьш айтты.

Москвада өткен психотехниктердің конгресінде біздер Элиасберггің соңғы зерттеу нәтижелерің онын Штернмен пікір тартысын тыңдадық. Штерн дәйектері сәтсіз шықты. Тәжірибе қорытындылары аталған мәселені шешуге Штерннің пайым-дауымен салыстырғанда, әлдеқайда қарапайым және күрделі түрде щешімін табатынын көрсетті. Істің шындығы мынадай жәйттерді анықтады: қабылдау басқыштары (заттығы, сапасы, қатынасы) балалардың қабылдауын сипаттауда жарамсыз көз-қарас екеңдігін көрсетті. Мұндай пайымдаулар балалардың сөйлеу әрекетінің даму сатыларына лайықты екен.

Баланың сөйлеуі әдетте жеке сөздерді атаудан басталады. Бала сөйлеуінің бастапқы кезінде зат есімді білдіреді; одан әрі зат есімді етістікпен байланыстырып, оның сөйлеуінде екі мүшелі сөйлемдер пяйда болады. Үшіңші кезеңінде сын есімдерді қолданып, ең соңында өздері көрген бейнелерді ажыратып, сөздік қорын дамытады. Бала психикасындағы мұңдай кезендер қабылдау сатыларынан айрықша бала тілінің шығып, сөйлеу әрекетінің даму кезендері.

Бұл фактінің мәнін тәжірибе арқылы зерттеп, оны талдайтын болсақ біздерді одан да қызықты жәйттерге жетелейді. Бұл мәселенің мәніл біз арнайы зерттеген болатынбыз. Біз балаға сурет салынған бейнені ұсынып, осы суреттен көргенін айтып беруді талап ететін болсақ онда бала сөйлеуіндегі көптеген зерттеушілер анықтаған сатыларды айқын байқаймыз. Айталық, бала жасына лайықты оған өзі түсінетін картинканы көрсетіп, осы суретте көрсетілгендерге ұқсап ойнашы десек, ол суреттегі жеке кейіпкер болып ойнамайды. Бүл суретте аңды шынжырлап алып, оны жетектеп бара жатқан адам және оны қоршап алған балаларға ойын көрсетін жатқан сәті бейнелеген. Бала суретте бейнеленген кейіпкерлерді даралап ойнамай, ондағы қамтылған нәрселерді тұтас қамтып ойнайтьш болады. Бине зерттеулерінде қамтылған көпшілікке мәлім сурет (қарт кісі мен баланың қол арбамен жүк тасуы) Нейманның Штерннің, Мухованын осыған ұқсас мазмұңдағы зерттеулерімен салыстырып көргенде бала ойындарының мазмұны өзгеше сипатта болған.

Мен баяндалған мазмұңдардан қажетті қорытынды жасау үшін адамның қарапайым қабылдауына қатысты біршама жаңа зерттеулерді атап айтқым келеді.

Соңғы кезде эксперименттік психология иіс, дәм сияқты мә-селелердің мән-жайьш зерттеумен шұғылданады. Нәтижеде гене-тикалық тұрғыдан елеулі табыстарға жетті. Қабылдау мен көрнекі ойлау тікелей байланысты қарапайым сипаттағы қабылдау болмайтындықтан, біздер иіске қатысты қабылдау жайында ғылыми теориямен ұштасатын қорытынды жасай алмаймыз. Осы ретте балалардың алғашқы даму кезеңінде қызыл тұс туралы жалпы түсінігі болмайды, олар қызыл түстің нақты көріністерін ғана біледі. Сол сияқты, біздер иістің бәрін жалпылап түсіндіре алмаймыз, бірақ оны алғашқы қоғамдары адамдар сияқты нәрселердін жеке түр-түсін белгілейтіндей етіп қана анықтаймыз.

Қабылдаудың өзіндік қасиеті бірсыпыра биологиялық рудиментгік ерекшеліктерде, адам мәдениетінің дамуына сәйкес, әсіресе иісті қабылдау қасиеті жоральш кеткендігі байқалады.

Бұл орайда мен Т.К.Кеннигогтің қабылдаудың қарапайым түрлері жайында арнайы зертгеу жүргізіп, жоғары сатыдағы сүтқоректі жануарлармен салыстырып қарағанда, адамдардың қабылдау ерекшеліктері неғұрлым шегініл дамымай қалды деген пікірін костағым келеді.

Қалған бірнеше минут уақытты тақырыпқа қатысты мәселелерге қысқаша шолу жасап, қорытындылауға рұксат етініздер. Біз қабылдаудың орнықтылығы мен мағыналығы немесе оның сөйлеу әрекетімен ұштастығын алып қарастырсақ та үнемі мынадай теориялық маңызы бар фактіге кездесеміз: әрбір қадам сайын баталар дамуында жеке процестер қызметі өзара байланысты. Дамуда қабылдаудың қызметі нәрселер бейнесін айқындай түсетін эйдетикалық еспен ұштасып, заттарды тұтас көрнекі түрде қабылдауға мүмкіндік береді. Осындай бейнелер құрамындағы қабылдау ішкі әрекет. Нақты қабылдаумен бірігіп, оны орнықтырады” Алайда, біздер қабылдау тиянақтылығын анықтау ниетімен тікелей әсер еткен нәрселердін мән-жайын тани алмаймыз. Сол себепті біздер заттардың мәнін бірден даралап ажырата білуге өреміз жете бермейді. Тәжірибе бойынша мынадай жәйттердін сыры мәлім болды. Тікелей қабылдау сөзбен, сөйлеумен байланысты екеңдігін балалар қабылдауының даму ерекшеліктері көрсетті. Бала қабылдаған нәрселерінін мән-жайын сөзбен, сөйлеу әрекетімен ұштастырады. Соның нәтижесінде оның дүниетанымы дамиды. Бала қабылдаған нәрселерді сөзбен жеткізеді. Мұндай жәйт бала дамуында жекелеген психикалық процестердің өзара байланысты қызмет атқарып, сананы дамытады. Осы тұрғыдан алғанда ассоциция психологиясы мен құрылым психологиясының бағыты бірізді екендігін көрсетеді.

Біз бұл орайда қабылдау процесінің түрлі сатыларында даму ерекшеліктерін өзге психикалық процестер қызметінен бөліп алып қарастырсақ онда қабылдау жайындағы теориялардың бәрі дәрменсіз шындыққа сай келмейтін көзқарастар дер едік. Дегенмен мен баланың даму процесінде қалыптасып отыратын психикалық қызметтер психологиялық жұйелер деп атар едім.

Сонымен, тәжірибелік зерттеу нәтижелері баланың барлық дерлік даму кезендерінде әр түрлі жаңа жүйелердің пайда болып отыратындығын ашып көрсетіп, сол жүйелер ішінде қабылдаудын өзіндік қасиеттерінің бар екендігіне көзіміз жетеді.

Жеке процестер атқаратын қызметтер арасында жаңадан пайда болатын байланыстар мен даму нәтижесінде қабылдау өзінің даму сатысында қалыптасқан бірсыпыра қасиетгерінен ажырап, «бостандық* алады. Енді ондай қызметтер өзге процестердің еншісіне ауысып, өзіндік жаңа сипатка ие болады.

Ойымды қайталамау үщін айтайын деген сөзімді бір сөзбен білдірейін: қабылдауда бастапқы даму кезеңі қимыл-қозғалыспен тікелей байланысты болғандығын тәжірибелік зерттеулер анықтады. Ол тікелей сезіп білудегі қимыл-қозғалыстың тек бір жағын ғана білдіреді, ал жылдар бойы даму нәтижесінде қабылдау өзіндік мағынаға ие болып, қимыл-қозғалыс әрекеттерінен арылады. Осы салада К.Левин өзгелерден артық енбектенген зерттеуші. Ол бала қабылдауындағы қимыл-қозғалыс ішкі процестердің дамуымен бірге- қальштасқан дейді. Левин баланың қабылдауы қимыл-қозғалыспен байланысты өзге де ерекшеліктерден бөлектеніп өзіндік айқын сипатка ие болғанда көрнекі ойлаумен байланыспауы мүмкін деген пікірді қолдайды.

Г.Фолькельт, Крюгер және т.б. лейпцигтік зерттеушілер қабылдау бастапқы дамуында қимыл-қозғалыс әрекетімен қандай байланыста болса, сезім күйі және реакциялық эмоциямен де сондай тығыз байланысты деп санады. Крюгер қабылдауды «сезім тектесті эмоциялык қабылдау» деп атауды ұсынды. Дегенмен ол өзінің соңғы зертгеулерінде бұл пікірінен бас тартып, балалар қабылдауының аффектімен” сезім-эмоциямен тікелей байланысты болмайтындығына біртіндеп көз жеткізді.”

Тұтас алғанда, біздер Лейпциг зерттеушілеріне жете мән беріп, олардың психологиялық қызметгер жайындағы нақты зертгеулеріне тиісті баға бердік. Олардың зерттеулерінде қабылдауға қатысты біршама мәселелердің- қамтылғанын көрдік.

Бұдан былайғы Лейгадаг зертгеушілерінің еңбектері өздерінің методолоғиялық көзқарастарындағы қателігіне орай маңызы мен күшін жоғалта бастадм. Өйткені қабылдаудың даму сипатын одан әрі зерттеу өзгеше методологиялык негіздерге тіректеле отырып зертгеуді кажет етті.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *