Экономиканы мемлекеттік реттеу әдістері

Экономиканы мемлекеттік реттеу әдістері
Экономиканың мемлекеттік реттеу әдістері дегеніміз – бұл экономиканы мемлекеттік реттеу мақсаттарын орындау үшін, әлеуметтік – экономикалық процестерге, объектілерге ықпал жасау әдістерінің, амалдарының және құралдарының жиынтығы. Қазіргі нарықтық экономика – бұл аралас экономика. Бұл экономикада нарық берекетсіздігі, мемлекеттік реттеу, басқару органдары арқылы шектелініп, реттеленіп экономикалық қатынастарының мақсатты ұйымдастырылған сипат алады. Аралас экономикада реттеу әдістері әкімшілік, құқықтық, экономикалық реттеу құралдарынан тұрады.

Мемлекеттің басқару реттеу органдары
Мақсатты ықпал (экономикалық объектілері)
Реттеу әдістері

Әкімшілік Құқықтық Экономикалық
1)мемлекеттік тапсырмалар, бұл мемлекет тарапынан баға
жобалар, бағдарламалар шығарылған заңдар, несиелер
2) лимиттер мен квоталар жарғылықтар, шешімдер, салықтар
(шектеулер) қаулылар ақша саясаты
3)орталықтандырылған амортизация
қаржылыр, бюджеттер саясаты
4) әлеуметтік төлемдер
Экономиканы реттеу әдістерін қоғамның әлеуметтік – экономикалық өміріне, ықпал жасауына қарай 2 түрге бөледі: тікелей және көлбеу.
Тікелей ықпал әдісі – бұл экономиканың кейбір салаларын келесі секторларын мемлекет меншігіне айналдыру, не болмаса кәсіпорындарды мемлекеттің атқару органдарының шешімдеріне бағындыру арқылы іске асырылады. Мемлекеттің тікелей ықпал жасайтын объектілеріне келесілер жатады:
1) өндіріс орындарын, кәсіпорындарды орналастыру және ашылуын, салынуын бақылау
2) Экологияны бақылау
3) Өнімдердің сапасын бақылау
4) Еңбек және әлеуметтік заңдардың орындалуын бақылау
5) Монополияға қарсы бақылау
6) Мемлекеттік тапсырмалар
7) Мемлекеттік сектор және т.б.
Көлбеу ықпал әдісі. Негізгі бағыттары:
1) баға мен пайда динамикасына ықпал
2) еңбекпен қамту және мамандарды даярлау
3) өндіріске жаңалықтарды еңгізуді ынталандыру
4) фискальдік және амортизация саясаты
5) бәсекелестікті ынталандыру
6) инфроқұрылымды құру және аймақтық саясат
7) мемлекеттік болжамдау және бағдарлау
Күнделікті өмірдегі әлеуметтік –экономикалық процесте тікелей және көлбеу ықпалдары бір – бірін толықтырып отырады.

Читайте также:

1 комментарий

  1. НУРЕКЕ:

    ДЫМ ҚЫЗЫҚ!!!! рефераттарыңыз өте төменгі сапада! жүктедім басы сай келгенімен аяғы онша емес екен рахмет сіздерге! бір сөзбен айтқанадаааааааааааааааа ДАЛБАСА!)

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *