Экономикалық дамудың циклділігі

Экономикалық дамудың циклділігі және экономикалық өсім

Өнеркәсібі дамыған елдердегі экономикалық даму циклді сипатта: құлдырау, өрлеу, қаржылық дағдарыс, жандану, қайта құлдырау, қайта жандану және т.б. Осы фазалар спираль тәрізді тәртіппен жүреді, прогрессивті қозғалыс. Циклділік экономиканың теңдік жағдайынан ауытқуы. Ауытқудың үш түрі болады:

1.Товарлар мен қызметтер ұсынысының сұраныстан ауытқуы қысқа және ұзаққа созылуы мүмкін;

2.Құрал жабдықтарға сұраныстың өзгеруіне байланысты ауытқу;

3.Бір технологиялық өндіру әдісінен екіншісіне көшумен байланысты ауытқу.

Қазіргі заманғы экономистер цикл себептерін үш түрлі түсіндіреді:

біріншісі, циклді сыртқы факторлармен (экзогенді) байланыстырады; екіншісі ішкі факторлармен (эндогенді) байланыстырса, үшінші көзқарас цикл экзогенді және эндогенді фокторлар синтезінен дейді.

Сыртқы (экзогенді) факторларға экономикалық жүйеден тыс факторлар, яғни халық санының өсуі немесе кемуі, технологияның толық өзгерісі, саяси өзгерістер т.б. жатады. Ішкі (эндогенді) факторларға жүйе ішіндегі: тұтыну, инвестиция, үкімет қызметі т.б. кіреді.

Қазіргі цикл туралы ілім Самуэльсон мен Хикстің іскерлік циклі ілімімен байланысты. Онда экономикалық цикл ұлттық кіріс пен тұтыну және капитал жинағының өзара әсері ретінде қарастырылады. Бұл байланыс тұрақты және мультипликатор мен акселератормен сипатталады. Мультипликатор капитал салымы өсімінен ұлттық кірістің қаншаға өсетіндігін өлшейді. Акселератор салым өсімінің ұлттық кіріс өсіміне тәуелділігін өлшейтін көрсеткіш.

Цикл ЖҰӨ өсімінің қарқыны, сауда көлемі, баға деңгейі, жұмыссыздық деңгейі сияқты экономикалық белсенділіктің әртүрлі көрсеткіштерінің тербелісінің жиынтығы.

Экономикалық жүйе төрт фазадан тұратын циклда дамиды: жандану, өрлеу, жоғарғы шек, құлдырау. Құлдырау фазасында запастар жойылады, өндірістік инвестиция азаяды, еңбекке сұраныс кемиді, товар бағасының өсу қарқыны азаяды, пайда күрт кеми бастайды, несиге сұраныс азаяды, проценттік ставка төмендейді. Құлдыраудың максималды нүктесі рецессия мен депрессия.

Өрлеу құлдыраудың айнадағы бейнесі сияқты, барлығы кері бағытта жүреді.

Жоғарғы шекті нүкте іскерлік белсенділіктің шыңы, экономика максималды мүмкіндіктері шегінде қызмет етеді, инвестициялық және тұтынушылар шығындары өте жоғары, товарларға сұраныс та баға да өседі.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *