Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем

Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем
Бұл Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем Құрамындағы жай сөйлемдер білдіретін ой өз ара мезгілдес, бағыттас, ыңғайлас мәнде, қарым-қатынаста айтылған салаластық түрін ыңғайлас салалас дейміз.

Ыңғайлас салаластың құрамындағы жай сөйлемдер білдіретін ой қатарлас; бір мезгілде, бір мәнде болып жатады я олар бірінен соң бірі болатын іс-әрекетті білдіреді.
Ыңғайлас салаластың құрамындағы жай сөйлемдер бір-бірімен жалғаулық шылаулар (және, да, де, әрі) арқылы да, жалғаулык шылаусыз, іргелес тұрып та байланыса береді. Осыған қарап оны жалғаулықты ыңғайлас салалас және жалғаулықсыз ыңғайлас салалас деп екіге бөлеміз. Мысалы, Өнерді түсінбейтін инженер — нашар инженер, қиялдай алмайтын конструктор — конструктор емес, музыканы сезінбейтін және поэзияның кереметін түсінбейтін ғалым — әншейін өзін жұтатқан адам (Т. А. Ильина). Винтовканың шаппасын тежеп қойғанда затвордың серіппесі сығылады да, потенциялық энергия жиналады (III. Мұртаза) дегенде, бірінші кұрмаласта ыңғайлас мәндегі үш жай сөйлем бір-бірімен ешбір жалғаулықсыз, іргелес байланысқан: олардағы ой — өнерді түсінбейтін, қиялдай алмайтын, музыканы сезіне алмайтын инженер, конструктор, ғалым туралы да, екінші салаласта винтовканың шаппасын тежеп қойғанда, біріншіден, затвордың серілпесі сығылуы және, екіншіден, потенциялық энергияның жиналуы жайында айтылып, ол екеуі де жалғаулық шылау аркылы байланыскан. Әрі, да, де жалғаулық шылаулар кейде әр жай сөйлем сайын кайталанып келіп те, қайталанбай бір-ақ рет қолданылып та ыңғайлас құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдерді байланыстырады, ал және жалғаулық шылауы ешбір қайталанбай бір-ак рет колданылып, жай сөйлемдерді салаластыра байланыстырады. Кейде ынғайлас салалас екеу емес одан да көп жай сөйлемнен де құралып, жай сөйлемдер әрі жалғаулық шылау арқылы, әрі жалғаулықсыз іргелес байланысады. Мысалы: Хауыздың бетіндегі фонтандардың көлеңкесі дір ете түсті де, кипаристердің жапырақтары сыбдырлады, осы сәтте сән-салтанаты тілмен айтып жеткізгісіз сарайдың есігі баяу ашыла берді («Қазақ әдебиеті») деген салаластың бірінші және екшші жай сөйлемдері бір-бірімен де жалғаулық шылауы арқылы байланыскан да, екінші және үшінші жай сөйлемдер бір-бірімен жалғаулықсыз, іргелес байланысқан.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *