Шаш пен тырнақ күтімі, гигиенасы

Шаш пен тырнақ күтімі, гигиенасы
Адамның шашы ерекше жаралған табиғат көрінісі. Адамның сұлулығы шашқа байланысты. Әсіресе әйел адамдардың байлығы мен сұлулығы, олардың шашы. Ешқандай зергерлік заттар адам шашын айырбастай алмайды. Сондықтан да шаш өте ұқыпты түрде күтуді қажет етеді. Шаш қорғаныс ролін атқаратынын айтпай кетуге болмайды.

Адам шашы бірнеше жыл бойы өсуін тоқтатпайды. Әйел адамдардың күніне 50 тал шашы тусіп, 50 тал шашты өсіп шығып отырады. Адам басындағы шаштың саны әр адамда әр қилы болады. Орта есеппен алғанда адам басында 140 000 тал шаш болады. Қара түсті шаш баста 100 000-дай. Шаштың жақсы өсуі үшін оны үнемі жақсы күтіп, май жағып отыру қажет. Крем жағып қойған да дұрыс. Ол шашты қоректік затпен қамтамасыз етеді. Шашты жиі-жиі жуып отырудың қажеті жоқ. Шашқа ауру пайда болады. Ұзын құрғақ шашты 3 апта сайын жуған дұрыс. Ұзын майлы шашты 7-14 күн өткеннен кейін жуған жөн. Қысқа шашты 7-14 күн өткеннен кейін жуып отырған дұрыс. Шашты жуу үшін белгілі бір шампунды пайдалану керек, су жылы болғаны дұрыс. Шашты сабынмен жуудың қажеті жоқ. Шаш бір түрлі түскс өзгереді. Жарқырап жайнамайды. Сондықтан да шампунмен жуған дұрыс. Ұзын шашты өте ұқыптылықпен жуу керек. Шашты таратып отыру керек. Майлы шашты сабынды спиртпен жуу керек. Әсіресе калийі көп көк сабынды спиртпен жуған дұрыс. Ол көқ сабын шашты дезинфекциялайды. Шаштың майын бірден кетіріп жібереді. Шампуньмен жуғаннан кейін шашты бірнеше рет сумен мұқият түрде жуу керек. Шампуньнің микробтарын түгелімен кетіру үшін. Шаш жарқырап түру үшін шашты 1 литр суға асқаналық қасықпен 2 қасық 8 %-ті сірке қышқылын қосып шашты шаю керек.
Содан кейін тарақпен тарау керек. Тарақтың жүзі өткір болмағаны дұрыс. Әдетте ең жақсы тарақ капроннан жасалынады. Тарақты таза ұстау керек. Ыстық сумен сабындап үнемі жуып отыру керек. Әрбір адамның өзінің тарағы болуы тиіс. Аяқ-қол саусақтары, тырнақтары және олардың күтімі. Аяқ және қол саусақтарын өсірмей үнемі алып тастаған жөн. Кейбір кездерде газет-журналдарда хабарландыру жүреді. Тырнақ өсірсміз деғен. Оны мен түсінбеймін. Тырнақ алу гигиенаның ең бір басты міндеті. Бір аптаға тырнақ 0,5 мм өседі. Жаз айларында тырнақ қыс айларына қарағада тез өседі. Сондықтан да апта сайын тырнақты алып отыру керек. Ұзын болып өскен тырнақтың астына ауру тарататын микробтар көп шоғырланды. Ондай тырнақ денсаулықты нығайтпайды. Тіпті микроскопиялық саңырауқүлақтар (көкзендер) өсуі сөзсіз. Үлкен тырнақ өте сынғыш келеді.

Читайте также:

1 комментарий

  1. Амина Асылханова:

    Өте жақсы жазылған. Айтылғандармен келісемін

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *