Хамелеондар

Хамелеондар құрылысы күрделі, кесірткелерге жақынырақ негізінен орманда тіршілік етуге бейімделген организмдер.

Дене мөлшері әр түрлі болады. Көпшілік түрлерінің ұзындығы 25—35 см өте ірі түрлерінің ұзындығы 50 кейде 60 сантиметр-ге жетеді, өте ұсақтары — 2—5 см болады. Денесі екі бүйірінен қысыңқы, арқасында өткір жалы болады. Аяқтары ұзын, ағашқа өрмелеп шығуға бейімделген. Саусақтары бірімен-бірі қарама қарсы болып, қысқаш тәрізді орналасқан. Ол ағаш бұтақтарын қусырып ұстап, ағаш бойымен тез қозғалуды қамтамасыз етеді.
Олардың құйрығы ұзын, ағашты орап алуға ыңғайлы келеді. Сонымен қатар көзінің құрылысында да ерекшелік болады. Қабақтары қалың, сақина тәрізді, ұсақ қа-быршақтармен қапталған және көз карашықтарының тесігі бо-лады. Оң және сол көзінін, қозғалуы бір-біріне сәйкес келмейді. Бұл көру кеңістігін ұлғайтып, насекомдарды тез ұстауға мүмкіндік береді. Өкпесіндегі ауа қапшықшаларына ауа толғанда, хамелеондардың денесі ісініп ұлғаяды. Тері пигменттерінің өзгеруінен хамелеондардың түсі де өзгереді. Бұған әр түрлі жағдайлар (жарық, температура, жануардың қорқуы т. б.) себепші болады. Бұлардың Мадагаскарға, Африкаға, кіші Азияға, Индияға, Оңтүстік Испанияға тараған бір тұқымдасы белгілі. Бұлардың көпшілігі ормандарда тіршілік етеді. Ағаштың арасында болатын насекомдармен қоректенеді. Насекомдарды ұзын, аузынан тез атылып шығатын, ұшында желім тәрізді сұйық заты бар тілінің көмегімен ұстайды. Кейде хамелеондар насекомдарды өте баяу қозғалып, жасырынып барыпта ұстап жейді. Жұмыртқа салу арқылы көбейеді

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *