Сөйлемнің бырыңғай мүшелері

Сөйлемнің бырыңғай мүшелері
Бір сұраққа жауап беріп, бір ғана қызмет атқарып, бір ғана мүшемен байланысатын екі я одан көп мүшелерді бірыңгай мүшелер дейді. Бірыңгай мүшелер көбінесе тұлғалас болып келеді де, өзара салалас, бірде жалғаулықтар аркылы, бірде жалғаулықсыз дауыс ырғағымен байланысып, бір ғана мүшеге қатысты болады.

Сөйлемнің барлық мүшесі де: бастауыш та, баяндауыш та, толықтауыш та, анықтауыш та, пысықтауыш та бірыңғай мүше бола алады. Мысалы: Ел жата Есбол, Еламан, Рай келді. Шиделі күпілі, сенсең тымақты бұжыр қара кісі ат үріккен жаққа жылан көзін жылдам тастады да, тізгінін сәл тежеді. (Ә. Н.) Құланиек таңды, шашырап шыққан кунді оған биік таулар көрсетпеді (Ғ. Мұст.) Бет-аузына адам тұра карай алмайтын қара шұбар орта бойлы Есенейге аға сұлтан әрі таңдана, әрі қауіптене қарайтын еді. (Ғ. М.)
Бірыңғай мүшелер бір-бірімен ешбір жалғаулықсыз да, жалғаулықтар арқылы да байланысады. Бірыңғай мүшелерді ыңғайлас жалғаулықтар (да, де, та, те, әрі, және, мен, бен, пен), талғаулы жалғаулықтар (я, не, немесе, әлде), қарсылықты жалғаулықтар (бірақ), кезектес жалғаулықтар (бірде, біресе, кей-де) байланыстырады.
Бірыңғай мүшелер өзара жалғаулықсыз байланысса, олардың арасына үтір қойылады. Мысалы: Осының бәрін бір сұмдықпен, кулықпен істемейді (С. С). Сондай-ақ жалғаулық бірыңғай мүшенің әрқайсысымен қайталанып қолданылса да, арасына үтір қойылады. Мысалы, Атын да, кісісін де болжай алмады (М. Ә.) Бірақ деген шылау қарсы мәндес екі бірыңғай мүшені байланыстырады да, бірақ шылауының алдынан үтір қойылады. Мысалы: Ол — батыр, бірақ қолбасы емес. (Ғ. М.) Бірыңғай мүшелердің арасында қайталанбай келген мен, бен, пен, және жалғаулықтары болғанда және да, де, та, те, әрі, не, немесе, яки қайталанбай бір-ақ рет келгенде, үтір қойылмайды. Мысалы: Олжабек пен Жамал қоңыр шокыны бетке ұстап тарта берді. (Мүст.) Ашық та ақ жарқын сөйлейтін сырлас адамдар екен (Ғ. М.)
Бірыңгай мүшелер екеу болмай, одан көп болып, олар жалғаулықсыз байланысып, тек соңғы екеуі гана жалғаулык шылау арқылы байланысса, жалғаулықсыз жерде үтір қойылады да, жалғаулық арқылы байланысқан жерде үтір қойылмайды. Мысалы, Бухара, Ташкент, Түркістан және Жоңғар қалмақтары билеушісі Қалдан Шерінің күнгей шығыс маңын қоныстанады. (Ә. К.)
Сөйлемде бірыңғай мүшелермен қызметтес, тұлғалас болып, барлық бірыңғай мүшенің ортақ жинақтау аты есебінде айтылатын да сөздер болады. Олар жалпылауыш сөз деп аталады.
Жалпылауыш сөз сілтеу (мыналар), жалпылау (бәрі, баршасы, барлығы) есімдіктері мен жинақтау сан есімі, зат есімдерінен болады.
Жалпылауыш сөз бірыңғай мүшелерден бұрын тұрса, одан кейін қос нүкте қойылады. Бұндай жағдайда егер бірыңғай мүшелерден кейін оған ұқсас сөздер тұрса, бірыңғай мүшелерді одан ажырату үшін, ол мүшенің алдынан сызықша қойылады. Жалпылауыш сөз бірыңғай мүшелерден кейін келсе, оның алдынан с ы з ы к ш а қойылады.
АЙҚЫНДАУЫШ.
Сөйлемде кейде бір сөзді я сөздер тізбегін басқа бір сөз я сөздер тізбегі айқындап, дәлдеп, түсіндіріп тұрады. Мысалы: Өзі әнші, өзі сұлу Байтасқа екеуі де — бірі кәрі, бірі жас бала — қызғана да, тамашалай да қараған еді. (М. Әуезов). Бұл сөйлемде екеуі деген сөзді (бастауышты) бірі кәрі, бірі жас бала деген сөздер тіркесі айқындап, нақтылап, яғни екеудің нақты кімдер екенін анықтап тұр. Сондықтан да бұл (екеуі) сөздің сөйлемде атқаратын қызметіне, грамматикалық байланысына айқындауыштың қатысы болып отырады: кім қараған еді?— екеуі де ягни бірі кәрі, бірі жас бала — бастауышты айқындап тұр және бастауыш мәнінде атау тұлғада қараған еді деген баяндауышпен байланысып тұр. Міне осындай белгілі бір мүшені (сөзді) заттық, мекендік, мезгілдік т. б. жағынан дәлдеп, айқындап, түсіндіріп тұратын сөз я сөздер тобы айқындауыш деп аталады. Кейде бұндай айқындауышты оңашаланған айқындауыш деп те атайды, өйткені ол өзі айқындайтын мүшені оңашалап, ерекшелеп тұрады және одан кейін тұрады.
Оңашаланған айқындауыш бастауышты ғана емес, басқа да мүшелерді: пысықтауышты, толықтауышты, тіпті кейде анықтауышты да айқындай береді. Мысалы: Абай былтыр боқырауда, күзем үстінде, қалаға оқуға кеткенде, дәл осы қоныстан, Есембайдан, кеткен болатын (М. Әуезов). Біздерге, қарттарға, жастар сиякты өмір сүруге тура келеді. (Н. Островский).
Оңашаланган айқындауыш әдетте сөйлемде екі жағынан үтірмен ажыратылады. Кейде оңашаланған айқындауыштың өз ішінде немесе айқындалатын сөздер тізбегінде үтір болса, екі жағынан сызыкшамен де ажыратылады.
ҮЙІРЛІ МҮШЕ.
Сөйлемде күрделі мүше тәрізді бір сөзге қатысты болып, бір сұраққа жауап беретін, бірак өз ішінде сөйлемдік қасиеті бар сөздердің синтаксистік тобы үйірлі мүше деп аталады. Мысалы, Қызылбалақтың машығына бойы үйренген жуас торы ат үріккен жоқ. (М. Әуезов). Бұл сөйлемде Қызыл-балақтың машығына бойы үйренген деген (қандай?) ат сөзін анықтап тұр. Бірақ әдеттегі күрделі анықтауыштан айырмашылығы сол — бұнда өз ішінде бастауышы — баяндауышы бар сияқты, сондықтан жеке сөйлем сияқты болып көрінеді: бойы (несі?) үйренген (қайткен?), бірақ сөйлемге тән интонациясы болмағандықтан, өзі қатысты (анықтайтын) сөзімен (ат) түйдектеліп, бір интонациямен айтылатындықтан, жеке сөйлем бола алмайды, сөйлем мүшесінің ерекше түрі, үйірлі мүше деп аталады.
Үйірлі мүше есімше я сын есімге аяқталып, үйірлі анықтауыш, іліктен басқа септік жалғаулы зат есімге я заттан басқа сөзге аяқталып, үйірлі толықтауыш, атау тұлғалы сөзге аяқталып, үйірлі бастауыш болады. Мысалы: Білімі күшті (кім?) мыңды жығады (Мақал).Құлақ естігенді (нені?) көз көреді. (Мақал). Сондай-ақ сөйлем ішіндегі таң ата, күн бата, жаз шыға сияқты мезгілдік тіркестер үйірлі пысықтауыш болады.

Читайте также:

комментария 2

  1. шолпан:

    оте жаксы комектести рахмет

  2. Гульси:

    РахмеТ!)

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *