Сүңгуір үйрек

Сүңгуір үйрек тұқымдасы. Сүңгуірлер дене мөлшері әр түрлі болатын тұмсығы жалпақ, тұмсығының ұшында жіңішке қатты тырнақшасы бар құстар.

Артқы саусағының тері қатпары басқа үйректерден гөрі жалпағырақ. Бұлардың түсі кәдімгі үйректерге қарағанда сол-ғындау келеді. Бұл тұқымдас тармағына түрлі сүңгуір үйрек-тер: қызылбасты сүңгуір (Nугоса fегіпа), айдарлы чернеть (Nугоса fulіgиlа, гоголь (Висерһаlа сіапgиlа), түрпан (Оіdеmіа fизса), гаганың (Sоmаtегіа) бірнеше түрлері жатады.
Бұл үйректердің көпшілік түрлері солтүстік ендікте тараған. Өзен үйректерінен бұлардың өзгешелігі суы терең, өсімдігі азырақ суларда, теңіздерде көбірек кездеседі. Бұлардың барлығы да жақсы сүңгіп, күндіз коректенеді. Қоректерін судың терең жерінен іздейді. Су ішінде тез қоғалып жүретін ұсақ жануарларды ұстап жейді.
Ұяларын салғанда сүңгуірлердің бірнешеуі бірігіп жерге, кейбір түрлері (гогольдер) ағаштардың қуысына салады. Қыс-таған және түлеген кезде бірнешеуі бірігіп топталып жүреді. Еті кәдімгі үйректердің етінен қатты, нашар исі болса да, олардың көпшілігінін, кәсіптік маңызы бар.
Гагалар орташа үйрекпен, майда қаздың үлкендігіндей. Ер-кектері шағылысу кезінде ашық түсті келеді. Ұрғашыларының түсі біркелкі қоңыр-бурыл түсті болады. Жыл маусымына бай-ланысты және ересек болған сайын жыныс диморфизмінің өзгергенін де жақсы байқауға болады. Барлық түрі де солтүстікте мекен етеді. Біздің елімізде гагалардың төрт түрі кездеседі. Бұлардың ішінде кэдімгі гага (Sотаtегіа тоllіssіmа) назар аударарлық. Олар поляр шеңберіндегі тундра кеңістігінде, негізінен теңіздердің жиегінде көбірек кездеседі, ал ағашты тундраны сирек мекендейді.
Гагалардың басқа түрлері, Арктика теңіздерінің немесе Ты-нық мұхиттың солтүстік бөлімдерінде мекен етеді. Гагалар қысқа қарай ұя салатын жерлерінен тым алыс емес жерлерге, теңіздің батыс, немесе шығыс жағалауын жағалап отырып, суы қатпайтын жерлерге қарай ұшады. Кәдімгі гагалар ұяларын судың тасты жағалауларына салады. Басқа гагалар тундра батпақтарына да ұялайды. Ұяларында 3 — 8 жұмыртқасы болады, жұмыртқаларын басу мерзімі 28 күн. Тек қана кәдімгі гагалар ұялайтын кезінде ғана бірнешеуі бірігіп топтанып жүреді, ал басқа гагалар ұя салатын кезінде де жеке-жеке жүреді. Гагалардың барлығыда ұяларының түбіне, өзінің бауырындағы мамығынан жұлып жұмсақ төсеніш жасайды. Ұрғашылары ұясынан басқа жаққа кеткенде мамықтарымен жұмыртқалардың бетін жауып кетеді. Бұл мамық өте бағалы болып саналады. Ол жылы, жеңіл және ұзаққа шыдайды, ұйысып қалмайды. Мұндай мамық бір ұяда 18 — 21 г шамасында болады.
Гагалар адамға тез үйір болатын сенгіш құс. Гагалар сол жуас мінезді болуының себебінен, адам мекен еткен жерлерге ұяларын салады, ал адам олардың мамығын сол маңнан жинап алып пайдаланады.
Крохалдер (Мегgіпае) тұқымдас тармағы жіңішке қармақ тәрізді тұмсығының болуымен сипатталады. Олардың тұмсығының жиегінде мүйізді тісшелері болады. Крохалдер балықтар-мен қоректенеді.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *