Суықадыр тауы

Суықадыр – Шу-Іле тауларында, Желтау тауының қиыр солтүстік — батысындағы тау. Мойынқұм ауданының шығысында орналасқан. Абсолюттік Биіктігі 599 м. Суықадыр тауы, негізінен, төменгі палеозойдың тақтатасы мен магмалық жыныстардан түзілген. Беткейлері сай-жыралармен сәл ғана тілімделген. Одан әрі тау беткейлері жазыққа ұласып кетеді. Суықадыр өңірінің ландшафтысы шөлді. Онда шөлге төзімді сораң шөптер өскен. Баурайы мал жайылымына пайдаланылады.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *