Спасск мемориалы
Спасск мемориалы. Екінші дүниежүзілік соғысынан кейін сталиндік лагерьлердегі тұтқындарлар қатарын шетел әскери тұтқындары (жапондар, румындар, немістер, венгрлер, молдавандар, литвалықтар) толықтырды.
Әскерилер негізінде Қарағандыдан оңтүстікке қарай 45 шақырым жерде орналасқан Спасскідегі Песчаный лагерінде тұтқында ұсталды. Қазіргі таңда Спасск қаласының маңында мемориал қойылған, мұнда әр түрлі мемлекеттер қарағанды лагерьлерінде тұтқында болған өз азаматтарына ескерткіш белгілерін орнатқан. Өз отандастарын еске алу құрметіне иелендірген елдер ішінде — Венгрия, Жапония, Италия, Ресей, Германия, Польша, Румыния, Франция, Финляндия, Литва, Филиппин, Украина және кейбір басқа да елдер. Мұнда шаңырақ тәрізді жасалынған ескерткіш те бар – ол қарағандылықтардың қазақ жеріне жан тапсырған саяси құғын-сүргіннің барлық құрбандарына орнатқан еске алу белгісі.