Рибофлавин /В2 витамині, лактофлавин/

Рибофлавин /В2 витамині, лактофлавин/ Тамақта рибовлавин болмаса, баланың бойының өсуі тежеледі және ерін, мұрын, көз, құлақ айналасындағы терінің кілегей қабықшасының бұзылуына, кездің мүйіз қабатының қабынуы мен хрусталиктің күңгірттенуіне (катаракта) әсерін тигізеді.

В2 витамині тотығу және қайтадан қалпына келтіру реак-цияларына қатысады. Олай болса, В2 витаминінің зат алмасуындағы маңызы да өте зор.
В2 витамині әсіресе клетканың яғни организмнің өсіп-өніуіне әсерін тигізеді. Бұл витаминнің тағамдарда жетімсіздігі адамдардың, әсіресе балалар бойының өсуі қабілстін де төмендетсді. В2 витаминінің көздің көру процесінде де үлкен мәні бар.
96
Әсіресе, бүл витамин А витаминімен бірге қараңғы түсе көздің көруіне және әр түрлі айыруына қажет.
С витамині жеткіліксіз болғандағыдай, рибофлавин гапо-витаминозында да алғашқы өзгерістердің бірі — ұқсас қан тамырларынын әлсіреуі, соған байланысты қан айналуы да нашарлай түседі. В2 витаминінің жетіспеушілігі бірте-бірте бауыр мен асқазан қызметіне де зақьш келтіреді. Балалар тағамының құрамында рибофлавин аз болса, олардың бойының өсуі мен салмақ қосуы баяу болады. Жалпы В2 витамині жеткіліксіз болғанда, адам жүдеп, шаршағыш келеді, көзі ашып қызарады, тілі, ерні жарылып, шаншып ауырады. Көзден жас ағып, жарыққа қарай алмайды, көздің көруі де нашарлайды. Кездесетін белгісінің бірі — аузы уылып, екі езуінің кілегей қабығы мен терісі жарылып, қабынуы мүмкін. Оны біздің халық арасында «ауыздық» деп те атайды. Терінің сыртқы қабаты қабыршықтанып кетеді. Организмдегі флавиндер деп аталатын ферменттердің құрамына В2 витамині кіреді. Демек, В2 витамині жетіспегенде ферменттер алмасуы бұзылып, осының әсерінен жалпы заттар алмасу жүйесі зақымданады.
Рибофлавин картопта, капустада, қара нанда, ашытқыда, помидорда, сәбізде, жұмыртқада, бауырда, сүтте және сүттен жа-салған тағамдарда көп кездеседі. В2 витамині дәрі ретінде де қолданылады. Әсіресе жараның тез жазылуына және көздің көру қабілетін арттыруға әсері үлкен.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *