П.К.Ивановтың «Табиғатпен табысқан ғұмырындағы табиғи сауықтыру жүйесі»

П.К.Ивановтың «Табиғатпен табысқан ғұмырындағы табиғи сауықтыру жүйесі»
П.К.Иванов ұзақ жылдар бойы, шынықтыру проблемасымен айналысқаны көп адамдарға белгілі. Өзінің «Қарғаш» атты ілімінде шынықтыруды жан-жақты талдаған болатын. Онда былай деп жазылған: Аптасына 1 тәулік бойы ас-судан бас тарту керектігін қағида ретінде халыққа ұсынған. Жұманың 18, 20 сағатынан жексенбінің (сағат 12-іне дейін ашығу керек) бұл сенің шартың дейді — ол.

Егер ұзақ уақыт бойы аштыққа шыдай алмасаңыз онда бір тәулікке ғана шыда деп П.К.Иванов кеңес береді.
1. Біз — деп жазады П.К.Иванов: Жақсы тамақ ішуге, әбден үйреніп кеткенбіз, көп ішеміз, дәмді тамақтарды ұнатамыз. Тамақ ішуге, жеуге әбден үйреніп алғанбыз. Бұл жануарлықтың белгісі, надандық көрінісі. Тамақты көп ішу ақылды көбейтпейді. 42 сағат ашыққан кезіңізде өзіңізді қалай сезінер едіңіз, басыңыз қалай жеңілдейтіні байқадыңыз ба деп, ол өзіне-өзі сауал қояды. Барлығына шыдау керек! Шыдамсыз еш нәрсс орындалмайды.
Шыдамдылықпен көп нәрсеге қол жеткізуге болады. Бірінші күні ағза өзгерюке қатты үшырайды. Қоректік заттарды адам айналаны қоршаган сыртқы ортадан алатынын П.К.Иванов айтады. Айналаны қоршаған сыртқы ортада қоректік заттар эфир сияқты өте көп. Эфир арқылы қоректік заттарды ағзаға жеткізіп отырады. Ауру қозған кезде, ашыққан жақсы нәтиже береді.
2. Жексенбінің сағат 12-де далаға шық. Табиғат көрінісін байқа, жалаң аяқ жүр, бірнешс рет терең дем ал. Ойлан. Бұл саған мереке сияқты күн болсын. Осыдан кейін қанша тамақ, қандай тамақ ішесің, ол сенін еркін. «Тамақ ішер алдында — деп жазады — ол, сыртқа қораға, үй ауласына жалаңаяқ шық, басыңды жоғары көтеріп бірнеше рет тыныс (дем) ал, мұрының арқылы атмосферадан ауаны ішіңе қарай тарт. Бұл тыныс алу адамның ағзасындағы болатын зат алмасу үрдісін үдетеді. Табиғат саған жақындап, барлық жақсылығын сенен аямайды деп адамдарды сендіреді. Сенің қуанышың, сенің пайдаң, өзіңді өзің жеңгенің тамақ ішер алдындағы тыныс алғаның, қалай тамақ ішу керек соны үйретеді. қандай тамақты ішу керек, қандай тамақты ішпеу керек табиғат саған үйретеді дейді — ұстаз (П.К.Иванов). Тамақты таңдамай-ақ іше бер. Тамақтың жаманы болмайды. Бірақ дұрыс даярланбаған тамақтың түрлері болады.: Тамақ пісіру бұл аса үлкен шеберлікті қажет ететін үрдіс. Тамақ пісіру жалпы искусство деп — ол қорытынды жасайды. Тамақтың дәмі, иісі адам психикасына ерекше әсер етуі керек. Сонда ғана тағам ағзаға тез сіңеді. Буны биологиялық жұғымды тағам дейді. Айта кететін бір жәй, осы кітаптың авторы (Ж.Жатқанбаев) академиктер А.А.Покровский жәнс Т.Ш.Шарманов басқарған (бұрынғы денсау-лық министрі болған) бұрынғы СССР-дің ғылыми медицина академиясының тағам ғылыми-зерттеу институтында істеп, ауыл балалары мен қала балаларының (оқушыларының) қанын зерттеген болатынмын. Қан құрамына әр түрлі штаминдердің әсерін анықтаған едім. Сол мақсатпсн Бақанас елді пунктіне орналасқан орта мектептің біреуінде, эксперимент жүргізген едім. Оқушыларға таңертең витаминдер беріп, оны балалардың түкіріп тастамауын қадағалап тұрғанмын. Балаларға витамин беру үрдісі бір айға созылған. Қандағы витаминдердің мөлшері оқушылардың жас ерекшелігіне және жынысына қарай әр түрлі болатынын анықтағанмын. Орыс балалары мен қазақ балаларының қанындағы витаминдер мөлшері бірдей екенін аиықтаған едім.Бұл ашық түрде жарияланбайтын.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *