Педагогикалық ғылымдар және олардың мазмұны

Педагогикалық ғылымдар және олардың мазмұны ХІХ ғасырға дейін ғылыми ізденістердің пәндік саласын анықтауға байланысты ғылымдардың бөлінуі (даралануы) белсенді жүріп жатты. Сонымен бірге білімдер аумағының өсуі жеке пөңдерінің бөлінуіне алып келеді, яғни пәннің өзінің ішінде бөлініп даралануы бастадды. Педагогика да бірте — бірте жалпы пәнмен байланысты бола отыра, мақсаттары, жас ерекшеліктері, оку-тәрбиелеу, оқу орнындарындағы типтері бойынша ерекшелігі бар салалар айқындала түсті.
Педагогика ғылымдарының жүйесіне: жалпы педагогика, жас ерекшелік педагогикасы, мектепке дейінгі педагогика, кәсіби педагогика, педагогика мен білім берудің тарихы, салалық педагогика, корекциялық педагогика, салыстырмалы педагогика, жеке пәндер әдістемесі және т.б. жатады. Кейінгі кезде педагогикалық білімнің дербес салалары ретінде әлеукеттік педагогика және т.б. бөліне бастады.
Жалпы педагогака педагогакалық процесс пен білім берудің негізгі заңдылықтарын зерттейді. Жас ерекшелік педагогика (мектепке дейінгі, мектеп, ересектер педагогикасы) анатомиялык жөне физиологиялық және әртүрлі жастағы топтардың психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес педагогикалық процесс пен білім берудің ерекшелігін зерттейді. Кейінгі он жылда бірқатар ғалымдар мектепке дейінгі педагогикадан бала бақша жасыңдағы педагогакасын бөліп көрсетеді. Мұндай бөлу әділетті , себебі сәби жасындағы балалардың санасы дамуының өзіндік ерекшеліктері бар, міне осыдан келіп бұл пәннің психологиямен, педагогикамен және медицинамен тығыз байланыстылығы ерекше. Зейнеткерлердің тұрғындар құрамыңдағы үлес салмағының өсуіне байланысты үшінші жас педагогикасы пайда болды, ол қалыптасу деңгейінде.
Кәсіби — техникалық білім беру педагогикасы, арнаулы орта білім беру педагогикасы, жоғары білім беру педагогикасы -пәндері (дисциплины), олардың пәні педагогикалық процесс және жұмысшы кадрларын кәсіби және соньгмен бірге әртүрлі деңгейдегі мамандарды даярлаудың заңдылықтары болып табылады. Бұл пәндерге жұмысшыларда екінші, үшінші және т.б. мамандықтарды игеруге дейін бағытыңдағы оқытудың заңдылықтарын зерттейтін өндірістік педагогика да жатады.
Педагогиканың салалық тарауларына арнаулы педагогикалық ғылымдар (сурдопедагогика, тифлопедагогика, олигофренопедагогика, логопедия), дене дамуыңда кейбір ауытқушылықтар (есту, көру, ойлау қабілеттеріндегі өзгерістер, сөйлеу) бар балалар мен ересектерге білім берудің теориялық негіздерін, принциптерін, әдістерін, формаларын зерттеулермен айналысады.
Әскери педагогака әртүрлі рангтағы әскери қызмет атқаратындарды әскерге шақыру жасындағьшардан бастап әскери мамандықты игергендер мен офицерлер құрамының төрбиелік іс-әрекеттерінің тәрбиелік заңдьшықтарын зерттейді.
Еңбекпен түзету (исправительная) педагогикасы түрмеде отырған азаматтарды кайта тәрбиелеудің теориясы мен практикасын қарастырады (пенитенциарлық мекемелер). Мұнда жас ерекшелігі ескеріледі, оларда әсіресе балалар мен жасөспірімдер қылмысына катысты кездесетін заң бұзу зерттеледі.
Сауықтыру педагогикасы психология мен педагогиканың өзара белсенді әрекеттері барысында салыстырмалы түрде кейінгі кезде ғана дами бастады. Бұл ғылымның пәні кәдімгі жалпы мектептегі оқу — тәрбие процесінен қол үзген ұзақ уақытқа емделетін ауру балаларға білім беру болады.
Педагогика тарихы — адамзат тарихындағы педагогикалық идеялар мен мектептердің қалыптасуын зерттейтін ғылым. Сондықтан оның азаматтық тарихпен, этнографиямен, этнологиямен, археологиямен байланыстары табиғи нәрсе, өйткені педагогакалық ой қоғамның материаддық және рухани мәдениетті саласының бірлігі бағытында дамиды.
Салыстырмалы педагогика әрбір елдердегі білім беру және тәрбие жүйелерінің дамуын, олардың жалпы және өзіңдік ерекшеліктерін салыстыра, дамуын зерттейді. Ал бұл ұлттық педагогикалық мәдениетті дүние жүзінде қалыптасып келе жатқан жетістіктермен байытуға мүмкіңдік береді.
Жеткілікті дәрежеде дербес педагогакалық пәндер тобын жеке немесе пәңдік педагогика құрайды,оңда жалпы — бұл педагогикалық заңдар мен заңдылықтар, танымдық әрекет әдістері, ал жеке ерекшелік (особенное) берілетін сабақ пәнінің мазмұны.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *