Мінез туралы жалпы ұғым

Мінез туралы жалпы ұғым Адамды сипаттағанда алдымен мінезін ескереді. Егерде қасында жақсы мінезді адам болса, өз басында үлкен жеңілдікті сезесің.

А.С. Макаренконың айтуынша “адамның жаман мінезі басқаларға тікенектей қадалып, жаралса, оның

өзін де шөңге кіріп кеткендей сыздатып, қинайды деген болатын. Күнделікті өмірде адам мінезінің қарама-қарсы бітістері көрініс береді: қайырымды — сараң, батыл солқылдақ, жүректі — қорқақ, еңбекқор — жалқау, табанды -тұрақсыз т.б. Психологиялық әдебиетте мінезді характер деп атайды. Бұл гректің сөзі, аудара келгенде баспаға басу, суреттеу, мәнерлеу деген мағынада. Шынында да қоғам тәрбие арқылы адамның мінезін баспаға басқандай қылып, керекті көрінісін жасайды. Мінез дегеніміз адамның іс-әрекетінде пайдаланатын амал-тәсілдерінен көрінетін оның жеке психикалық қасиеттерінің жиынтығы. Мінез адамның өзіне үйреншікті жағдайларда жасалатын мінез-құлқының бағдарламасы іспеттес. Ол өмірлік әсерлердің күрделі жиынтығының бейнесі бола отырып, жеке адамның сыртқы ортамен белсенді қарым-қатынасы ретінде қалыптасады.

Мінездің көрінісі көптеген тұрақты бітімдерге айналып, адамның қоршаған дүниеге, басқа жандарға, психикалық процестерге деген қарым-қатынасын аңғартады. Сондықтан мінездің интеллектуалдық, эмоциялық.Түрлері белгіленген Совет замандағы өзгерістер оның басында жағымды да жағымсыз да бітістерді пайда қылды. Жағымдысына мәселен бүкіл елге деген сүйіспеншілік интернационалистік, ұжымдық сезімдер, ал жағымсыздарына ана тіліне, ата-мұра дәстүрлеріне деген немқұрайлық жұмыстағы жантақтық т.б. Сонымен қатар солардың ішінде жасаған қызметіне, тұрмыстық ортасына байланысты мінездің нақты типтерін де ажыратуға болады. Мәселен педагогтардың, мұғалімдердің, дәрігерлердің, инженерлердің т.б. мінез бетістерінің ұстамдылығы, байсалдығы, шыдамдылығы, байқағыштығы айрықша көрініс беруге тиіс. Сондай-ақ адамның мінезінің құрылымында өзіне ғана тән индивидуалдық өзгешеліктері де болады, өйткені әр адамның талғамы, талпынысы жалпы өмір тәжірибесі әр түрлі болып келеді.

Адамдарды жоғарыда көрсетілген белгілі бір типке жатқызған болсақ, біз олардың мінездерінің бітістерін үйлесімді, жарасымды деп есептейміз. Демек, мінездің үйлесімділігі, жағымдылығы болып қалатын шәлкестерде түгелдей жоққа шығарылмайды. Мәселен адамның ақкөңілділігі кейде оның принципшілдігімен шәлкес келіп қалуы мүмкін. Мінездің бітістерін адамның өмірге деген сенімдеріне, көзқарастарына беталысының басқа да ерекшеліктеріне жатқызуға болмайды. Мәселен ақжарқын және көңілді адамның бірінің адамгершілік қасиеті өте жоғары болса, осындай мінез бітістері бар басқа біреу өз басындағы қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін арамдың жасаудан да тайсалмайды. Сонымен қатар мінездің кейбір бітістері адамның жеке басының беталысымен анықталып отырады. Мәселен отанға деген орасан зор сүйіспеншілік адамның жеке басында қайтпас қайсарлық, ерекше батылдық және ерлік туғызып отырады.

Адамның тәжірибесінен көрініс беретін мінез бітістері өте көп, әйтеуір мыңнан артық деп есептеледі. Олардың бәрін атап шығудың пайдасы жоқ, бірақ сан жағынан біреудің мінезінде белгілі бір бітістер басым болуы мүмкін. Мысалы, адамдардың ішінде жомарттығы, әлде адалдығы мен олардың ашықтығы азды көптілері кездесіп отырады. Егерде мінездің осы әлде басқа бітістерінің сандық көрсеткіші шегіне жетсе, мінез акцентуация көрінісін береді. Бұл кейбір бітістердің күшею нәтижесінде асып шегіне жеткен мінез көріністері индивид стресс сезімін пайда қылатын факторлардың бірінен тез күйзеліп қалса, енді біреулеріне шыдамдылық көрсетеді. Адам мінезінің әлсіз жағы жиі осы жақтың белсенді қызметін керек ететін қиын жағдайларда ғана байқалады.

Мінездің акцентуациясы өте қолайсыз жағдайларды психологиялық күйзелістер мен адамның мінез-құлқының өзгеруіне, психопатияға соқтырады (адамның әлеуметтік тұрмысқа кедергі жасайтын мінез паталогиясы). Акентуация проблемасының күн тәртібіне көптеген психиаторлар мен психоневрологтар байланысты. Сондықтан да олар осы проблемаға бар мінез бітістеріне классификация бергенде, психиаторлық терминологияны қолданған (шизоиттік) бітістер, эпилептоитдік бітістер кейбір ғылым педагогтар (К. Леонгард,

А. Личко) осы терминологияның кейбір жақтарын пайдаланып, педагогтардың түсінігіне жақын акцентуациялық мінез бітістердің классификациясын берген.

Сөитш мшез акцентуацияның өте маңызды типтері
ажыратылған. 1. Мінездің интраверттік типі. Бұл типке жататындар тұйық келеді.
Олар өздері мен өздері болып, басқалармен тіл табысуды, жақындасуды қиынсынады. Келесі ІІ.- эктраверт типтегі адамдар көтермелі сезімді, басқалармен араласуды және әрекет жасауды тіпті олардың керектігін, мәнін жиі елемей ақ жаңың құмартып. тұрады. Мұндай адамдар сөзуар, көрсе қызар, кейде мақтаншақ, үстіртісенгіш келеді. ІІІ.Жүгенсіз типке жататындар күйгелек, ұрысқақ, жанжал қой, қарсылық пікір айтылса шыдамсыз, кейде арам ойлы келеді. Мінезінде неврастеникалық анцентуациясы бар жетіншектердің негізгі ерешеліктері көңіл күйінде есерліктің басым болуы, ашуланшақтық, тез шаршауы, шамдануға жақын тұруы. Басқаларға деген ашуы өзіне деген, аянышы, долылыққа соқтырады. Бірақ нерв жүйесінің әлсіздігі оны тез

22

тоқтатып, жасаған қылығына өкініш туғызып, жылаумен

аяқталады. Сензитив типтестер қорқақ, тұйық, ұялшақ келеді. Мұндай жеткіншектер үлкен, әсіресе жаңа ұжымдарға қосылудан аулақ болады, тентектікке және жолдастарының қауыпты ойын-дарына қатыспайды, кішкентай балалармен ойнауды жақынырақ көреді. Оқуда сын жұмыстарынан қорқып, жиі класстың алдында жауап беруге ұялады, өйткені балаларға күлкі әлде оларда күндестік туғызамын ба деп қауіптенді. Сензитив жеткіншектерде өздерінің жарымдылықтарының сезінуі ерекше көрініс беретін гиперкомпенсация реакциясына итермелейді. Олар өздеріне бекімдік жасайды қабілеттері ашылатын саладан емес, әсіресе өзін жарамсыз сезетін жақтардан іздейді. Қыздар өздерінің көңілділігін көрсеткісі келеді. Жасқаншақ және ұялшақ балалар жалған дөрекілік, тіпті шеттен тыс қылықтар жасап, сөйтіп өзінің күшімен жігерін көрсетуге тырысады. Бірақ батылдық пен өжеттілікті керек ететін жағдайлар мен кездесе қалса, сол сәтте дәрменсіздік танытады. Егерде осындай балалармен жақындасып, сенімді қарым қатынас құрып, соларды ұнайтындығын және қолдайтұғының аңғартқан адамға, олар ашылып, өздерінің жасап жүрген қылықтарының жалған екенін сезімдерінің өте нәзік екенін, өздерін қатты сөгетінің және өздеріне тым жоғары талаптар қоятынын ақиқаттайды. Күтпеген жылы шырай және жанашырлық оларды қатты жылатып, дөрекілік пен сотқарлықты басады.
Мінез акцентуациясының демонстративтік типіне жататындар эюцентрист (ойлайтыны қара басы) болып, өздеріне ғана басқалардың әрдайым көңілі бөлініп, жаны ашып, тамашаласа екен деген қажеттіліктерді керек етеді. Жалғандық көзге түсетін тұрпат пен сиқын көрсетуге тырысу, жасанды мінез-құлық (өзін-өзі өлтіру көрінісін жасауға дейін бару)- осылардың бәрі құрбыларының арасынан ерекше болып көрінуге қандай болмасын амал-тәсілді қолдануға бағытталады. Мысалы: жоғарғы класста оқитын 3, деген қыз бала өзін қорқытқан және балағаттаған анонимдік хаттар ала бастаған. Ол жылап, осы хаттарды мұғалімдерімен құрбыларына көрсетіп, олардан көмек сұраған. Тексере келгенде бұл хаттарды өзінің кара басына бүкіл мектептің назарын аудару үшін жазған өзі болады. Сөйтіп мінез акцентуациясының бірнеше типін атап, олардың ерекшеліктерімен таныстық. Тәрбие жұмысы дұрыс жолға қойылса мінез акцентуациясының жағымсыз көріністеріне тосқауыл жасауға болады. Педагогтармен ата-аналар балалар мен жеткіншек- тердің мінездерінің әлсіз жақтарын, осы жақтарын жаралайтын стрессогендік ситуацияаларды болдырмауға тырыссады. Осындай көпшілікпен бірлесіп жасаған жұмыста ұялшақ пен көңілдеп ауыртпалықтан арылу жеңіл түседі.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *