Көртышқан

Көртышқан (Таlра еигораеа) топырақтың жоғарғы кабатын мекендейді. Оның барлық өмірі жер астында өтеді. Жер бетіне інін су басып кеткенде ғана шығады.

Көртышканның денесі өзінің тіршілік тәсіліне сәйкес өте жақсы бейімделген. Денесі конус тәрізді, мойыны сырт жағынан білінбейді. Түгі қысқа, барқыт сияқты, тар іннің ішінде ерсілі-қарсылы козғалғанда кедергі келтірмейді. Ін қазатын органы — күшті тырнағы болатын алдыңғы аяқтары Аяғымен топырақты босатып, басымен, жонымен босаған топырақты сыртқа шығарады. Кейбір түрінің көзі сыртынан тері қатпармен жабылып тұрады. Керісінше иіс және дәм сезу органдары жаксы жетілген. Сырт-қы құлақ қалқанының нүсқасы гана болғанына қарамастан көртышқандар өте жақсы естиді.
Көртышқандар жер астынан күрделі індер қазады. Олардың барлығын бірдей ін есебінде пайдалану үшің қазбайды, көпші-лігі олардың топырақ астынан жемдерін іздеудің нәтижесінде пайда болады. Кейде жер бетінде үйіліп жатқан кішкене кішкене топырақты көреміз, ол көртышқандардың індерінен сыртқа шығарып тастаған топырақтары
Көртышқандар жапырақты орманның қара шірікке бай то-пырақты жерлерін мекендейді. Олар насекомдардың личинкаларымен, құрттармен қоректенеді. Көртышқандар жылына бір рет көбейеді. Баласының саны 2—8-ге дейін жетеді. Жылына үш рет түлейді.
Көртышқандарды әдемі терісі үшін аулайды. Бұлар зиянды насекомдарды қырып, ауыл шаруашылығына пайда келтіреді. Көртышқандар бізде орманды және ағашты далалы жерде кездеседі.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *