Жүз Бірінші Қазақ Ұлттық Атқыштар Бригадасы

Жүз Бірінші Қазақ Ұлттық Атқыштар Бригадасы – Ұлы Отан соғысына қатынасқан қазақстандық әскери құрама. 1941 жылдың аяғында Ақтөбе қаласында жасақталған. Тұңғыш командирі – полковник Яковленко, әскери комиссары аға батальон комиссары Әлиев болды. Алғашқы шайқасқа 1942 жылы 28 қараша күні Оленино маңындағы Кувшиново және Букарево деревнялары түбінде қатынасты. Екі айға созылған қантөгістен кейін жаудың 2,5 мың адамын жойып, кеңестік бір дивизияның қоршаудан шығуына көмектесті. 1943 жылы көктем – жаз айларында Великие Луки түбінде қорғаныста болды. Күзде Демидов, Сураж – Витевский қалалары бағытында шабуылға шығып, жаудың 3,6 мың солдаты мен офицерін саптан шығарды, 158 елді мекенді азат етті. 1944 жылы жазға дейін Полоцк қаласы түбіндегі ұрыстарға қатынасты. 1944 жылы шілде айында таратылып, әскер күші 47-гвардиялық атқыштар дивизиясына және 90-гвардиялық атқыштар дивизиясына бөлініп берілді.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *