Жыртқыш құстар

Жыртқыш құстар белгілі мекен ететін экологиялық ортасы болмайды, олар түрлі ортада; тоғайда, тауда, далада, батпакты жерлерде мекен ете береді.

1. Өлексе жеушілерге бізде тазқаралар, ал жер шарының батыс бөлімінде болатын кондорлар жатады. Бұлар биікте қалқып ұшып жүріп, жерде жатқан өлекселерді көруге бейім-делген құстар. Тірі жануарларға түспейді. Сондықтан олардың саусақтары әлсіз, тырнағы қысқа, жіңішке болады. Басы мен мойнында қауырсыны болмайды. Барлығы да таулы өлкелерді мекендейді.
2. Бүркіт пен аксарылар — тазқараларға қарағанда, қалық-тап үшуға қабілеті нашар құстар. Үлкенді-кішілі әр түрлі жануарлармен қоректенеді. Оларды ауада ұшып жүріп байқап, жерден ұстайды. Сонымен қатар жерде, кемірушілердің інінің маңында да отырып аулайды. Бұл жөнінен олар жыртқыш аңдарға ұқсайды.
Жапалақтар — жемін аулау жөнінен, бүркіттерге ұқсас болады. Бұларда тірі жемдерін ауада ұшып жүріп немесе бір жер-де бұғып отырып байқайды, оны бүріп ұстайды және мықты тұмсықтарымен жұлып жейді.
3. Құладындар — ашық жерлерді мекендейді. Денесі сымбатты кұйрығы мен қанаты өте үзын әсем, өзіндік ұшу мәнері бар құстар. Қорек ететін жәндіктерін аулағанда (ұсақ аңдар мен құстарды) жер бетіне өте жақын ұшып, мұқият қарап, оларды жер бетінде ұстайды.
4. Қаршығалар — барынша маманданған, орман жырт-кыштары. Олар тек қана қүстармен қоректенеді деп айтуға бо-лады. Құстарды ағаштың немесе бұтаның бұтағынын, арасында тығылып отырып, байқап кенеттен шабуыл жасап ұстайды.
Қаршығалардың құйрығы ұзын, қанаттары қысқа және моқал болады. Денесінің мұндай құрылыста болуы, олардың же-мін ұстауда ағаштың және бұтақтардың арасымен тез бұрылып ұшуға мүмкіндік береді.
5. Сұңқарлар — жыртқыш құстардың ішіндегі өте жақсы ұшатын, жемін ауада ұстайтын құстар. Ұсақ түрлері, мысалы, куйкентай жерде жүрген жануарларды да ұстайды. Бірақ, оларды ауада бір орында қалықтап тұрып байқайды.
Сұңқарлардың үлкен түрлері — лашын, сұңқар, кейбір ителгілер ауада ұшып жүріп жемдерін іздейді. Алыс жерден көрсе де қуып жетеді. Олар көбінесе үйректерді, көгершіндерді және балшықшыларды аулайды. Жемдерін ауада жүріп өлтіреді. Бұл кезде сұңқар одан жоғарырақ көтеріліп, үлкен жылдамдықцен жанап өте беріп, аяғының артқы саусағының тырнағымен кұстың мойнын шалып өлтіреді.
Сұңқарлардың денесі жемін осы көрсетілген әдіспен аулауына бейімделген қанаттары ұзын және жіңішке, құйрығы керісінше, қаршығаларға қарағанда қысқа келеді. Сұңқарлар түрлі жерлерді мекендейді, бірақ жемдерін ашық жерлерден аулайды. Егерде каршыға жемін мысықтар сияқты аулайды десек, ірі сұңқарларды “ауадағы иттер” деп айтуға болады. Себебі, бұлар иттер сияқты қорегін қуалап жүріп ұстайды.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *