Жер қыртысының құрамы мен құрылыс өзгерістері

Жер қыртысының құрамы мен құрылыс өзгерістері. Жер қыртысының құрамы әсіресе жер бетіне жақын аудандарда көп өзгерістерге ұшырайды.

Өйткені, минералдық шикізат қорын өндіру ісі жылдан-жылға арта түсуде. Қазіргі кездегі өндіру технология-сының төмендігмен байланысты химиялық шикізат қорының үштен бір бөлігі, немесе өндірілуге тиісті металдьщ жартысына жуығы игерілмей босқа қалып жатады. Бүгінгі күні жер қойнауынан 100 млн. т мыс, қорғасын, мырыш, қалайы және алюминий өндіріліп алынған.

Жер қойнауынан алынған барлық пайдалы қазбалардың көпшілігі соңғы 20 жыл ішінде өндірілгендігі белгілі: мұнай — 75%, көмір — 40%, темір — 50% және жанғыш газдар — 90%. Химиялық элемент-терді өндіру ісінің қарқыны бұдан былайғы уақытта да өсе бермек.

Енді он жылдан кейін жер бетіндегі темір тотықтарының мөлшері 2 есеге, қорғасын — 10 есеге, сынап — 100 есеге, мышьяк — 150 есеге артады деп жорамал-данады.

Адамдардың техногендік әрекеттері көбінесе табиғи процестердің дамуына қарама-қарсы бағытталған. Мысалы, олар минералдық жылу көздерін пайдалану барысында көміртегі элементін, сол секілді минералдық тыңайтқыштарды (егін шаруашылығында қолдану барысында) жер қыртысына түгел шашып таратады. Сондай-ақ көптеген металдар да кең көлемде шашылып тарал-ғанмен, олар жер қыртысында сақталады. Сонымен, техногендік әрекеттерге байланысты жер қыртысын құрайтын өте бағалы химиялық элементтер жер бетінде кең таралып, шашыранды түрде кездеседі. Соның нәтижесінде, жер қыртысынын, алғашқы құрамының тепе-теңдігі өзгеріп, химиялық элементтердің табиғи жағдайдағы миграциялық таралу заңдылығы бұзылады. Мұндай әрекеттердің зияндылығын бағалай білу өте қиын.

Инженерлік-құрылыс әрекеттері жер бетін құрайтын тау жыныс-тарына қосымша салмақ түсіріп, белгілі бір ауданға өзіндік әсерін тигізеді (сығым күштері ұлғайып тау жыныстары тығыздалады). Қазіргі кезде, әрбір 15 жылда құрылыс қажетіне бөлінетін жер аумағы екі еседей өсіп отырады. Егер 1980 ж. инженерлік-құрылыс объектілері алып жатқан жер аумағы 5% деп есептелсе, ал 2000 жылдары бұл 15%-ке дейін өседі деп жорамалданады. Инженерлік-құрылыс әрекеттері нәтижесінде болатын геотектоникалық көп өзгерістер әсіресе гидротехникалық құрылыс ісімен байланысты байқалады. Бұл жағдайда табиғи ортаның тепе-теңдігі күрт өзгеріп, тектоникалық жарылыстар пайда болуы мүмкін. Мысалы, Франциядағы Бузей (1895), АҚШ-тағы Аустин (1895) және Сан-Френсис (1928) плотиналарының (бөгеттерінің) катастрофалық апатқа ұшырауы геотектоникалық өзгерістермен байланысты деп саналады.

Тау-кен өндірісімен байланысты техногендік әрекеттер жер қойнауына тікелей әсерін тигізеді. Бұл мақсатта жүргізілетін әр түрлі жұмыстардың нәтижесінде тау жыныстарының (ірі массивтерінің) орналасу тәртібі мен жатыс элементтері бұзылып, үлкенді-кішілі үңгірлер мен қуыстар пайда болады. Олардың масштабы кейде табиғи жағдайда жер астында жиі кездесетін карстық үңгірлерден кем болмайды. Мысалы, Үнді жеріндегі “Колар” атты рудниктің тереңдігі 3800 м-ге жетеді; Оңтүстік Африка республикаларында алтын-уран кендері 4 км-лік тереңдіктен өндіріледі. Ал мұнай бұрғылау скважиналары одан да терең қабаттарға жетіп отыр. Мұндай әрекеттердің салдарынан литосфераның жоғарғы бөліктерінің құрылысы бұзылып, геодинамикалық өзгерістер байқалады. Кен өндірудің шахталық (жабық пішінді) әдістері жиі қолданылатын аудандарда шахта-лардың беткі қабаттарын қүрайтын жыныстардың опырылып құлауы нәтижесінде үлкенді-кішілі үңгірлер мен қазан шұңқырлар пайда болады.

Жер қыртысының регионалдық көлемде төмен шөгуі (5—10 м) жер қойнауынан газ немесе флюидтер алу барысында қабатаралық қысымның күрт төмендеуімен байланысты байқалады. Мұндай жағдайлар кейде катастрофалық апатқа ұшыратады. Мысалы, АҚШ-тың Техас штатында мұнай өндіретін аудандарда жер қыртысының майысып төмен шөгуі (1 м) ондаған шаршы км-ді қамтиды. Сол сияқты Уилмингтон ауданында (АҚШ, Калифорния штаты) жер бетінің төмен шөгуі (8 м-ге дейін) көпірлер мен үйлердің қирауына әкеліп соқты (1957). Мехико қаласында жер асты суларын жоғары айдап, тұрмыс қажетіне жұмсау барысында, жер беті 9 м-ге дейін төмен шөкті. Осындай себептермен Токио қаласы да 50 жыл ішінде 3,5 м-ге төмендеді.

Бедер өзгерістері. Жер бетінің бедері қалалар салып, жол төсеу кезінде, сол секілді гидротехникалық, энергетикалық және т. б. құрылыстар салу барысында көп өзгерістерге ұшырайды. Әсіресе, кен өндіру өнеркәсібімен байланысты ойлы-қырлы бедер пішіндері жиі қалыптасады.

Кен өндірудің ашық әдістерін (карьер) қолдану жағдайында карьерлердің тереңдігі 300—800 м-ге дейін жетеді. Кейде тіпті тереңдігі 1000 м-лік карьерлер де жобаланып 2—5 км-ге дейін созыла орналасады.

Тау-кен өнеркәсібі дамыған аудандарда техногендік бедер пішіндері минералдық шикізат қорының қалдықтарынан қабатталып жинала келе бұйрат-бұйрат жоталар түрінде түзіледі. Төмен қарай бағытталған теріс пішінді (ойлы жер) бедер пішіндері техногендік денудация кезінде, ал жоғары қарай бағытталған көтеріқкі пішінді бедер техногендік аккумуляциямен (террикондар, дамбалар және т. б ) байланысты қалыптасады.

Сонымен, техногендік әрекеттердің нәтижесінде жер бетінің табиғи жағдайдағы бедер пішіндері ылғи өзгеріп отырады

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *