Желтоқсан(ұйым)

Желтоқсан — қоғамдық-саяси ұйым. 1989 жылдың жазында құрылған. ұйымның мақсаты 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісіне қатысқандарды ақтау, көтеріліске әділ саяси баға беру болды. Ұйым өкілдері 1989 жылдың 16 желтоқсанында Алматыдағы 4 жоғары оқу орнында, одан соң 12 қаңтарда Алматы мақта-мата комбинатының мәдениет сарайында жұртшылықпен кездесулер өткізді. 1990 жылы 10 қаңтарда ұйым өкілдері Қазақстан Компартиясы Орталық Коммитетінің 1-хатшысы Н.Назарбаевтың қабылдауында болды. Осыдан соң “Желтоқсан” ұйымы ашық түрде жұмыс істей бастады. 1990 жылы қаңтарда өткен жиналыста ұйым төрағасы болып Х.Қожа-Ахмет сайланды. 1990 жылы 29 — 30 маусым аралығында Қазақстанның 6 облысы мен Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан қоғамдық ұйымдарының 80 өкілі қатысқан съезде “Желтоқсан” ұлттық-демократиялық партия болып жарияланды. Сол жылы күзден “Желтоқсан” газеті шығарылды (1990 — 95 ж. аралығында газеттің 16 саны жарық көрді). 1991 ж. 29 қаңтарда Алматыда “Желтоқсан” партиясының 2-съезі өтті. 1992 жылы 27 қазанда “Желтоқсан” адам құқығы мен бостандығын қорғау коммитеті болып қайта тіркеуден өтті. 1994 жылы “Желтоқсан” коммитеті жабылып, “Желтоксан” саяси ұйым ретінде өз жұмысын тоқтатты.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *