Жалпы білім беретін мектеп оқушыларының тұлғалық және танымдық дамуыньщ психологиялық ерекшеліктері

Мектеп жасындағы балалар проблемасы психологтардың назарынан тыс қалуға тиісті емес. Себебі бұл жас кезеңі адамның онтогенетикалық дамуывда маңызды орын алады және осы кезенде пайда болатын психологиялық жаңа құрылымдар мектеп жасының ерекшрліктерін айқындап тұрады. Осы жаңа құрылымдар баланың әрмен қарай дамуының негізі болып қалыптасады. Психологияда жеке тұлғаның қалыптасу механизмдерін жетік түсінуге мүмкіндік беретін категориялар жете зерттеліп ойластырылған. Оларға мына ұғымдар жатады: дамудың әлеуметтік жағдайы, жетекші іс-әрекет, әр жас шаманың жаңа құрылымдары.

Жаңа зертгеулердің қажеттілігі біріншіден, соңғы жылдары балалық шақ мәдениетінде болып жатқан өзгерістерден, екіншіден, отбасы және мектеп жағдайында балалардың дамуын анықтайтын ұлттық мәдени ерекшеліктерін зерттеудің жоқ болуынан туындап отыр. Этникалық мәдениеттің адам дамуына әсер етуі әлемдік психологияда дау-талассыз дәлелденген шындық, ал біздің елде көптеген жылдар бойы халықтар психологиясындағы ұлттық ерекшеліктерді мойындаушыларға нәсілшілдік ясөне ұлтшылдық көзқарастағылар деген айып тағылып келді- Дегенмен, қазіргі кезеңдегі психологияның мәліметгеріне сүйенсек, психологиялық сферада белгілі бір этномәдени ерекшеліктердің орын алатынын байқаймыз, ал бұл ерекшеліктерді мойындауды нәсілшілдік немесе ұлтшылдық сияқты теріс ұғымда қарастыруға мүлдем болмайды. Кез келген этникалық орта өз мүшелерінің санасында, психикасында тарихи жинақталған қоғамдық тұрмыс формаларын, адамгершілік ережелерін бекітеді, яғни ұлттық ерекшеліктер күнделікті тұрмыстық мәдениетте, әдет-ғұрыптарда, мінез-құлық ережесінде байқалады. Біздің республикамызда балалық шақтағы ұлтгық ерекшеліктерді эксперименталды түрде зертгеу жеткіліксіз. Тұрғындар арасында ислам діні кең тараған аймақтарда жүргізілген зерттеулердің нәтижесі көрсеткендей, діни наным-сенімдер тарихи қалыптасқан эдет-ғұрыптар, салт-жоралар мен мейрамдар арқьшы тек діншіл адамдарға ғана емес, дінге сенбейтіндердщ де сана-сезіміне, мінез-құлқына өте күшті әсер етеді.

Әр халықтың өзіне тән ұлтгық ерекшеліктері бар. Ол әр ұлт өкілдерінің санасында материалдық және рухани өмірінің ерекше қалыптасқан жағдайларымен, тарихи даму жолының өзгешелігімен, географиялық және климаттық ерекшеліктерімен, адамдардың мінез-құлық, сезім, темперамент, қажеттілік, талғам сияқты басқа да психологиялық құбылыстардың көмегімен әдет-ғұрыптар, дәстүрлер арқылы мәдени өмірінен орын алып ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырады.

Ұлтгақ психологияның шын мәнісіндегі феномен ретінде ұлттық элементгерден тұратын өзіндік ерекше құрылымы бар. Бұлардың қатарына ұлттық мінез, сезімдер, салт-дәстүрлер жатады және бұлар жеке тұлғаға үлкен әсерін тигізеді. Мәселен, ұлттық салт-дәстүрлерді сақтау ұлттық тағамдарды даярлау, құрметгі қонағын ұлттық тағаммен сыйлау арқылы көрініс табады. Ол ұлттық мақтаныш сезімді көрсетеді.

Ұлтгық психологиялық элементтердің үшінші тобына ұлттық наным-сенім жатады. Ол отбасындағы тәрбие процесінің түрлі арналары арқылы жариялылық көрініс тауып, бала психологиясына жастайынан әсер етуші құралға айналады. Мәселен, отбасы үлкендерінің діни наным-сенімдерін күнделікті өмірде көріп өскен бала еріксіз соған еліктейтін, үлкендер не істесе соны істейтін болады,

Отбасы тәрбиесінің жеке тұлғаның қалыптасуында маңызы зор. Отбасы тәрбиесі жеке тұлганың рухани өміріне, сана-сезіміне ұлттық психологиялық белгілерді ендірудің жолдары мен тәсілдерінің бірі болып есептелслі. Ұлттық салт-дәстүрлердің деңгейін, олардың сан жағынаи әр ұлттағы аз немесе көптігінен емес, жеке тұлғаны қалыптастыру процесіндегі атқаратын қызметімен, келер ұрпаққа тигізер әсерімен айқындауға болады.

Ұлттық психологияның жеке тұлғаға әсер етуінің түрлі формалары бар және әр түрлі арналар арқылы енеді. Мұндай арналарға жататындар тек қана отбасы емес, сонымен қатар ұлттың тарихи-мәдени тәжірибесін жүзеге асыратын мектепке дейінгі мекемелер мен мектептер жатады. Және де бұл арналар жске тұлғаның тұлғалық бейнесін қалыптастырып тәрбиелеу фуңкциясын атқарып, ұлттық мінез-құлық пен ұлттық ерекшслік белгілерін жекс тұлғаның бойына тәлім-тәрбие арқылы біртіндеп сіңіріп жүзеге асырып отырады.

Ұлттық мінез-құлықтағы этникалық белгілер дегеніміз қоршаған әлеуметтік-экономикалық, табиғи және мәдени-идеологиялық ортамен ұзақ қарым-қатынаста болудың нәтижесінде адамдар психологиясында қалыптасатын тұрақты өзіне тән белгілер мен қасиеттердің жиынтығы. Басқаша сөзбен айтқанда ұлттық мінез-құлық белгілері дегеніміз — этникалық бірлік ерекіпеліктсрінің оган қатысты адамдардың психологиясында бейнеленуінің ерекше түрі.

Әлемдік мәдениетті қалыптастыру өзара байланысты екі топтан тұратын біртұтас жүйе ретінде беріледі: 1) оқушьшардың ұлттық сана-сезімін өз ұлтының мәдениеті мен ана тілінің орталығы негізінде дамыту; 2) дүние-жүзілік мәдениет жетістіктерін, жалпыадамдық қасиеттер жүйесін меңгерту. Бұл міндетті шешу үшін: біріншіден, өз халқының тарихы мен мәдени дәстүрлсрін үйренуі, оқушылардың ұлттық мәдениет шеңберіндс бір мақсат-тағы бағьпта, интеллектуалды, эмоционалды дамуы; екіншіден, оқушылардың әлем халықтары мәдениетіиің әр-алуан екендігін және олардың даму барысында бір-біріне әсер ететіндігін терең түсіне білуін қалыптастыру қажет.

Қазіргі кезде білім берудің мемлекеттік стандарттары оны этномәдени компоненттермен толықтыруға мүмкіндік береді.

Ұлттық сана-сезімді дамьггуға бағьггталған өзгерістерге берілген талдауларға сүйенсек, қазіргі кезеңде мектептер көп қиыншылық-тарға кездесіп отырғаны байқалады. Берілетін ұсыныстар көбіне идеалды концепция түрінде болып келеді; мектептерде болып жатқан өзгерістерге байланысты әртүрлі пәндерге қосымша аспектілерді ұсыну енгізеді, бірақ мұндай үзік-үзік, әрі кездейсоқ түзетулер, проблемалар эволюциясын толығымен түсінуге кедергі жасайды. Оның үстіне, мұндай қосымша аспектілер үстеме жұмыс ретінде қабылданып, педагогтар арасында реніш туғызады.

Жеке тұлғаны қалыптастыру дегеніміз оны мәдениетке үйрету, білім, білік, қарым-қатынас ережелерін, әлеуметтік тәжірибені меңгерту. Ұлттық көркемөнермен, әдебиетпен, ғылыммен айналыстыру, адамгершілік құндылықтар жүйесін ұғына білуге, сөйтіп жеке бастың тәжірибесін үздіксіз байытып отыруға себін тигізу. Мәдениетке араласу, сайып келгенде, адамның шығармашылық дамуы деуге де болады, Бұл жерде ең басты маңызы бар нәрсе — адам дамуының психикалық және функционалдық зандылықтарын, сонымен қатар қазақ халқының психология-лық сипаттамасын анықтайтын бірден бір ғылым — ұлтгық психологияны меңгеруге байланысты туындайды. Сондықтан да оқушының жеке тұлғасын қалыптастыру және дамыту барысында оларды ұлттық мәдениет рухында дамытуға қажетті барлық қолайлы жағдайларды ескеру керек. Ең бастысы —ұстаз өз халқының ұлттық мәдениетінің бай тәжірибесіне ие болуы қажет. Әр мектепте оқу-тәрбие жұмысын сапалы түрде жақсарту және ұлттық мәдениет байлығын әлем мәдениетінің құрамдас бөлігі ретінде қабылдату әр ұстаздың өзіндік әдіс-тәсіліне, шығармашылық қабілетіне байланысты.

Қазақ мәдениеті жас ұрпақты тәрбиелеп дамытудың өте маңызды, бай қайнар бұлағы. Оның ғасырлар бойғы тарихы, адам өмірінде болатын маңызды оқиғаларды, жеке тұлғаның даму ерекшеліктерін айқындайтын ұлтгық салт-дәстүрлері, оның ғылымы, шығармашылығы мен өнері, ғажайып бай тілі даналық, адамгершілік, парасатгылық сияқты қасиеттерге толы, ал ол қасиетгер өнегелі, творчестволық жағынан дамыған жеке тұлғаны Қалыптастыруға үлкен себін тигізеді. Бұған әрине, тәрбие жұмысы отбасывда да, мектепте де дұрыс және толық іске асырылғанда ғана жетуге болады. Бұл жерде балалардың этникалық ерекшеліктерін ескере отырып, оқыты тәрбиелеудің айтарлықтай икемді және белсенді әдіс тәсілдері үлкен роль атқарады.

Жеке тұлғаның белгілі бір мәдени ортада болуы оны тұлғалық және танымдық дамуына ерекше өсерін тигізед Осыған байланысты, жеке тұлғаның белгілі бі мәдениетгің субъектісі ретінде даңуына себепші болатыі екі түрлі факторлар бар. Оның біріншісі — сол халықтың мәдени ерекшеліктері болса, екіншісі — сол ерекшеліктерді түсініп меңгеруге себепші болатын баланың ойла қабілетін, танымдық процестерін, темпераментін, мінез құлқын саналы түрде танып ажырата білу.

Қазақтардың этнопсихологиялық ерекшеліктерін адалдық, ақниет-тілік, жаужүректілік, шыдамдылық қарапайымдылық, жомарттық, қонақжайлық сияқты т.б тарихи қалыптасқан қасиеттерді жатқызуға болады. Бұл қасиеттердің барлығы жеке тұлғалық белгілер болып саналады. Оларға тағы төмеңдегідей психологиялық мінездемелер жатады: экстерналдылық (сыртқы қадағалау локусы), қарым-қатынасты қажет ету, танымдылық мұқтаждылық, білуге құмарлық, құндылықты бағалау бағдары. Бұл мінездемелер жеке этнос (орыс, қазақ өкілдеріне тән тұлғаның өзіндік даралану ерекшеліктер эксперименталды зерттеу барысында анықталды.

Мұндай этнопсихологиялық ерекшеліктерді байқау экспериментін қазақ мектептерінде ғана емес, сонымек қатар аралас тілді немесе орыс тілді мектептердің оқу-тәрбие процесіңде де жүргізуді ескеру қажет. Себебі тек көпұлтты мектептерде әр ұлт өкілдерінің балалары оқитынын, олармен жүргізілетін оқу-тәрбие жұмысынын мазмұндық және формалық ерекшеліктерін ескеруге тура келеді.

Біздің жүргізген зертгеулеріміздің нәтижесінде қазақ этносы өкілдерінің танымдық дамуында айтарлықтай этникалық ерекшеліктер анықталды. Оларда жинақтауға, нақтылай логикалық ойлауға, тұтас бейнелі түрде қабылдауға, жоғарғы деңгейдегі елестетуге бейімділік сияқты танымдық қасиеттердің тән екендігі байқалды. Байқау нәтижесі көрсеткендей, бастауыш мектептегі жасөспірімдердің жас шамасына қарай оқу-тәрбие жұмысы барысында сөйлеу, ойлау, қабылдау, ес, елестету т.б. процестер кезінде этникалық ерекшеліктерді ескеріп отыру қажет. Бұл жерде қазақ этносы өкілдерінің танымдық қабілеттерін дамытудың ерекше белгілері абсолютті түрде алуға болмайды. Себебі біздің республика тұрғындарының қазіргі замандағы даму жағдайында ұлтгық мәдениет өкілдерінің арасындағы (өсіресе қазақтар мен орыстар) көптеген айырмашьшықтар ғасырлар бойы бірге өмір сүріп келе жатқандықтан, жойылып немесе бірігіп кеткен. Сондықтан да жергілікті тұрғындар — қазақтардың өздеріне тән темперамент типтері, мінез-құлық ерекшеліктері этнопсихологиялық ерекшеліктерін жоғалтьш, орыс тілді тұрғандардың психологиясымен ұқсастық тапқан. Екіншіден, қазақтардың кең-байтақ Қазақстанның әр түрлі аймақтарында тұратындығынан олардың өзара айырмашылықтарының да бар екені байқалады. Мәселен АТ.Малаеваның (1996) зерттеулері көрсеткендей, Қазақстан Республикасының үш үлкен аймақ өкілдерінің арасында айтарлықтай айырмашылықтар бар. Олай болса, жеке тұлға ерекшеліктері ұлттық қана емес, сонымен қатар аймақтық белгілермен де айқындалады. Сонымен, этнопсихологиялық ерекшеліктерді зерттеу психологиядағы мәдениаралық зертгеулерге талдау жасауды қажет етеді.

Мәдениаралық (немесе кроссмәдениеттік) зерттеулер психологияда айрықша орын апады. Біркелкі емес мәдени, әсіресе этномәдени ортада түрлі психологиялық көрсеткіштерді салыстыру идеясы бұрыннан да көптеген зерттеушілерді қызықтырған. Психология ғылымында мәдениаралық зерттеулердің ролі мен маңызын бағалауда да әр түрлі көзқарастар бар. Қазіргі кезеңде біраз шетел авторлары бұл бағытта психологияны дамытуды маңызды “парадигмаларының” бірі деп есептейді (Іараiа С., Тгіапdіs Н.S.). Себебі психикалық қасиеттердің өзгергіштігін немесе өзгермейтіндігін, мәдениетке тәуедді немесе тәуелсіздігін, бұл өзгергіштіктің диапазоны мен шекарасын анықтайтын тек мәдениаралық зерттеулер екендігінде күмән жоқ. Сонымен қатар, мәдениаралық зертгеулерге сенімсіздікпен қарайтын, оппозициялық, скептикалық көзқарастар да бар. Мұндай теріс пікірлердің тууына В.С.Агеевтің тұжырымдауы бойынша, аралас мәдени ортада интеллектуалды тестерді қолдана отырып, бір мәдениеттің басқалардан интеллектуалды басымдылығын басты көрсеткіш ретінде ұсынған алғашқы жүргізген салыстырмалы-мәдени зерттеулердің қорытынды көрсеткіштері себеп болып отыр.

Бұрынғы одақтың кезінде психология шлымьшда 20-жылдардан бастап бұл проблема әлденеше рет талқыланды және әрдайым шетел зерттеушілерінің кертартпа реакцияшыл қорытындьшарына қарсы шығып отырды. Дегенмен, мәдени ерекшеліктер мен психикалы құбылыстарды байланыстыра қарастырған нақтылы зерттеулердің өте аз екенін мойындауға тура келеді.

Мәдениет пен психиканың арақатынасын айқында проблемасы теориялық жағынан да, практикалық жағынан да зертгеуді қажет ететін күрделі проблема. Бұл проблеманы шешу үшін кең, толық зерттеу бағдарламасы қажет. Осыған байланысты біздің қолға алып отырған зерттеу жұмысымыз психологиялық зертгеулердің осы бағытына аз да болса өз үлесін қоса алады. Біздің ойымызша, дамудың этникалық ерекшеліктерінің “көзі: онтогенезде, яғни материалдық жөне рухани мәдениетген салт-дәстүрлерден, фольклордан және т.б. мәдені мұралардан іздестіруге болатын халықтың мәдени-тарихи тәжірибесін зерттеудің объектісі етіп алуға тура келеді.

Осы бағыттағы шетел зерттеулерінің ішінеі Эриксонның жеке тұлға дамуының эпигенетикалық концепциясын атап көрсетуге болады. Оның ойынша адамның “Мендік” негізі қоғамының әлеуметтік ұйымдасуына байланысты. Эриксон екі үнді тайпаларының балаларын тәрбиелеуде этнографиялық зерттеулер жүргізді және оларды АҚШ қалаларындағы отбасы балаларының тәрбиесімен салыстырады Нәтижесінде байқағаны, әрбір мәдениет ошағында өзіндік ерекше аналық стиль болады және әр ана тек соны ған; дұрыс стиль деп есептейді. Эриксонның пайымдауынша аналық стиль әлеуметтік топ, тайпа, класс немесе каста балаларының болашағынан қандай үміт күтетіндігіш байланысты екен. Біздің ойымызша, бұл тәжірибені басқа да этникалық ортада баланы тәрбиелеп дамытуда қолдануға болады. Шындығында, әр халықтың мәдени ерекшеліктері мен дәстүрлері, өмір салты, көзқарастары сол мәдени қоғамның өр мүшесінің белгілі бір іс-әрекеттеріне әсер етеді.

Көрнекті зерттеу бағыттарының бірі, 60-жылдардан “Психологиялық антропология” деп аталатын “Мәдениет және жеке тұлға” бағыты. Бұл ғылыми мектептің негізгі идеялары 20-жылдары Р.Бенедикт, А.Кардинер, М.Мидтін зерттеулерінде қалыптасты. Олар жеке тұлғаны қалыптастыратын, адамдардың этникалық ерекшеліктерін тудыратын ортадағы жағдайларды анықтады. Зертгеушілер тэрбиелеу әдістерін әр түрлі қоғамдарда жөне мөдени орталарда қарастырып, ол әдістерге “алғашқы институттар деген сипаттама берді.

Бұл бағыттың ең көрнекті өкілі М.Мид-Леви-Брюльдің празологикалық ойлау туралы тезисін мәдениаралық ксеруден өткізді және Ж.Пиаженің жабайы адамның белгілі бір деңгейдегі ойлау қабілетін баланың ойлау кабілетінің дамуымен ұқсастыру идеясымен пікір таластырды.

Оның ойынша, ойлаудың анимистикалық бейнесі Леви-Брюль айтқандай ақыл-ой дамуының сатысымен емес, адамның мәдениеті-мен анықталады. М.Мид пен оның шәкірттерінің көзқарастарыңдағы көңіл аударатын айт — адамның түстерді, геометриялық формалар-ды ұғынуы, танымдық есептердің шешімдерін табуының өзгеше болуы және ойлау қабілетінің ерекшеліктері оның ойлау қабілетінің кемдігінен емес, тек оны қоршаған экономикалық және мәдени ортаның айрықша бейнеленуінен деп қарайды. Сонымен қатар, Мид еркін қабылдау теориясын жоққа шығарады. Үлкендердің көмегінсіз бала мәдениетті бола алмайды, егер ата-анасы аланың қиялын дамытпаса, пікір таластырып әңгімеге артпаса, көркемдік шығармашьшық жетістіктерін бағаламаса, ондай баланың елес-қиял деңгейі өте төмен болады. Дегенмен, Мид және осы бағыттың басқа да өкілдері “мәдениет адамның өзі құрған ортасы” дей отырып және өр мәдениеттің “өз логикалық тарихы бар” дей келе, мәдениеттің табиғатына толық теориялық түсінік бере алмады.

Бұл бағыттың дұрыс жағы — олар алғаш рет жеке тұлға дамуы-ның әлеуметтік және этномәдени негіздері туралы проблеманы көтерді. Бірақ бұл зерттеулер аяғына дейін толықтырылмады.

Салыстырмалы зерттеулерге арналған жұмыстардан 2 бағытты іріктеп алуға тура келеді. Біріншісі, психикалық салада мәдениеттер арасындағы айырмашылықтарды көрсетсе, екіншісі, керісінше, ортақ белгілерін, қарым-қатынастарын табуға тырысады. Бірінші тенденцияга Яеви-Брюльдің жергілікті халықтың “празологикалық” ойлауы мен еуропалықтардың “логикалық” ойлау туралы салыстырмалы зерттеулері, мәдени релятивизм тұжырымдамасы, Сэпир-Уордтың лингвистикалық салыстырмалы гипотезасы және т.б. жатады. Екінші тенденцияға төмендегі зерттеулерді жатқызуға болады: К.Леви-Стростың алғашқы қауымда ойлаудың логикалық күші мен қазіргі еуропалық өркениет адамдарының ойлау қабілетгерінің потенциалды теңдігін дәлелдейтін еңбе Леви-Брюльдің тұжырымдамасын теріске шығарған М.М.Мұқановтың зертгеулері. Бұлармен қатар амери ғалымдары Дж.Брунер, М.Кун, С.Скрибнердің жалг универсалды механизмдерді анықтайтын еңбектері шықты. Дегенмен, бұл зерттеулердің өз кемшіліктері де болды. Олардың көпшілігі әртүрлі мәдени ортанының айырма-шьшықтарын айқындаумен ғаңа шектеліл қалды. Кеңес дәуірінің психологиясында салыстырмалі мәдени зерттеулерді алғаш жүргізгендер Л.В.Выготски: А.Р.Лурия т.б. болды. Олардың зертгеулері, тіпті жалп психологияны, оның ішінде адам психологиясын түсіну маркстік тұрғыдан қарастырды.Адам психикасының қоғамдық-тарихи байланыс жөнінде проблеманы алғаш жете зертгеген Л.В.Выготски болды. Осының нәтижесінде оның адам дамуыны мәдени-тарихи тұжырымдамасы шықты. Бір нәрсеі тарихи тұрғыдан зертгеу — белгілі бір қозғалыста зерттеу

бұл диалектикалық әдістің негізгі қояр талабы. Мәден дамудың, мәдени мінез-құлықтың әрбір формасы белгілі бір мағынада адамзат дамуының тарихи нәтижесі, — де есептеді ол. Л.С.Выготскийдің ойынша, қоғамдық әрі жоғарғы функциялар дамуының қайнар көзі болы табылады. Тұлғаның әлеуметтік іс-әрекеті оның ортамен

арақатынасын анықтайтын этномәдени аспектіден тұрады.

Осы мәдени-тарихи тұжырымдаманың негізіңце 30 жылдардың басында А.Р.Лурияның басқаруымен бір топ психологтар Орта Азияның кейбір қышлақтарында әлеуметтік өзгерістерден туындайтын классификациялар мен өзгерулер негізінде сөздік-логикалық категорияла процесінің универсалды ерекшеліктерін анықтайтын арнайы зертгеу жұмыстарын жүргізді.

Осы ғасырдың екінші жартысында сыртқы әлеуметтік этномәдени өзгермелі және ішкі нақты психологиялық өзгермелі заңды байланыстарды айқындауға бағытталған еңбектер пайда болды (А.А.Леонтьев, А.Р.Лурия М.М.Мұқанов, т.б.). М.Мұқанов тарихи-этникалық аспектіде негізінен ойлау әрекетінің нәтижесі ретінд мақал-мәтел, айтыс сияқты қазақтың ұлттык творчествосын зерттеді. Ол, ең бастысы, этникалық парасат мәселесін зерттеумен айналысты. Т.Төжібаев өткен ғасырдағы антропологтардың, этнографтардың сол кездегі қазақтардың тұрмыс-салты, күш-қуат, ақыл-ой қабілеттерін зертгеген түрлі мақалаларын келтіреді. Олар қазақтардың ұлттық нышан-белгілерінің жағымды жақтарын атап көрсетеді. Олардың ойы негізінен төмендегідей тұжырымдалған: қазақтар басқа Азия халықтарынан мүлде өзгеше, әрі олар ғылымға бейімді, әсіресе оларға азиатгық баяндау тәсілі түсінікті, олардың арасында ақыл-ой қабілеті жоғары адамдар жиі кездеседі, онымен қатар қызығушылық, тапқырлық, зеректік, суырып салма дарындылығы, тез тіл табысу және мәдени жетістіктерді өте жоғары деңгейде қабылдау атап көрсетіледі.

Қазіргі қоғамдық ғылымда этникалық сана-сезім проблемаларын зерттеумен Ю.В.Бромлей, Л.М.Дробижева З.И.Козлова, М.Н.Куличенко, Н.Джангильдин, З.П.Левкович және т.б. айналыс-ты. Ю.В.Бромлей мәдени орта ерекшеліктерінің психикаға әсер ету проблемасын зерттеді. Оның ойынша сана-сезімнің бір ерекшелігі онда стихиялықтүрде белгілі бір қабат болады. Бұл қабаттың құрамына осы этникалық ортадағы тәрбие мен сендіру арқылы дағдыландырған көзқарастар, әдеттер, мінез-құлық ережелері кіреді.

Этнопсихологиялық стереотиптер мәселелерімен Г.У.Кцоева, Г.В.Старовойтова және т.б. айналысты. Г.В.Старовойтова қала тұрғындарының мінез-құлықтарының этникалық ерекшеліктерін зерттеді. Оның пікірінше, қала халқының мінез-құлық стереотиптері қала өміріне тән әлеуметтік-психологиялық белгілердің әсерімен қалыптасады, екінші жағынан мәдени дәстүрлер араласқан ортада көпұлтты қала тұрғындарының этнопсихологиялық ерекшеліктерін бейнелейді.

Қазіргі кезде Қазақстандағы этнопсихологиялық зерттеулердің ішінде ҚазМҰУ-дің психология кафедрасында жүргізілген адамның когнитивті, регулятивті және тұлғалық белсенділігін экологиялық, этникалық, саяси-экономикалық өзгерістер жағдайында анықтау жақты кешенді зертгеулерді атап өтуге болады. Жеке адамның этнопсихологиясы және этнодиагностикасы Д.Д.Дүйсенбеков, А.С.Нурадинов), әлеуметтік этнодиагностикасы {М.А.Искакова, А.Т.Малаева) зерттелді.

Малаева тұлғаның әлеуметтік айқындалуы тұлға дамуының этномәдени және геобиосфералық айқындалуына негізделген этномәдени ортаға тәуелділігін зертгеді. Эксперименталды-эмпирикалық зерттеудің барысында автор республиканың жергілікті тұрғын өкілдері — қазақтардың аймақтық айырмашылықтарын анықтады. Зерттеу нәтижесі Оңтүстік, Солтүстік және Орталық Қазақстан тұрғындарының құндылық бағдарлары, қадағалау локусы тұлғаның “Мен” концепциясы жағынан едәуір айырмашылықтары бар екенін көрсетті.

Біздің зерттеулеріміздің методологиялық негізі ретінде психиканың мәдени-тарихи дамуында оның жалпы теориясының негізі болып саналатын адамның жоғарғы психикалық функция-сының мазмұны ғана емес, сонымен қатар оның ішкі құрылымы мен әлеуметтік себептену жағдайы алынып отыр.

Лабораторияның теориялық және эксперименттік зерттеу-лерінің нәтижесі бойынша тұлғаның негізгі жаңа құрылымдарының бірі — өзін-өзі бағалаудың этнопсихологиялық ерекшелік-терін дамыту бастауыш мектеп жасындағы қазақ балаларында айрықша сипаттама алады. Ш.Б.Әлиева өз зерттеулерінде қазақ балаларында өзіне-өзі жоғары деңгейде қанағаттану сезімінің басым екенін анықтады (орыс балаларының өзіне қанағаттануы орта деңгейде). Өзін-өзі бағалауда орыс балаларының бірдей бағалары басым келеді (56 %), ал қазақ балаларында көтеріңкі бағалар көп (53 %). Бірінші топ пәннің өзін, яғни орындалған жұмыстың ерекшеліктерін бағалауға ұмтылса, екінші топ — күткен нәтижені бағалауға тырысқан. Орыс балалары өз ой-пікірін алға тартады, ал дәлелдеу үшін орындалған жұмыс сапасына сүйенеді. Ал қазақ балалары беделді ой-пікірді алға тартады, дәлелдеу үшін мұғалімнің пікіріне сүйенеді. Қазақ балаларының өзін-өзі бағалауына тән ерекшелік -міндетті түрде беделді ой-пікірге бейім болуы, егер үлкендердің пікірі дұрыс болса, оған еш күмән болмауы, олар бір-біріне сын көзбен қарайды.

Сонымен, біріншіден, ауылдағы қазақ мектебі оқушылары өзін-өзі бағалауында олардың тәртібі, іс-әрекеті қазақ мәдениетіне тән тіл алғыштық нормаларына сәйкес келеді. Екіншіден, бастауыш мектеп жасындағы қазақ оқушыларының өзін-өзі бағалауының этнопсихо-логиялық ерекшеліктері қазақ тілін білу деңгейіне тәуелсіз, дәстүрлі, үлкеннің тілін алуы, өзін-өзі дұрыс бағалауы сияқты әрекеттерінен көрінеді.

Кейбір ғалымдар жасөспірім кезеңнің проблемаларын қарастыра отырып, “жасөспірім дағдарысы” кезінде түрлі мәдениет өкілдері арасында айырмашылықтардың болатынына баса назар аударады. Олардың пікірінше, жас өспірімдерің болашақ өміріне қажет білімдерді, қасиеттерді актуализациялау мәдени ортаның еуропалық, батыс бөлігінде айқын байқалады. Жасөспірім кезеңі балалықтан есейген шаққа өтетін өтпелі кезең. Ал Л С.Выготский айтқандай, бұл кезенде жас шамасының дағдарысы болады, соның нәтижесінде өз бетінше әрекеттену, өзіндік сана-сезім, үлкен болғанын сезіну, өзін-өзі билеу, қызығушылық, көзқарас сияқты орталық психологиялық жаңа құрылымдар қалыптасады. Көптеген ғалымдар осы жаңа құрылымдар Батыс мәдениетінде айқын білініп, Шығыс мәдениетінде жас өспірімдік дағдарыс баланың сана сезімінде жатық, ешқандай шұғыл өзгеріссіз өтеді деп есептейді. Бұл жағдайды дұрыс, жағымды деуге болар еді, дегенмен біршама кемтілігі де бар, себебі бір кезеңнен екінші кезеңге өту барысында жалпы тұлғалыққұрылымдар қалыптаспай қалуы мүмкін. Сонымен қатар, мұндай айырмашылықтар әр түрлі этникалық қауымдарда ғана емес, қала мен ауыл тұрғындары арасында да болуы мүмкін.

Бұл зерттеудің негізгі мақсаты қазақ және орыс этносы өкілдерінің арасында жеке тұлғаның даралануындағы мәдениаралық айырмашылықтарды анықтау.

Өзін-өзі даралау, яғни актуализациялау жеке тұлғаның ең жағымды және нәтижелі жақтарын айқындайтын көп қырлы психологиялық құрылым болып саналады. Жеке тұлғаның өзін-өзі даралау құрылымында біз теория жүзінде оның келесі компоненттерін айқындадық: қарым-қатынас барысында себеп-салдарлық бағыт, интервалды қадағалау локусы, уақытты жетік білу, мінез-құлық икемділігі, сензитивтілік, яғни сезгіштік құндылықтық бағдарлар, өзін-өзі құрметтеу, адамдар мен қоршаған әлемді тұтастай қабылдап ұғыну қабілеті, тез тіл табысу, танымдық белсенділік, шығармашылық және т.б. Сонымен бірге, жеке тұлғаның даралануының психологиялық механизмдері анықталды. Олар — өзіне тән жеке басының қасиетгерін, жеке тұлғаның эмоциялы-еріктік, себеп-салдарлық, танымдық салаларын және мәдени-адамгершілік мүмкіндіктерін жетілдіру. Өзін-өзі даралауға қажетті жағдайлар: өзін-өзі тану, рефлексия, адамның бүкіл өмірі бойында жүзеге асып отыратын адамгершілік іс-әрекеті және жеке тұлғаның өз позициясында басты рөл атқаратын қабілеттері мен мүмкіншіліктерін әлеуметтік сұраныстармен үйлестіре отырып өзін-өзі дамытуы.

Зерттеу мақсатын іске асыру кезінде жеке тұлғаның өзін-өзі даралауда негізгі параметрлерін толық және тепе-тең бейнелейтін әдістер қолданылды. Біріншіден, себеп-салдарлық бағытты (немесе жеке тұлға стратегиясын) анықтайтын Ю.М.Орловтың «Жетістікті қажет ету» және «Қарым-қатынасты қажет ету» әдістері. Екіншіден, «Субъективті қадағалау деңгейі» әдісі. Бұл жерде жеке тұлғаның өзін-өзі даралауы оның айналасында болып жатқан жағдайларға белсенді және саналы түрде қатынасы арқылы анықталады. Үшіншіден, өзін-өзі даралау тесті —әр түрлі параметрлер бойынша 14 шкаламен жоғарғы сыныптардағы жас өспірімдер мен жастар тестен өткізілді.

Зерттеудің нәтижесінде өте қызықты мәдениаралық көрсеткіш-тер алынды. Қазақ тілдес топ өкілдерінің көрсеткіштері төмендегі-дей болды: қарым-қатынасты, жетістікке жетуді қажет ету, экстерналды қадағалау локусы (болып жатқан жағдайдың себептерін өзінен емес сырттан іздеу), өлемді тұтас қабылдап ұғыну қабілетінің жоғары болуы, танымдық қажеттіліктері, тіл табысу қабілеті және құндылықтық бағдарлар дамуының жоғары деңгейі, мінез-құлық икемділігі, сезгіштік, өзін-өзі құрметтеу сияқты қасиеттердің төмен болуы. Бұл олардың өз бетінше әрекеттенбейтінін, сырттай қадағалау локусын білдіреді, яғни сыртқы беделді ой-пікірге сүйенеді. Сонымен қатар, оларда татулыққа, достыққа бейімділік басым екені анықтадды,

Орыс тілді топтың жоғарғы деңгейдегі көрсеткіштері қолдау, өзін-өзі құрметтеу, мінез-құлық икемділігі, тіл табысу, сезгіштік, агрессияны қабылдау, шығармашылық сияқты шкалалардан байқалды, ал танымдық қажеттіліктер шкаласының көрсеткіштері төмен болды. Жетістікке жету қажеттілігінің жоғары екені, яғни болып жатқан жағдайдың себептерін өзінен деп білу ерекшеліктері де байқадды.

Зерттеушілердің пікіріне тән ерекшеліктер: құндылық пен мінез-құлықтың сыртқы әсерлерден тәуелсіздігінің жоғары деңгейде болуы, өз жетістіктерін бағалай білуі, өзін сол күйінде қабылдау қасиеттері және сонымен қатар икемділік пен импульсивтілік (қызбалық).

Сонымен, жүргізілген зерттеулер нәтижесінде, қазақ және орыс жасөспірімдері мен жастарының жеке тұлғалық бейнесінде едәуір айырмашылықтардың болатыны анықталды. Әр түрлі әдістемелік зерттеулердің нәтижелеріне және жоғарыда көрсетілген зерттеулерге сүйене отырып, оқу-тәрбие процесінде мұғалімдерді балалардың этнопсихологиялық ерекшеліктерін ескере -жүргізетін арнайы әдістермен, оқыту тәсілдерімен қамтамасыз етуіміз қажет. Айта кететін маңызды мәселе — оқу~тәрбие жүйесі тек этникалық ерекшеліктерді дамытып қоймай, сонымен бірге әр түрлі этнос өкілдері ретінде оқушылардың тұлғалық дамуындағы кейбір психологиялық кемшіліктерді өзгертіп, жетілдіруі қажет. Себебі жеке тұлғаның сапасын жетілдіру қоғамның және бүкіл ұлттың дамуын қазіргі жағдайға сай етіп күшейте түседі.

Алынған ғылыми нәтижелер жалпы білім беру процесін психологизациялау мен гуманизациялау әрекетін іске асырады, себебі ұлттық ерекшеліктер мен айырмашылықтар — тұқақты факторлар. Балаларды дамытудың эксперименттік-психологиялық зерттеу қорытындылары оқу -тәрбие процесін ұйымдастырудың тиімді негізі болып саналады.

Читайте также: