Эмоция және оның балалық шақта дамуы
Эмоция және оның балалық шақта дамуы. Қазіргі кезде психологияда эмоция жайындағы ілім және оның теориялық дамуы жалпы психологияның өзге тақырыптарымен салыстырып қарағанда өзіндік сипаты бар күрделі мәселелер қатарына жатады.
Эмоцияға арналған тақырыптарға психологияның өзғе тақырыптарында арнайы мәселе ретінде сөз болмаған, таза натурализм үстемдііі туралы мәселелеге тоқталамыз. Бұл тақырып эмоцияға натуралистік теорияаіын еңуімен психологиядағы бихевиоризм және мінез-құлық туралы бағыттардың пайда болуымен сабақтас. Осы тұрғыдан іздестірсек бұрынғы психологиядары эмоция тақырыбы методологиялық жағынан белгілі бір жағдайда бихевиоризммен жіптес. Өйткені психологиядағы бихевиористік бағыт бұрынғы спиртуалистік интроспекциялық психологияга тікелей қарсы шығады. Соған орай эмоция тақырыбы негізінен натуралистік бағытга баяндальш, өзге тақырынтармен салыстырғанда өз алдьіна ерекшеленіп, арпа ішіндегі бидай дәніндей болып көрінеді.
Бұлай деп аныктаудың көптеген себептері бар. Осы ретте біз Дарвин іліміне арқа сүйейміз. Ол өзінің «Адамның жарасымды қозғалыстарының пайда болуы» деген еңбегінде бұрынғы биология ғылымынын дәстүрлерін одан әрі дамыта отырып, адамның сезімі мен эмоциясы хайуанаттар дүниесінің соқыр сезімі мен аффекттік серпілістерімен тығыз байланысты түрде дамып жетіле түсті дейді. Оның жақында орыс тіліне аударылған мақаласында адам бойындағы жарасымды қимыл-қозғалыстарының бәрі эволюциялық даму нәтижесі екендігін баяндай отырып, адамның жан дүниесінің ішкі «қасиетті сыры» болып табылатын сезімінің пайда болуы, адамның өзі сияқты, жануарлар дүниесінің қылығымен төркіні бір деп жазады. Мәселенің шындығына үңілетін болсақ, Дарвиннің бұл пікірі адамға ұқсас жоғары сатыдағы жануарлар мінез-құлқындағы ұқсастықтардың бар екендігі ешқандай күмән тудырмайды.
Бір тарихшы ғалымның айтуына қарағанда орта ғасырлық діни көзқарастарынан арыла қоймаған ағылшынның бір психолог маманы Дарвиннің идеяларына аса сақтықпен қараған көзқарасын бетіне перде етіп тұтып, оған жанашырлық кейіп біріп былай депті: Дарвин адам тіршілігіне тән адам максат-мүддесін және оған құмарлығын жануарларға тән сезім күйі мен әмоциясының пайда болуын дәлелдеп берді.
Сонымен осы айтылған жайттар психологиялық ойдың екі түрлі бағытта дамуына түрткі болды. Оның бірі Дарвин идеяларын дамытуға үлес қоскан психологтар (біршама үлес қосқан Г.Спенсер) мен оның шәкірттері, француз позитивистері Г.Рибо жәнс оның мектебі, немістің биологиялық бағыттағы психологтары адамның сезімі мен аффектік және хайуанаттрдың соқыр сезімге негізделген идеяларын әрі дарай дамыта түсті. Осы бағыттағы зерттеушілердін эмоция жайындары теория (бұл теорияны тиісті әдебиеттерде рудиментарлық деп атайды) барлық дерлік оқулықтарға, соның ішінде орыс тілінде жазылған құралдарымызға да енгізілді.
Осы теория тұрғысынан алып қарағаида біздін бойымызды қорқыныш билегенде, бет құбылысы мен денеміздегі әр ал) қимыл-қозғалыстар арғы тегіміз жануарлар дүниесінің өз жау- ларынан қорқып, сақтануға бейімдеу әрекетінең не бойымыз ашу-ыза кернеп, өз сезімдеріміздің сыртқы әсерлерге серпінуіне пайда болатын қозғалыстардың бәрі хайуанатардың тіршілігі бейнесінен қалған сипатгар екенін байқатады. Соран орай қорқыныш кезінде бөгеліп аңырып қалу, ашу-ыза кернегенде төбелесу де сезім күйдің (эмоцияның) сыртқы көріністері болып табылады. Басқаша айтқанда, адамның абжыл да, шапшаң қимыл-қозғалыстарының бәрі сол ертедегі жануарлар дүниеси тіршілігінен қалған ерекшеліктер деп саналады. Осыган орай Рибо эмоциялық құбылыстардың бәрі адам психикасында ертеден сақталып қалган бірден-бір қасиет, немесе оның өз сөзімен айтұанда эмоциялар «мемлекет ішіндегі мемлекет» деп анықтайды. Рибоның бұл салыстырмалы пікірін адамның сезім күйі оның жан дүниесінің билеушісі деген мағынаны білдіріп, ол адам мінезіндегі ертеден қалған ұнамсыз қылық деп есептейді. Осы орайда қазақ халкының мақалы: «Ашу-дұшпан, ақыл-дос, ақылына ақыл қос» дейді. Рибоның білдірмек болған ойының мәнісі — эмоция жойылып бара жатқан тайпа, не «біздің, психикамыздағы сығандар». Шындығында, осы ретте психолог мамандар белгілі бәтуаға келіп, адамның бойын ашу-ыза кернеп, оның қимыл-қозғалыстары мен мінезіндегі жағымсыз қылықтарын бәрінің сырттай көрінісі сол хайуанаттар дүниесінен қалған сарқыт дейді. Осындай сипат адам психикасының дамуында біртіндеп әлсірейді де, ол адамның сырт көрінісінен де, жан дүниесінің ағымынан да өшіп кететін болады.
Сонымен, сезімнін қисық сызығы уақыт озған сайын бәсенси бермек. Егер, — дейді Сненсердің соңғы шәкірттерің; бірі, — біз хайуа». мен адамды, бала мен ересекті, қарапайым кісі мен мәдениетті адамды өзара салыстырып көретін болсақ, онда эмоцияның біртіндеп әлсіреп, ізін жоғалта бастағанын айқын байқаймыз. Міне, осындай мәліметтерге сүйене отырып, зерт -теушілер мынандай жорамал жасайды: болашақтың адамы эмоциясыз болады, ол өз сезімін ақыл-ойға, жүйелі ойлауға билетеді. Сөйтіп біздің бойымызда ежелден келе жатқан хайуанаттарға тән сезім ізі өшеді дейді. —
Бұл орайда өзінен-өзі айқын болатын бір жайт — хайуанаттардың эмоциялык әсерленуі және онын жануарлар дүнесінде дамуы деген бір ғана тарауды психологияда зерттеу шектелу жеткілікті болар еді. Бұл тарау қазіргі психологияда барынша терең әрі толық зертгелген. Ал адамға қатысты эмоция мәселелерінін өзіндік ерекшеліктері мен дамуы мүмкіндігінше тарапты зеттеуді талап етеді. Әсіресе, балалық кезеңдегі эмоция ерекшеліктерін зерттеп, оны дамыту жолдарын ашып көрсеіудің манызы ерекше. Осы кездегі зерттеулер керісінше балалардың эмоциясын әлсіретіп, оларды болдырмаудың әдістеріне көңіл аударады. Алғашқы адамдардан бастап қазіргі адамдардың эмоция қуатының өзгеру ерекшеліктері эволюциялық даму жолымен салыстырып іздестіріліп келеді. Мұңдай ретте ерекше ескеретін жайт — адам пІсихикасы эволюциялық дамуда үнемі күрделеніп жоғары өрлесе, ал оның эмоцңясының дамуы кері кетіп бәсеңдеп отырады дейді. Эмрция дамуын осы бағытта іздестірген зерттеу-шілердің пікірін мінеп, Рибо адам психикасының дамуында тұтас бір процестің жойылуының даңкты тарихы деп мысқылдайлы.
Егер біздер эмоцияны биологиялық жағынан іздестіріп, оның психикалық тіршіліктің тұтас бір саласы ретінде жойылып бара жатқандығына көз жіберетін болсақ оңда тікелей жүргізілген психологиялық тәжірибелер, онан кейінгі тәжірибелік зерттеулер мұндай ойдың құрғақ сандырақ екенін әшкерелейді.
Н.Н.Ланге мен У.Джемс әрқайсысы өзінше зерттеулер жүргізді. Джемс, ІІсихолог маман ретінде, әдейі, ал Ланге, физиолог ғалым ретінде, мақсатсыз-ақ, Джеметің айтуынша адам организмінде эмоцияның нендей негіздері пайда болып отыратындығын анықтауды міндет етіп қойды. Сонымен бірге, адам эмоциясы жайындағы теріс көзқарастың сырын ашуды көздеді. Лаиге мен Джемс адам эмоциясының пайда болу себентерін органикалық реакцияларға енгізу деп түсіндірді. Мұндай көзқарастын мән-жайы көптеген мамандарға кеңінен мәлім және оқулықтарда толық баяндалған. Сондықтан бұл мәселені талдап жатудың қажеті бола қоймас деймін. Бұл теориядағы елеулі бет-бұрыс болын саналған нәрсе эмоциялық реакциянын қалыптасуы туралы бұрынғы дәстүрлі көзқарастарды өзгертуге айтарлықтай ықпал еткенін ескерте кетейін.
Джемс нен Лангеге дейінгі психологтардың эмоция жайындағы түсініктері мынадай сипатта болған еді: оның бірінші өлімі сыртқы не ішкі оқиға, хауіпті жағдай төнгенде оны қабылдап, эмоция тудырады, сонан кейін бұл-эмоцияны бастап кешіреді (жүректің жиі соғып дүрсілдеуі, бозарып кету, жүйкенің . тіркенуі, тамақтың құрғауы — мұның бәрі қорқудан пайда болатын сезім күйлері) сол тітіркендіргіштерге әсерленуі. Бұрын мұндай күйлерді психологтар мынадай ретпсн көрсететін еді: қабылдау, сезім, оның сыртқы көрінісі. Ал Джемс мен Ланге мұндай сезім күйлерін бастан кешіруді өзгеше реткеи көрсегеді. Белгілі бір қатерлі оқиғаны қабылдағанда оған әсерлену рефлекторлық түрде органикалық өзгерістерге ұшыратады (Лангенің-көрсетуінше қан тамырларының кеңейіп, таралуы. Джеметің, айтуынша ішкі орган қызметінің жандана түсуі). Адам органдары сыртқы хауінтің әсерінен жанданып, оларды қабылдауда біздің бойымызда эмоция пайда болады дейді.
Джеметің эмоцияның пайда болуы жайындағы ілімі қазіргі кезде түрлі өзгерістерге ұшырап, әрқилы қайшьшықтар тудырып отырғаны мәлін. Әдетте, біз жылаймыз, өйткені қайғы-қасіретке ұшыраймыз, денеміз тітіркеніп түршігеді, өйткені қорқамыз, бі- реуді ұрып-соғамыз, өйткені біз ашулымыз, ал дұрысында былай деп айтқан жөн болар еді: біз қамығамыз, сондықтан жылаймыз біз қорықтык, сондықтан денеміз түршігіп дірілдейміз, біз ашуландық сондықтан ұрып-соқтық.
Джеметін түсінігі бойынша біз сыртқа шыққан эмоциямызды игере білсек, ол басылады және керісінше: біз ашу-ызаға, шатгық күйге бөленсек, оның, артынша~ақ эмоция па? болып, сыртқа шығады.
Мұндай көзқарастын қалыптасып орнығуына мынадай ек түрлі жайт әсер етті: бірі — бұл көзқарас эмоцияны табиғи-ғылымы және биологиялық тұрғыдан негізделді деп санады екінші — ешкімге керексіз эмоцияның шығу тегін хайуанатта дүниесінің тіршілігімен ұштастырылған көзқарастан өзгеше еті құрылды. Сөйтіп эмоция жеке басқа тән қасиет ретінде қарастырылды. Сіздер адамның басыңан кешіретін сезімдеріні бәрі оның ішкі жан дүниесімен және оның жеке басына тән ерекшеліктері өзара тығыз байланысты екенін жақсы білесіздер.
Джемс пен Ланге теориялары осыдан кейін біріктіріліп жалпы теориялық сипат алды. Бұл жәйт те сіздерге мәлім. Алайда бұл теорияны көп уақыт өтпей-ақ бірсыпыра зерттеушілер «материалданған» теория деп кінәлай бастады. Өйткені Джемс пен Ланге сезім арқылы адам денесінен шығатын органикалық процес-терді санаға ендіруді көздеп отыр деді. Джемс әлі материализмнен әлдеқайда алыста жүрген-ді. Сондықтан ол өзін кінәлағандарға жауап ретінде мынадай тезисті қолданды (б| тезис оның психология оқулығына ендірілген еді): «Менің теориям барлық жағдайда да материалистік бола алмайды». Расында Джеметің теориясы қарапайым материалистік сипаттағы әдістерді қолданғанмен, шын мәніндегі материалистік тес емес-ті. Оның кейбір мәселелерге қатысты қортындылары материалистік жайттарға қайшы келетін. Мысалы, өл эмоцияны жоғары және қарапайым қызметтер деп ажыратып атауы эмоция жайындағы ілімде жоқ нәрсе болатын. Мұндай Пікір Джемс теориясының бұдан был айғы кездерде дамуына дәйек болды.
Джемс теориясын материалистік теория деп кіналаушыларға жауап ретінде Дарвиннін ағылшынның схоласт психологтарына қарсы қойған әдісін пайдаланады. Ол өзінің көзқарасын дәйектеу мақсатымен «Қасапқа пышақ ұстатып, құдайдың құдіретін» дәріптейтін принципті қолданды. Оның бұл пікірі бойынша органикалық құрылым эмоциясының төменгі сатысына тән, бұл ерекшелік адамда жануарлар дүниесінен мирас болып қалған деп түсіндірді. Эмоцияның бұл тобы адамның қорқынышына, ашу-ызасына, торығуына, қолдануына тән, бірақ мұңдай эмоциялар адамның нәзік сезімдері болып саналатын діни нанымдарына, ерлер мен әйелдер арасыңдағы сүйіспеншілікке, әсемділіктен ләззатгану сезімдеріне қатысы жок. Сонымен Джемс эмоцияны жоғары және төменгі топтарға бөліп қарастырды. Сондай-ақ бұрыннан ескерусіз болып қалған, бірақ соңғы кезде тәжірибелік зерттеулерде ерекше көңіл аударып отырған мәселе — ақыл-ойға қатысты эмоциялар да жоғары топтагы эмоцияларға жатады деп санады. Біздің ойлау процестерімізде тікелей бейнеленетін барлық эмоция түрлері мен адам басынан кешетіи әсерлі сезімдердің бәрі пікірдің құрамды бөлігіне жатады да олар мұндай эмоцияларды негізгі органикалық құбылыстардан басқа өзгеше текте пайда болады деген шек қойды.
У.Лжемс, прагматист ретінде, зерттелген нәрселердің түпкі негізін ашып көрсетуді мақсат деп санамай, ол қоғам үшін іс жүзінде қажетті нәрсе төменгі және жоғарғы эмоциялардың сындағы айырмашылықтарды білу жеткілікті дейді. Ол үшін праматакалық тұрғыдан жоғары эмоцияларды материалистік немесе жалған-материалистік түсініктерден қорғау қажет еді.
Сонымен бұл теория бір жағынан алғанда психологиядары дуалистік көзқарасқа келіп тіреледі. Осындай ыңғайлы сәтті шебер пайдалана, білген нағыз идеалист Бергсон эмоция жайындағы Джемстің көзқарасымен Үйлесім тауъш, оны өзінің идеалистік тұрғыдағы пайымдауларымен толықтырды. Екінші жағынан Джеметің эмоция жайындары теориясының психологиядағы материалистік көзқарастармен үш қайнаса сорпасы қосылмайтын еді. Мұны автордың өзі де мойындады. Алайда бұл идеалистер біз түйсігіміз бен қабылдауымыздың сезім мүшелерімізді тітіркендіруші материалдық процестер екендігін бекерлей алмаған-ды.
Демек, Джеметің эмоция туралы анықтамалары матерлистік түсініктен қашықтап, ол дуалистердін пікірімен үндесіп кетті.
Үшіншіден, бұл теория эмоция туралы бірсыпыра метафизикалық көзқараетардың жаңдануына себепші болды. Осы орайда Джемс пен Лангенін, эмоция жайындары көзқарастары өздері бастау алған Дарвин ілімімен салыстырғанда бір қадам кейін шегінген теория болды. Сондай-ақ Джемс эмоция туралі өз түсініктерін адамның іщкі органдарынык Кызметімен байланысты деп санап, оны саналы әрекетгерден бөліп тастады. Соның салдарынан бұл теория да, бүрынғы идеалистік көзқарастар сияқты, тоқырап қалды.
Мен Рибо және баска авторлардың көзқарастарында эмоция адам психкасындағы мемлекет ішіндегі мемлекет деп саналды деген едім. Мұндай пікірдін мәні эмоцияны адамның бір. тұтас психикалық тіршілігінен бөліп алып қарастыру еді. Дже пен Ланге теориясын анатомиялық және физиолоғиялық жағынан қостағандай болды. Бұл пікірді Джеметің өзі де қостай түсті Оның айтуынша: ми — адамның ойлау мүшесі болса, » эмоцияның органы — ішкі вегетативті мүшелер. Ал эмоция субстраты (негізгі материясы) орталықтан шетке ауыстырылды. Джемс пен Ланге теориясы олардан ілгері теорияларға қарағанды тиянақты әрі эмоциялык тіршілік туралы мәселелер көтеру тыйым салғандырын айтудың қажеті бола қоймас. Ілгергі теорияларда Джемстің айтуынша адам эмоциясының бұрынғы кездегі даму процесінде пайда болуы жайында сөз болған-ды. А бұл теорияда адам эмоциясының жаңа түрлерінің пайда бол мүмкіншіліктері қарастырылмай, қараңғы бұрышта қалып қойды.
Сөйтіп, мәселені қарау тұйықталып, Джемс пен оның қол-даушылары эмоция жайындағы негізгі идеалистік концепцияға қайта оралды. Ал Джемс өзі адамның тарихи даму дәуірінде адамның хайуанаттарда кездеспейтін жоғары сезімдері дамып жетілді деген еді ғой. Дегенмен, адамның хайуанатгар дүниесінен қалған сезімдері өзгеріссіз қалды, мұңдай ерекшеліктерді, Джемістің өз сөзімен айтқанда, оның органикалық тіршілігіндегі пайым қызметтер.. Бұл не деген сөз: алғашқыда эмоциялардың пайда болуы хайуанаттар дуниесінен ауысқан ерекшелі екендігін дәлелдеу үшін (бұл жайында мен Дарвинді атағаным келтірілген теория болса, ал мұның ақыры адам эмоциясиясының жануарлар дүниесінен ауысып пайда болуы адамның тарихы дамуындағы ерекшеліктерімен байланысып қалдырып, оны керлеумен бітірді. Сондай-ақ, бұл теорияның авторлары қасапқа пышақ ұстатып, құдайдың құдіретін көтермелейтін іс жаса олар бір жағынан жоғары эмоциялар қатарына нағыз спиртуалистік мән берсе, екінші жағынан — төменгі эмоцияларға органикалық физиологиялық тұрғыдан мән берумен шекте; қалғысы келді.
Бұл теорияға тәжірибелік зертгеулерге негізделген екі бағытга шабуыл жасалды: бір жағынан физиологиялык лабораториялар болса, екінші жағынан психологиялык лабораториялар
физиологиялық лабораториялар Джемс пен Ланге теориясына қатысты опасыздық роль атқарды. Бастапқы кездерде Лизиологтар бұл теориядан қуат алып рухтаньш, жыл сайын Джемс теориясын мақұлдайтын жақсы қорытындылар шығарьш жүрді. Теорияда кұмән тудырмайтын кейбір шындықтардың бар екені рас; арнайы эмоциялық реакция тудыратын органикалық өзгерістердін төтенше молдығы мен олардың әр алуан екендігі де шындыққа сай келді. Мұндай нәтижелер туралы Джемс айтқан пікірлер қазіргі біздің білетіндерімізді салыстыра отырып, олардан паймалы қорытындылар жасауға болады. Бұл жөнінде олар тарихи манызды қызмет атқарды.
Физиологиялық лабораториялардың опасыздык жасауына себепші болған У.Кеннонның орыс тілінде аударылып басылған кітабы. Бұл кітаптың мазмұны да екі жүзді болатын. Кітаптың мұндай бағытын бірден байқап оған тиісті түсініктер берілуі қажет еді. Алайда ондай түсініктер дер кезіңде жазылмады. ! Өйткені: біріншіден, бұл жұмыста физиологиялық зерттеулердің ертеректегі материалдары қамтылған еді; екіншіден, бұл жүмыс бізде Б.М.Заводовскийдің кіріспе сөзімен басыльш, оңда Джемс пен Ланге теориясының дұрыстығын дәлелдейтін тәжірибелік зерттеу нәтижесі айтылды. Кітап оқушыларға ұсынылды. Кітапты оқи отырып Кеннон тәжірибелерінің мазмүнын талдайтын болсақ, біздер оның Джемс пен Ланге теориясын жокка шыраратынын байкаймыз.
Джемс-Ланге теориясында қамтылған мәселелердің мазмұны негізінен мынадай екі түрлі ой тудырады: 1) эмоцияның биологиялық тұрғыдан іздестірілуі адамның физиологиялық жай-күйінің санадағы бейнесі болып табылады; 2) мұндай жай-күйдің әр түрлі эмоция арқылы көрінісі олардың өзіндік ерекшеліктерінен байқалады.
Сіздер, мүмкін, Кеннон мен оның мектебінің өкілдері соңғы кездерде жарияланған жұмыстарын оқыған боларсыздар, Кеннон күрделі әдістерді қолдана отырып, мысыққа, итке, тағы басқа сүтқоректі жануарларға тәжірибе жасады. Сол жануарлардың нерв жүйесіндегі белгілі бөлігін ашып тастады, немесе ондай бөліктеріне улы дәрілер жіберіп күрделі биохимиялық таңдау жасады, тәжірибе жүзінде олардын бойында эмоция пайда болу себептерін зерттеді, Мысалы мысықтар мен иттерге жасаған тәжірибелерде олардың долданып ашулануы, ызалануы, қорқынышы кезінде ішкі секреция бездерінен бөлінетін сұйықтар, гуморальдық өзгерістер калайша пайда болатындығын және ішкі органдардың сол өзгерістерге калайша серпіл: жалпы организмнің кандай күйге ұшырайтынын анықтау негізгі мақсат болды. Кеннон зерттеуінің бастапқы бөлігінде Джемс и Ланге теориясыньщ ақиқаттғын растайтындай жайттардың бар екендігіне Заводовскийдің көзі жеткендей болып еді, бірақ Кенон аса маңызды фактіге сүйенді.
Ол жануарлардың ашу, қорку, үрку, ызалану сияқты эмоциялық күйінде органикалық өзгерістердің бірден пайда| болуын анықтау оңай еместігін білді. Ол Джемстік формуласына өзіндік жөндеу ендірді. Джемс былай деген-ді: біз камығамыз, сондықтан жылаймыз. Кеннон Джемстің бұл пікірін .өзгертіп былай деп айту керек деп ұсынды: біздер не камығамыз, елжірейміз, не көңіліміз босап көзімізге жас аламыз, немесе жалпы алғанда біз басымыздан әрқилы эмоцияларды көшіреміз сондыктан да біз жылаймыз. Баскаша айтканда, Кеннон тәжірибелеріне сүйене отырып, эмоция мен оның адам бойындағы көрінісі оның психикалық табиғатының ерекшеліктері емес; кардиограмма, ішкі секреция бездерінен бөлінетін заттар олардың химиялық анализі мен жануарлар қанын талдауға қарап қоркыныш пен ашу-ызаны басынан кешіп тұр деп айтуға болмайды; олардың денесіндегі өзгерістер мен эмоцияның психологиялық негізін қарама-қарсы койьш зертгегенде бірдей болып тұратынын көрсетеді. Дегенмен Кеннон бұл тәжірибесімен Джемстің эмоция біздің санамыздағы органикалық өзгерістердің бейнесі деғен тезисін бекерлей алмады. Керісінше ол Джемс пен Ланге теориясының шындығын тәжірибелік фактілермен дәйектей отырып, органикалық өзгерістер түрліше болып отыратындығын көрсетті. Бұдан былайғы зерттеулерінде Кеннон тиісті фактілерге сүйене отырып, әсіресе эмоцияның денедегі көріністерге сай келмейтіндігі аркылы, Джемсп пен Ланге теориясының шындыққа сай келмейтіндігін ашып көрсетіп, онан қорытынды шығаруға тиіс еді. Кеннон соңғы жүргізген тәжірибелерінен кажетті фактілерді жинап алды.
Өзінің психологиялық тәжірибелерін түрлендіріп жүргізу нәтижесінде хайуанаттардың бойында күшті эмоциялардың айқын көрінуі оның куаттылығына тәуелсіз сырткы көрінісінің күшіне байланысты болатындығы байқалады. Мүнан кейін Кеннон хайуанаттардың нерв жүйесінен симпатикалық түйіннің бағанасын алып тастап күрделі тәжірибелер жасады. Соның салдарынан жануарлардың органикалык реакция беретін орталығы бөлініп алынғаннан кейін сыртқы әсерлерге серпінбей, онда ешқандай эмоциялық көрініс байқалмаған. Кеннон тәжірибесі екі мысыққа жасалып, оның бірінен симпатикалық түйін бағанасын алып тастағаннан кейін ешқандай хауіптен корықпай оған реакция жасамаған, ішкі органдарынан адреналин және гуморальдық заттар бөлінбеген, ал салыстырмалы мысық ондай әсерлердің бәріне табиғатына тән реакция тудырған.
Осы тәжірибелер Джемс теориясының бір жағын тәжірибе жүзінде бекерлейді. Ол эмоцияның ақылға байланысты жағы. Джемстің айтуынша егер біз қорыққан кезімізде бойымыз калтырап, тіземіз бүгіліп, жүрек соғуымыз тоқталып калуын ескермесек, онда эмоциядан ешкандай із калмас еді. Ал Кеннон калай болғанда да коркыныш кезінде эмоциялык күй сақталады дейді. Осы орайда Кенноннің ден койған басты мәселесі — хайуанаттарда вегетативик реакциаялар (ішкі органдардан сұйық зат бөлініп шығуы т.б.) болмаса да эмоциялықкүйдің сақталуы болды.
Хайуанаттар мен адамдарға жасалған бірсыпыра тәжірибелерде олардың сыртқы әсерлерге серпініп, эмоциялар тудыру үшін әрқилы дәрілер беріп байкап көргевде, ішкі органдардан сұйық заттар бөлініп, қан айналу жүйесінде т.б. өзгерістердің болғаны байқалранымен эмоция тудырмаған.
Джемс мақұлдаған тағы бір жайт егер хайуанаттарда эмоция пайда боларлықтай әсер етсе, онда эмоция айқын :өрінеді деген пікірі де қате болып шықты. Алайда Кеннонның дамға жасаған тәжірибелері түрліше машнада болды. Ол жүргізген тәжірибелер-де сыртқы әсер арқылы адамдарда оларың эмоциясын тудыруға болады деген қорытындысы да зерттеулерде расталмады. Ал оның мұндай пікірді айтуына себеп олған бірсыпыра сыналушылары өздерінің басынан кешірген жағдайларын қайта жаңғыртып, эмоциялық күйге ұшырауға бейім тұрғандары болған. Олардың өмірінде қамкөңілдері мен шаттықка бөлену себептері болғандықтан дәрі-дәрмек әсерінен эмоция тудыруға бейім тұрған. Сондай сыналушылардың бірі енің біреуге ыза-кегім бар еді, сол сәтгі еске тусіргенімде, бойымды ашу кернеп кетгі деген. Мұңдай жәйттер тек эмоция тудырушы себептер болғанымен, шынында психологиялық тұрғыдан олар өз бастырынан эмоциялық күйлерді кешірмеген.
Сонымен, адамдарға жүргізілген тәжірибелер олардың ішкі дүниесінде болған өзгеріс нәтижелері Кеннон тәжірибелеріне бірсыпра жөндеулер ендірді. Оның хайуанаттардың кейбір мүшедерінің бөлшектерія алып тастап жүргізген тәжірибелері эмоциялык күйлерді өзгеріуде өзіндік ерекшеліісгері болатындығын көрсетеді.
Кеннон тәжірибелерінен мынадай екі түрлі қорытынды шыраруға болады. Бірінші, Кеннон осы салада зерттеу жүргізген физиологтар мен психофизиологтар Джемс пен Ланге теориясының шындыққа сай келмейтінін көрсетті. Дегенм Кеннон зерттеуі, «Джемс пен Ланге теориясының» баламас (альтернативі) деп аталды.
Екінші, Кеннон биолог маман ретінде, өзі жүргізген тәжірибе нәтижелерін, жорамал сипатыңда болса да жете тусіндіруі қажет еді. Хайуанаттар күшті эмоциялық күйге ұшырағанда органкалық өзгерістердің мән-жайын ашып көрсетіп, оларды барынша дәйектеуі керек-ті. Ал биологиялық тұрғыдан мұндай тер өзгерістер не үшін кажет? Егер Кеннон бірінші жұмысын эмоцияньщ пайда болуын биологиялық тұрғыдан талдап хайуанның нерв жүйесінің бір бөлігі альш тасталғанда сырта әсерлерге қалайша реакция беретіндігін өзінше түсіндір Сонымен қатар, хайуанаттардын мүндай жағдайда биологиял: реакциялары эмоцияны қалай тудырады деген мәселенің түйінін шешіп беруді талап етеді.
Кеннон хайуанаттар тіршілігіндегі қайшылық жәйттерді былай түсіндіреді: хайуанаттардың эмоциялық серпінуі оның тіршілі- гіндегі бастапқы көрініс, ол әрекеттің соңы емес, олардың сыртқы әсерлерге серпінуі төтенше хауіпті жағдайларға душар болғанда ғана байқалады. Оның бұл пікірінің қисыны хайуанаттардың әрекетшілдігі мен қимыл-қозғалыстарының жандана түсуі деген түсінікпен байланысты. Хауіпті жағдайға ұшырағанда олар жауынан үркіп қашады, немесе ашу-ыза шақырып қаһланып олармен алыса кетеді, оларға айбат көрсетіп, шабуылдайды да. Сондықтан түрлі органикалық реакциялар эмоцияның жандану кезінде емес, сол эмоциядан кейін пайда болмақ. Организмде болатын биологиялық өзгерістердін бәрі хайуанатардың бұлшык ет қызметін күшейтуге әсер етеді.
Кеннон мысыктың эмоция тудыратын нервтік бөлігін алып тастайды да, онымен қатар бақылауға алынған мысықпен бірге лабораторияда бірқалыпты жағдайда ұстайды. Сол мысықтарды лабораториядан сыртқа шығарғанда нерв бөлігі алынған мысық көп ұзамай өліп қалған, ал дені сауы тіршілік ете бер Өйткені операция жасаған мысық сыртқы әсердін өзгер; икемделе алмай, хауіпті жағдай туғанда жауынан қашып кұт алмай, көп ұзамай өліп қалды.
Осы бағытта жүргізілген тары бір тәжірибеде Кеннон оның шәкірттері мысықты су ағатын науа бойымен қуып, оның бұлшық ет әрекеттерін байқаған. (Мұндай тәжірибені ата артист В.Л.Дуров қолданғанды). Темір науаға электр тоғы жіберіліп мысық аяқ басқан сайын оған әсер еткен. Мысық мұндай қағдайға ұшырағанда барынша шапшаң жүріп науадан бойлап өтуге тырысады. Бұл тәжірибеден хайуанның бойында эмоция қандайында пайда болатын органикалық өзгерістер болатындығы анықталған. Демек хайуанатгардың бұлшық еттеріне күш үскенде эмоцияның пайда болуынан кері вегетативтік әрекеттердің пайда болатындығын организмдегі тұрақты әрекет екендігін көрсетеді.
Мұндай құбылыстар эмоциялық жағданды тудыруға бейімдеп тыратын инстинктпен байланыстың бір жағы екендігіне Кенонның көзін анық жеткізеді. Осы пікіріне сүйенген Кеннон Дарвиннің біздің бойымыздағы жарасымды қимыл-қозғалыстар айуанатгар дүниесінің тіршілік ету бейнесіндегі эмоциялық күйлермен салыстырғанда осы кезге дейін сақталып келген ерекшелік екенін дәйектенді. Алайда автордың эмоцияның қарқынды дамуын бірізділікпен түсіндіре алмауы оның көзқарасындағы дәрменсіздік еді. Кеннон эмоция емес, онын инстинкттік ерекшеліктері жойылады, немесе эмоцилның адам психологиясындағы ролі — инстинктгік тіршіліктер өзгеше бағытга өзіңдік сипатга деп көрсетеді.
Кеннонның тәжірибелік зерттеулері мен оның бағытың қолдаушылары эмоциялық құбылыстардың пайда болуын шеттен орталық жүйке қызметіне ауыстыруымыз біздің басты жұмысымыз болды деп санады. Сондықтан эмоцияның негізгі қозғаушы күші орталық нерв-мидың қызметімен байланысты дейді. Эмоцияны психика ішіндегі мемлекет деп санаушылар оның механизмі миға байланыссыз вегетативтік организммен ұштасты деп санауында еді. Эмоцияның нервпен адамның өзге де пихикалық процестерімен тығыз ұштасты түрде дамьш эмоциялық серпілістердің бәрі адамның анатомиялық және физиологиялық құрылымымен бір жіптес екендігін айқындайды.
Эмоцияның өзге психикалық процестермен байланысты болуы бұдан былай психолог мамандардың тәжірибелік зерттеулерін адам психикасының өзге де ерекшеліктерімен ұштасты түрде дамып, оны бірізді жүйемен қарастыруға жол ашты.
Кеннон мен онын шәкіртгерінің эмоцияға байланысты психологтар мен физиологгардаың зертғеулеріндегі басты табысы эмоция жайындағы теорияны перифериядан орталыққа жыл-жытуы болып саналады. Сонымен қатар адам психикасына қатысты эмоция жайындағы «мемлекет ішіндегі мемлекет» деген түсініктен біржолата арыльш, онан арылуға мүмкіндік болды. Зертгеушілердің біраз мәселелерді салыстырмалы түрде тәрибе жүргізуіне мүмкіндіктер туып, Джемс пен Лангенін эмоция жөніндегі теориясын жасау сол кездерде оңай іс болмағанына көз жеткізеді. Олар эмоцияны өзара байланыссыз төменгі және жоғары деп екіге бөлген-ді. Егер біз уақыт мерзімімен өлшем жасайтын болсақ, онда бұл саладағы мәселені тәжірибемен емес клиникалық тұрғыдан алғаш рет зерттегеңдердің бірі З.Фрейді еді.
Ол эмоцияны психопатологиялық түрғыдан талдап, эмоцияның пайда болуын органикалық тұрғыдан зерттеушілерге қарсы шықты. Ол қорқыныштық пайда болуының психологиялық табиғатын органикалық құбылыстармен байланыстыру — бұл мәселені немқұрайды қарау деп санады. Джемс пен Лангенің теориясын сыңаржақ ескілікті көзқарастар деп кіналады. Олар эмоциянық қабығын ғана зерттеп, оның психологиялық өзегін елеусіз қалдыруды, немесе эмоция айқын көрінетін органдарды ғана атаумен шектелді дейді. Мұндай орғаңдардан эмоциянын пайда бола қоймайтынын ескермеді. Фрейд эмоцияны ретғеу; қозғаушы түрткіні (динамиканы) атап көрсетті.
Егер біз Фрейдтің осы айтқандарынан қорытынды шығарғандай болсақ, онда мәселенің түйінін шешуде оның пікірі қате болса да, мақұлдауға тура келеді. Өйткені Фрейдтін айтуынша қорқыныш нерв ауруына байланысты, жыныстық еліктеу; әлсізденуінен қорқыныш пайда болады, қорқыныш жүйке ауруына ұшырау, мұндай жайт бала тілегінің бірсыпыра жағдайлардан сескеніп басылып қалуы сияқты дейді. Фрейд бала дамуының бастапқы кезінде эмоциясы екі жақты болады де? Фрейдтің бұл анықтамасы қаншалықты жалған болғанымен бастапқы кезде эмоция өзінше пайда болмайды, ол өзек (ядроның) бірсыпыра ажырауы, сол ажыраған бөлшектеі қарама-қарсы сезімдер пайда болады деп түсіндіреді.
Мұндай анықтаманың өзіндік мәні бар сияқты: мұны эмоциялық тіршіліктің дамуын түсіндіру үшін қодданылған қарапайым тәсіл деуте болады. Фрейдтін түсіндіруінше эмоция бастапқыда дәл қазіргі ересек адамдардың эмоциясынан өзгешелеу, баланың бастапқы даму кезеңіндегі эмоциясы сипатында болған. Ол эмоцияны мемлекет ішіндегі мемлекет емес оны адамның жалпы өмірінің дамуымен тұтастыра алып қарастырғанда ғана дұрыс болмақ деп дәяелдейді. Осы ретімен танылғанда ғана эмоцияны дұрыс түсікуге болады дейді. Фр ейді те Джемс сияқты натуралист. Олар адам пеихикасын нағыз табиғи заттық процесс деп санап, эмоцияның өзгеріп даму ерекшеліктерін тек осы натуралистік тұрғысынан қарастырады.
Эмоция туралы ілімдегі мұндай көзқарасты өз зертғеулері А.Адлер мен оның мектебі де қолдады. Олардың арнайы бақылау жүргізіп, эмоция қызметінің мәні тек жануарлар дүниесіндегі нстинкті әрекеттерде ғана емес, сондай-ақ ол бір жағынан
адамның мінез ерекшеліктерінің қалыптасып отыруына әсер етеді деп санаса, ал екінші жағынан ол сол эмоциялық күйлерді өз басынан кешіріп отырғандығын атап көрсетеді.
Сөйтіп, эмоцияның қызметі жайындағы түсініктер адам мінезінін тұрақты қасиетінің белгілі бір жағын құрайды. Мұндай түсінік эмоция туралы бұрынғы түсініктерге тікелей қарсы шығып, оның жойылып бара жаткандығын бекерлейді. Сонымен эмоция адам мінезінің белгілі бір жағын құрайтын қасиетіне айналып, оның жеке басының қалыптасуына ыкпал етіп отырады дейді.
Бюлер балалар психологаясын нақтылы тәжірибелер арқылы зерттеп, эмоцияның балалар өмірінде атқаратын қызметі өзге де пихикалық процестермен ұштасты екендігін және онын өзіндік ерекшелігін анықтады. Сөйтіп бұл пәнге елеулі үлесін қосты.
Бюлер тәжірибелеріне негізделген оның эмоция жайындағы өзіндік теория жасағанын да бұл орайда атап көрсеткен дұрыс. Ол рейдтің көзқарасын сынап, бала дамуының бастапқы кезеңіңде
өзінің қимыл-қозғалыстары арқылы нәрселерден рахат пен тоқмейілділік тауып қана қоймай, оны әр алуан әрекеттер жасауға жетектепен отырады, сөйтіп мінез-құлкының өзгеруіне де өзге психикалық процестер сияқты әсер етеді деп санады.
Бүгінгі лекциямызға қатысты фактілер мен нақты материаларды қорыта келе тақырыпта қамтылған мәселелер жөнінде
Э. Клапаредтік эмоция туралы зертгеуін атап өткім келеді. Ол бірқалыпты дамыған бала мен қалыпты жағдайдан ауытқыған баланы ересек адамдармен салыстыра отырып арнайы тәжірибе арқылы зертгеді; неміс психологы КЛевин, құрылым психо-гаясының өкілі ретінде, психиологиядағы аффект пен ерікке байланысты зертгеулер жүргізгені мәлім. Мүңдай зерттеулердің маңызы жайында бірер сөз айтып, лекциямызды қорытайьш.
Клапаред зертгеуінің маңызын эмоцня мен сезімді бірінен-бірі айқын ажыратып, олардың сыртқы кейіптен көрініс табуын арнайы тәжірибелік зертгеулермен анықтады.
Клапаред эмоция мен сезім жеке процестер сипатьшда болғанымен, белгілі жағдайда біріне-бірі ұқсас, алайда олардың өзіндік мәндері ерекше дейді. Соңдай-ақ, біздердің назарымызды аударатын жәйттің бірі — эмоция адамның жан дүниесінің әр алуан ерекшеліктерімен байланысты болатындығы.
Фрейд тұңғыш рет эмоцияның биологиялық маңызына се-нісіздікпен қарағаны мәлім. Ол бірқалыпты дамыған бала мен жүйке ауруына ұшыраған баланың эмоцияларын ересек адамдардың тіршілігімем салыстыра отырып зерттеуге писихология мамандардың бәрі де үнемі көңіл аударып отыратындырына көз жеткізді. Фрейдті толғандырып ойландырған мәселе адамның өз басынан кешіретін эмоциялык күйдік көріністері. Әсіресе о адамның ашу үстінде өз психикасы мен санасын басқара алма абдырауы, эмоциялық толқу үстінде адамның өзі істеген істерн есеп бермейтіндігі нендей ‘ себептерге байланысты деген мәселелерге ерекше назар аударуына мәжбүр болды. Эмоцияның адам өміріндегі кызметінің маңызын оның тамақ ішуі мен су ішуді қаншалықты қажет етсе, эмоция да сондай қызмі атқаратын адам санасының щұғыл мәселесі екендігіне көз жеткізді.
Клапаредтің эмоция туралы керісінше қойған сұрағының мәні оның сан алуан түрлерінің пайда болуы биологиялық тіршілікпен байланысты және оның тарихи дамуы адамның психикалық тіршілігін божыратын жіберуге әсер етеді деп Фрейдтің пікірін бекерге шығарады. Ол керісінше эмоцияның көптеген жаңа түрлерінің пайда болуы, мысалы, эмоцияның өнер саласындағы сан қилы көріністері осы жайттың жемісі дей. Клапаред бала мен ересек адамның өмір тағдырындағы елеу кезеңдердің бәрінде эмоциялық айқын із қалдыру себебі неде? деген сұрак қояды. Клапаред бұл сұрағына өзі жауап береді. Ол бұл пікірінің шындығын дәйектеу үшін қорқақ қоянның тіршілік бейнесімен түсіндіреді. Қоянның қорқып қашуындағы эмоциясы мен оның әбден титықтан жүгіруге шамасы келмей қалған кезде шоқиып отырып қалуы оның сезімінің өзге бір жағдайын білдіреді. Клапаред тәжірибелері аффектті жайттар мен тіршіліктегі эмоция және сезімге серпілу ерекшеліктері түрліше болатын дығын ажыратады. Мұңдай тәжірибе нәтижелері эмоция мен сезім ерекшеліктерін өзара араластырып жіберіп, бір ғана процеске жатқызатын ескі психологиядағы көзқарастардың мәнін түсіндіру үшін ерекше маңызды.
К.Левин жұмыстарының өзге психикалық процестер жүйесінде эмоцияның аса күрделі динамикасын түсіндіруде маңызды роль атқарды. Ол Фрейд пен Адлердің тәжірибе арқылы зерттеуге болмайтын психикалық процестер жайында айтқан пікір сенімсіздік білдіріп, оның «тереңдік психологиясы» деген ой қайтадан зерттеу қажеттігіне мән береді. К.Левиннің негізгі о аффекті мен эмоциялық реакциялар жеке дара болуы мүмкін мұңдай ерекшеліктер психологиялық тіршіліктің көріністері ретінде, олар өзге де психикалық процестермен белгілі бір жағынан өзара байланысты дейтін пікірге барып саяды. К.Левин эмоцияның пайда болуын спортшылар ойындары мен шахматшылардың ойындарынан, олардын сыртқы қимыл-қозғалыстары мен ойлау әрекеттерінен де байқауға болатындығын біршама деректермен түсіндіреді.
Енді лекция тақырыбы бойынша қорытынды шығаруға көшейік. Мен баяндаған екі түрлі бағыттың бірі — эмоцияны анатомиялық және физиологиялық тұрғыдан зерттеп, оны мидың қызметінен тыс қарастырған болса, ал екінші жағын — эмоцияны дам психикасынан бөліп альш, оны «мемлекет ішіндегі мемлекет» деп санаған зерттеулерді өзге де психикалық процестердің құрылымына әкеп теліді, осы аталған екі бағыт та патопсихологияда кездесіп отыратын және психикалық тіршілікте әркезде орын тепкен жайттар.
Пагоисихолошяда осы екі бағыттың да өзіндік ерекшеліктерін клиникалық зерттеушшер, Кеннон пея Клапаред және басқалардың көзқарасынан тәуелсіз, бұл бағыттарда көрсетілген нәтижелерді өздерінше зертгеп, оларды біріктіре отырып, қарастырғандары біздерге мәлім. Алайда патопсихологиялық зерттеулер біздің тақырыбымызға қатысы жоқ болғандықтан бұл мәселені тәптіштеп баяндап жатудың кажеті бола қоймас деймін. Дегенмен,
емханаларда жүйке ауруына ұшыраған адамдардың миынын зақымдалу салдарынан, әсіресе ми қабығының төменгі алабына орналасқан көру төмпешігінің ауру себебінен адам бірнеше минут сайын еріксіз күліп не жымиятын болған. Бұл шаттықтан күлу емес, мұндай жайтта адам өзінің әдеттегі қалпынан ауытқып, өзін қинайтын ауруды басынан кешіріп жататындығын аңғартады.
Мен миы қабынып инфекция ауруына душар болған әйелдің басынан кешірген азаптарын тәжірибелік тұрғыдан зертгеуіме тура келді. Бұл әйелдің бет құбылысы мен жанының қиналып азаптануы арасында шиеленісті қайшылықтың өзі аянышты болды. Осындай қасіретті жайтты В.Гюго «Күлегеш адам» дейтін романында өз қиялының жеткенінше тебірене отырып суреттен-ді.
Психолог мамандарға көптеген мағлұматтар берген клинист зертеуші Г.Хэд бұл жәйтке кері жағдайды байқап көрген. Көру төмпешігінің бір жағы зақымдалғанда адам өміріндегі ерекше бір жағдайды байқағаи. Эмоциялық серпілістері қалыпты адамдар денесінің он жағымен қозғалып, сол жағынан әсер еткен тітіркендіргіштерге реніш білдіретін болған. Осы іспеттес жайтты мен де тікелей байқап көргенім бар. Ондай адамның десіне ыстық грелканы оң жағынан қойсаң, оны жағымды сезінеді де, ал сол грелканы оның денесінің сол жағынан жақындатсақ-ақ болды, ол жақтырмаушылық кейіп білдіреді. Ондай адамның өзіне жағымды әсерлерді сезінуі адамды ауру күйге дейін жеткізеді. Сондай-ақ олардың денееіне суықтық пен жылтыр заттар жағымысыз тиіп отыратындығы байқалады. Э.Кречмер осы бағытта музыкалық шығармаларга әсерленгіш ауру адамға бақылау жүргізген. Ол адамның музыкаға әсерленуі қай кұлағымен тыңдауына тәуелді болған.
Осындай клиникалық зерттеу тәжірибелері бір тараптан Кеннон көзқарасын растайтын психологиялық материалдар болып саналса, ал екінші тарапынан, эмоциялық кұй-жайлардың субстраты (материясы) ми қабығы төменгі алабындағы көру төмпешігі екендігін анықтай түсіп, көптеген жүйке жолдар арқылы мидың маңдай бөлігімен ұштасты екендігін нақтыл зерттеулермен анықталған. Бұл жайтта ми қабығы мен оның төменгі алаптарында орналасқан сөйлеу орталығында Брока алабын және оның Вернике алабында сөйлеуді қабылдау алабы бар екендігіне казіргі неврологтардың көздері толық жетіп отыр.
Бұл бағыттағы зерттеулер патопсихологиялық мәселелерді біршама қамтыды. Соның ішінде шизофрения ауруына да зер салады. Осы орайда Блейлердің еңбектері ауру адамдардың эмоциясы мен ойлаудың арақатынасын анықтауға арналды. Блейлердің ойлау процесін патопсихологиялық тұрғыдан зерттеген мәселелерін К.Шнейдер тәжірибелік іздестірулері арқылы дәйектеді.
Осы бағытта іздестірілген елікпе (аутистика) ойлаудың алды қоятын мақсаты мәселелердің түйінін логикалық тұрғыдан емес сезімдік-эмоциялық жағынан қарастырады. Елікпе ойлау, сонымен, адамның сезім күйіне байланысты. Алайда елікпе ойлауды логикалық жүйеге қарсы деп санағанымызбен, онда адамның эмоциялық күй бейнеленетінін бекерлеуге болмайды. Біздің шындықты бейнелейтін ойлауымыздың сипаты әрбір ңәрсенің мән-жайын ашьш көрсетуде, елікпе ойға қарағанда, эмоциялық қар-қынмен дамиды. Мұндай жағдайда ойлау әрекеті арқылы мәселелер-дің түйінін шешу үшін зертгеуші қолға алған ісіне қызу кірісіп, эмоциялық күйлерді басынан жиі кешіреді.
Елікпе ойлаудың ақиқаттык ойлаудан тағы бір айырмашылығы сол, ол нәрселердің мән-жайын жүйелеуде шешуші ем көмекші қызмет атқаратындығы. Логикалық ойлауда елікпе ойлау оны жүргізуші фактор десек,ал логикалық ойлау жете қызмет атқарады.
Сонымен елікпе ойлау өзіндік психологиялық жүйе болғанымен, онда адам ойының патологиялық өзгерістері мен а қатынасы байқалып тұрады. Бала мен ересек адамдардың еліі ойлауын талдауда оны бала қиялымен ұштастыра отырып қарастыруды талап етеді. Бұл мәселенің жай-жапсары келесі тақырыпта баяндалады.
Біздер енді қиял тақырыбынының мазмұн-мәнін баяндау үшін ойлау мен эмоция жайындағы қажетті мағлұматтармен таныстық ол тақырыптарда талданып қорытылған теориялық білім қиял процесінің жай-жапсарын жете үғыну үшін біздерге тиянақ: материалдар береді деп санауға болады.
жанииииииииииииииииииииииииииииим сол студенттин арманындағы сайт екен бұл!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!»