Жалпылама қолданылатын сөздер мен терминдер

Жалпылама қолданылатын сөздер мен терминдер
Сөздік құрамдағы сөздердің колданылу аясы бірдей емес. Кейбір сөздер кісінің мамандығына, кәсібіне, біліміне қарай қолданылса, енді бір сөздер ғылым түріне не жергілікті жер еректелігіне байланысты қолданылады.

Мысалы: оқулық, шәкірт, көрнекілік, ұстаз, үлгірім — мектеп, ісіне байланысты сөздер, ал ринг, гоңг, раунд, төреші, қарсылас, секундант сөздері спорт ойындарына қатысты. Мұндай сөздер кез келген жерде айтыла бермейді, әркімнің аузынан естіле бермейді. Осылармен қатар адамдардың мамандығына, кәсібіне, біліміне қарамай-ак күнделікті өмірде, тұрмыс-тіршілікте, қызметте жиі қолданылатын, кез келген орында айтыла беретін сөздер бар.
Мысалы: ас, су, ауа, жер, кун, киім, ауыл, ел, қала, көрші, туыс, орын, уй-жай, отыр, жур, кел, бер, ал, сөйле, жақын-алыс, жақсы, әдеп, улкен-кіші, ақыл, тәртіп, т. б. Мұндай сөздердің көптігі қазақ тілінің сөздік қорының бай екендігін көрсетеді. Жалпыға бірдей жиі қолданылатын сөздер болғандықтан, оларды жалпылама қолданылатын сөздер деп атайды. Мамандыққа және ғылым мен техниканың әр түрлі салаларына ғана қатысты арнаулы сөздерді терминдер дейді. Мысалы: тіл біліміне қатысты сөз табы, септеу, сын есім, зат есім, жалғау, жұрнақ, түбір, тасымал, екпін, үндестік заңы, шылау, одағай сияқты терминдер бар. Әдебиетте кейіпкер, сюжет, бейне, теңеу, композиция, идея, шумақ, ұйқас, эпитет, поэзия, мысал, әңгіме, роман т. б. сияқты терминдер қолданылады. География гылымына байланысты азимут, полярлық әдіс, компас, масштаб, глобус, меридиан, литосфера т. б. терминдерді айтуға болады. Математика ғылымынан көбейгіш, көбейтінді, азайғыш, айырма, қосынды, бөлгіш, теңдеу, симметрия, координат, пропорционал сияқты терминдер қолданылып жүр.
Биология ғылымына қатысты тамыр, жапырақ, өркендер мен бүршіктер, клетка, цитоплазма, органикалық заттар, организм т. б. терминдер бар. Осы тәріздес арнайы терминдер оқу-педагогика, химия, физика, астрономия, медицина, заң, экономика, тарих, этнография т. б. ғылым салалары мен техниканың түр-түріне байланысты да қодданылады.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *