Жайық жастары

«Жайық жастары» — облыс жастарының қоғамдық бірлестігі. 1998 ж. 3-шілдеде Орал қаласында құрылды. Негізгі мақсаты — мемлекеттің жастар саясаты мен Қазақстанның даму стратегиясын жүзеге асыруға облыс Жайықтың жас буын өкілдерінің белсене қатысып, қомақты үлес қосуларына жағдай жасау. Бірлестік мүшелері республика және облыс өміріндегі әлеуметтік-мәдени шараларға тұрақты үн қосып, ынтымақтастық байланыстар шеңберін кеңейтіп келеді. 2000 ж. Орал қаласында жоғарғы класс оқушыларының конференциясы өтіп, оған қатысушылар «Жайық жастары»-ның жеткіншектер тобын құруға тілек білдірді.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *