Мәметов Ахмет
Мәметов Ахмет (Ахмедғали Мамытұлы) (1895, Астрахан губерниясы Талов уезді Қойтоғыт ауылы — 11.11. 1938) — Алашорда қайраткері, ағартушы, ақын, журналист, дәрігер. 1910 — 1915 жылдары “ұалия”, “Хұсаиния” медреселерінде оқыды. 1912 — 1914 жылдары “Кеңес”, “ұибрат” атты өлең жинақтарын шығарды. 1917 — 1918 жылдары “Бірлік туы” (Ташкент), “Ойыл уәлаяты” газеттерінде, Орал облысы земство басқармасында жұмыс істеді. 1920 жылы Орал губревкомының үгіт-насихат және Жымпиты уездік ревкомының халық ағарту бөлімдерінде қызмет атқарған, Ойыл уездік “Еркін Қазақ” газетін шығарды (1919). 1921 ж. Орал облысы “Қызыл ту” газетінің редакторы, Бөкей губерниясының РК(б)П к-тінің үгіт-насихат бөлімінің меңгерушісі. 1923 — 27 ж. Саратов университетінің медицина факультетінде оқыды. 1927 — 1929 жылдары Маңғыстау, Семей өңірлерінде дәрігер, 1930 жылы Алматы қаласында Қазақ тері және жұқпалы аурулар ғылыми-зерттеу институтының алғашқы директоры болды. 1931 — 1937 жылдар аралығында Орал, Алматы қалаларындағы медицина мекемелерде қызмет атқарды. 1937 жылы тұтқындалып, ату жазасына кесілді. 1958 ж. 27 ақпанда КСРО Жоғарғы Соты әскери коллегиясының қаулысымен ақталды. Мәметовтің асырап алған қызы Мәншүк Мәметова шығыс қыздары арасынан тұңғыш рет Кеңес Одағының Батыры атағын алды