Еліктеу сөздердің сөйлемдегі қызмет

Еліктеу сөздердің сөйлемдегі қызмет
Еліктеу сөздер негізгі я туынды түбір күйінде де, қосарланып я кайталанып күрделенген күйінде де көбінесе көмекші етістікпен, кейде негізгі етістікпен тіркесіп жұмсалады.

Еліктеу сөз көмекші етістікпен тіркесіп колданғанда, көбіне күрделі баяндауыш құрамында жұмсалады немесе етістіктің әр түрлі тұлғасында келіп басқа да қызмет атқарады. Мысалы: Боқай келіншегінің сөзіне мыңқ етпеді (Ғ. Мұст). Жаппамыз теңселіп тұрғандай, астымыз дір-дір етеді (Ғ. М.). Қасқыр тыпырлап жатқан қозыны көре сала, ыр етіп барып бас салды (М. Ә.). Қалт еткенді аңдып отыр. Оның сөзіне елең еткен адам болмады.
Берілген мысалдағы көмекші етістікпен тіркескен мыңқ етпеді, дір-дір етеді деген еліктеу сөздер (Боқай қайтпеді? астымыз қайтеді?) күрделі баяндауыш болса, ыр етіп барып (қалай бас салады?) пысықтауыш, қалт еткенді (нені аңдып отыр?)— толықтауыш, елең еткен (қандай адам?)— анықтауыш қызметін атқарып тұр.
Еліктеу сөздер қайталанып, я қосарланып келіп негізгі етістікке тіркесіп, қимылдың амалын, бейнесін, білдіріп пысықтауыш қызметін аткарады. Мысалы: Колхоздың қара сабалары күмп-күмп пісілді. (Ғ. М.). Ардақ томп-томп желеді, екі ұрты
110
бүлк-бүлк қозғалады (Ғ. М.). Бұл мысалда еліктеу сөздер қимылын пысықтауыш болып тұр: Қалай пісілді?— күмп-күмп, қалай желеді?— томп-томп, қалай қозғалады?— бүлк-бүлк.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *