Двигательдерді жүргізу тәсілдері

Жүргізуге даярлық. Двигательді жүргізбей тұрып мына төмендегі операцияларды жүзеге асыру керек:

1. Двигатель картеріне — май, радиаторға — су, негізгі бак пен жүргізу двигателіне — жанар май, гидравликалық жүйенің гидробагіне — май, жанар май насосы мен оның реттеуішінің кар-терше — май құйылды ма, жоқ па, соны тексеру керек. Тежеуіш сұйығының деңгейін тексеру қажет.

Двигатель картеріндегі май май көрсеткіштің жоғарғы белгісінін деңгейінде болуға тиіс. Егер майдың деңгейі бұл белгіден асып Кетсе онда май артық шығындалады. Ал май деңгейі төменгі бел-гіден төмендеп кетсе, двигательді дереу тоқату керек.

Жүргізу двигательдеріне арналып (СМД-14К, СМД-18К және СМД-64 бензиннің (А-66 немесе А-72) 15 көлемдік бөлігінен және дизель майының бір бөлігінен туратын қоспа даярланатыны жөнін-де жоғарыда атап өтілді. Бензин мен майды жеке таза ыдыста бірыңғай қоспаға айналғанша жақсылап араластыру керек. Қос-паны сүзгілі воронка арқылы бачокқа құю керек.

Жанар май насосы мен оның реттеуішіндегі майдың деңгейін тексеру үшін олардың бақылау-тесіктеріндегі тығынды бұрап ала-ды. Осы тесіктердің деңгейіне дейін жеткізіп май құяды. Егер жа-иар май насосының картеріндегі майдың деңгейі көтеріліп кетсе (жанар май есебінен), оның артық бөлігін ағызып жібереді.

2. Қоректендіру жүйесін жанар маймен толтыру қажет, ол үшін мыналарды жүзеге асыру керек: жанар май багының кішкене кранын ашу қажет; қолмен айдау тұтқасы 13 (120-сурет) мен жанар майды мүқият тазарту сүзгісінің вентилін бұрып қою керек; тұтқаның 13 көмегемен жанар майдың ағызу түтігінен ауа көпіршігінсіз бірқалыпты ағуына қол жеткізу керек; айдау помпасының тұтқасы мен сүзгі вентилін бұру қажет.

3. Комбайнның жұмыс органдарын қозғалысқа келтіретін дви-гатель ілінісінің ажыратулы екеніне, ал жүріс бөлігінің беріліс қо-рабы рычагының бейтарап қалыпта екеніне көз жеткізу керек.

4. Негізгі двигательге мынандай дизельдік жанар майларды пайдаланады: жазда Л немесе ДЛ маркаларын, қыста 3 немесе ДЗ маркаларын пайдалану қажет. Күн суық болып, майдың қыстық сорттары жоқ болса, жаздық сорттардың дизельдік жанар маймен қоспасы (уақытша шара ретінде) пайдаланылады. Двигатель картеріне, жанар май насосы мен реттеуішке 85% май және 15% жанар май қоспасы қолданылады. Жүргізу двигателінің редукторы үшін қоспа құрамында 80% май және 20% жанар май болуға тиіс.

СМД-15К двигателін жүргізу. Егер ауа температурасы +10° градустан жоғары болса жүргізген кезде электршырақты қыздыр-ғыш қолданылмайды. Жүргізу операциясы мына ретпен іске асы-рылады:

1) “масса” қосқышымен приборларды электр желісіне қосады;

2) жанар майдын берілуін іске қосады, ол үшін рычагты (142-сурет) солға қарай жылжытады;

3)- стартер кнопкасын басады.

Егер 15—20 секунд ішінде двигатель жүріп кетпесе, бір минуттай кідіріп, жүргізуді кайталайды. Жүргізгеннен кейін двигательді қыздырады. Бұл кезде судың температурасын тексеру керек. Двигателые су 50—55° градусқа қызғаннан кейін ғана жүктеме беруге болады.

Ауа температурасы +10° градустан төмен болса қыздырғыш пайдаланылады. Бұл жағдайда двигательді жүргізу мына ретпен “іске асады:

1) декомпрессорды іске қосады;

2) иінді білікті қолмен 2—3 айналысқа айналдырады;

3) жанар май берілуін іске қосады және жанар май насосының реттеуіші байытқышының кнопкасын кейін қарай жылжытады;

4) қыздыррышты іске қосады да оны 12—15 секунд ұстайды, сонда бақылау элементінің спиралі ашық қызыл түске енгенше қызады;

5) стартерді іске қосады;

6) 5—8 секундтан кейін декомпрессорды іске қосады; осыдан кейін аздан соң двигатель от алады.

Двигатель от алғаннан кейін дереу қыздырғышты ажыратып тастау керек. Егер қоршаған ортаның температурасы өте төмен болса, двигатель от алғаннан кейін қыздырғышты 20—25 секундтай қосулы қалпында қалдыра тұру ұсынылады.

Егер ауа райы салқын болса ( + 5° градустан төмен), двигательді былай қыздырады: кранды ашып қойып радиаторға ыстық су құяды; двигатель қызғаннан кейін кранды жауып, жылы сумені толтырады. Бұдан да төмен (—5°С және одан да төмен) температурада двигательді ыстық сумен, сонымен қатар, картерге құятыні ысытылған маймен қыздырады. Майды жабық ыдыста 70—80° гра- дусқа дейін қыздырады. Двигательді былайша жүргізеді: деком- прессорды қосады; иінді білікті қолмен айналдырады: бұдан соң оны стартермен 10—15 секунд айналдырады; декомпрессорды ажы- ратады, осыдан кейін қыздырғыштыіске қосып, двигательді от ал-дырады.

СМД-17К двигателін жүргізу. СМД-17Қ двигателінде электр-шырақты қыздырғыш жоқ. СМД-17К двигателін жүргізуге даяр-лағанда және жүргізгенде жоғарыда аталған нұсқауларға сүйену керек, бірақ онда қыздырғыштын жоқ екендігін ескеру қажет.

СМД-14Қ және СМД-18К двигательдерін жүргізу. Жүргізу дви-гателінін кривошип-шатун механизмін от алдырар алдында мы-надай ретпен майлайды: жүргізу двигателінің ілінісін іске қосады; оның кіші жанар май багының кішкене краны ашады; ауа жапқышты жабады және дроссельдік жапқышты толық ашып тастайды; от алдыруды ажыратады; стартерді қосады, жүргізу дви гателінің иінді білігінің 3—4 айналымға айналуына мүмкіндік береді де, сол кезде дереу стартерді ажыратады. Осыдан кейін оны от алдыруға кіріседі.

Жүргізу двигателін мынадай ретпен от алдырады: а) от алдыру мен декомпрессорды қосады;

2) жанар майдың дизельге берілуін ажыратады;

3) жүргізу двигателінің ілінісі ажыратылып тұрған кезде жүрізу двигателінің беріліс механизмін қосу шестернясының негізгі двигатель маховигінің тәжімен ілінісуін жүзеге асырады;

4) карбюратордың ауа келте түтігінің қақпағын ашады;

5) карбюратордың ауа жапқышын аздап ашып қояды;

6) карбюратордың дроссельдік жапқышын жабады;

7) стартердің рычагын пайдалана отырып, жүргізу двигателін от алдырады;

8) ауа жапқышын толық ашып тастайды және дроссельдік жапқышты қажетті қалпына қояды;

9) жүргізу двигателін 2—3 минут бойы қыздырады;

10) жүргізу двигателі ілінісін бірқалыпты қосады және негізгі двигательді декомпрессор қосулы тұрған кезде 1—2 минут айнал-дырады; ,

11) декомпрессорды ажыратады және жанар майдың дизельге берілуін қосады; дизель от алысымен дереу жүргізу двигателінің ілінісін ажыратады.

Жүргізу двигателін мына ретпен тоқтатады: дроссельдік жап-қышты жабады; от алдырғышты ажыратады; қысқа тұйықталу магнетосының кнопкасын баса отырып ауа жапқышты және кар-бюратордың ауа келте түтігінің қақпағын жабады; жүргізу дви-гателінің жанар май багының кішкене кранын жабады.

Ауаның температурасы +15° градустан төмен болғанда СМД-14К және СМД-18К двигательдерін жоғарыда аталған ретпен жүргізеді, бірақ бұған қосымша жанар май насосының реттеуіші байытқышы кнопкасын пайдаланады. Жүргізу двигателін от алдырып, 2—3 минут бойы қыздырады. 1—2 минут бойы дизельді декомпрессор қосулы тұрғанда айналдырады. Декомпрессорды ажыратады. Жанар майдың дизелые берілуін қосады да дизельді ажыратады.

ПД-ІОУ жүртізу двигателін қажет болғанда қолмен де от алдыруға болады. Ол үшін жүргізу двигателі қақпағынын, сол жақ бөлегін алдын-ала. алып тастайды, сонда оның маховигін қолмен айналдыруға болады.

Жұмыс органдары мен жүріс бөлігін іске қосу. Комбайнның жұмыс органдарын іске қосар алдында міндетті түрде сигнал беру керек және двигатель ілінісін бірқалыпты қосу қажет. Жүріс бөлігін іске қосу үшін (мысалы СК-4 комбайнының) былай істейді: педальді 1 (142-сурет) сол аяқпен шегіне жеткенше басып, рычагпен бірінші немесе екінші берілісті қосу керек; сигнал беру қажет; педальді 1 бірқалыпты босату керек. Жұмыс процесінде комбайн жүрісінің жылдамдығы рычагтың көмегімен басқарылады.

Двигателъді тоқтату. Двигательді жанар май берілуін тоқтату арқылы, яғни рычагпен (142-сурет) тоқтатады. Двигательді ұзақ Уақытқа тоқтатар алдында оның орташа, одан кейін кіші айналымда 5 минуттай жұмыс істеуіне мүмкіндік беру керек, Ауа райысу қатыратындай суық болран жағдайда, двигательді салқындату керек (ондағы судың температурасы 45—50° градусқа жеткенше), содан соң суды ағызып, ағызу тесігін ашық қалтыру қажет.

СМД-64 двигателін жүргізу. Двигательді жүргізер алдында барлық даярлық операцияларының орындалғандығына көз жеткізу керек. Оларға мыналар жатады: негізгі двигательдің багы мен жүргізу двигателінің кішкене багы жанар майға толы болсын; радиатор сумен толтырылсын; двигатель картеріндегі, гидробакта- ғы және жанар май насосындағы май деңгейі тексерілсін; бас ци-линдрлердегі тежеуіш сұйығының деңгейі тексерілсін; жұмыс ор- гандары мен жанар май беру берілістерінің ілініс рычагтары ажы-ратулы болсын; беріліс қорабының рычагы бейтарап қалыпта тұрсын; аккумулятор батареясы электр желісіне қосулы болсын.

Двигательді мынадай ретпен жүргізеді:

1) жүргізу двигателінід жанар май багының кішкене кранын; ашады;

2) дизель маховигінің тәжі мен жүргізу двигателі редукторының жетек (жүргізу) шестернясының (двигатель жұмыс істеп тұрған кезде оны қосуға тиым салынады) ілінісуін іске асырады;

3) егер жетек шестерня маховик тәжімен ілініспесе, онда стар-терді жылдам қосып, ажыратады; бұл жағдайда двигатель от ал-майды, бірақ оның білігі аздап айналады; осыдан кейін ғана шес-терняны іліністіруге болады;

4.) карбюратордың ауа жапқышын ашады (ауа райы салқын мен іле-шала стартерді ажырату керек;

5) стартердің немесе қолмен басқарылатын қосалқы құрылғының көмегімен жүргізу двигателін от алдырады да, оны бір минут қыздырады; жетектің еркін жүрісінің муфтасы ұзақ уақыт жұмыс істеуге негізделмеген, сондыктан жүргізу двигателі іске қосылысы-мен ілешала стартерді ажырату керек;

6) ауа райы салқын болғанда жүргізу двигателін от алдыруда қиындықтар тууы мүмкін. Мұндай жағдайда мына тәсілдерді қол-дану керек: 3—5 секунд бойы карбюратор батырғышының кнопка-сын басып тұру керек; стартерді қосар алдында ауа жапқышты жабу қажет (от алдыра салысымен оны дереу ашып тастау керек), цилиндрге (декомпрессорлық кішкене кран арқылы) 15—20 г жанар май құю қажет;

7) жүргізу двигателі қызғаннан кейін зая жүріс арқылы жүргізер алдында насостың айдауы әсерінен майлау жүйесінде қажетті қысым (1 кгк/см2-тан кем емес, яғни 100 кПа) қалыптасқанына көз жеткізу керек;

8) майлау жүйесінде қажетті қысым пайда болғанға дейін ди-зельді біраз уақыт бұра отырып, редуктор ілінісінің муфтасын бір-қалыпты қосу керек; осыдан кейін жүргізу двигателінің ілініс муф-тасын қосу қажет;

9) кабинадан жанар майдың дизельге берілуін қосу қажет, содан соң тағы да двигательдің маңындағы алаңшадан жүргізу дви-агтелі ілінісінің муфтасын қосады, осының арқасында дизель от алады;

10) дизель от алғаннан кейін іле-шала редуктор ілшісінің муф-тасын ажырату керек және жүргізу двигателін өшіру қажет. Дви-гательді өшіру үшін реті бойынша мына операцияларды орындау керек: кіші отын багының кішкене кранын жабады, магнето кор-пусынын, кнопкасын басып, от алдыруды ажыратады, карбюратор-дьш ауа жапқышын жабады;

11) от алдңрғаннан кейін дизельді зая жүріспен ең аз жиіліктегі айналысынан бастап қыздырады; майлау жүйесінде қысымның бар-жоғын тексереді (май қысымын бақылау лампочкасы жанбау-ғатиіс).

СМД-І54 двигателін тоқтату. Двигательді жанар май берілуін ажырата отырып тоқтатады. Тоқтатар алдында оны 5 минуттай зая жүрістің орташа, содан кейін кіші айналыс жиілігіне ауыстырады. Двигатель тоқтағаннан кейін тыңдау арқылы центрифуганың жұмысын тексереді — оның роторы 40 секундтан кем айналмауға тиіс.

Читайте также: