Жинауыштар
Жалпы мәлімет. 7-параграфта көрсетілгендей десте жинауға жинауыштың екі түрі — барабанды және кенепті-транспортерлі жинауыштар пайдаланылады. :
Барабанды жинауыштың көбірек тарау себебін былай түсіндруге болады, оның жұмыс органының — серіппелі саусақтары бар тырмалауыш механизмінің тиімділігі өте жоғары. Серіппелі сау- сақтар топырақтың 5—10 мм тереңдігін тарап өте алады, сондықтан олар қиын жағдайлардың өзінде дестені жақсы жинайд. Алайда өте оңай төгіліп қалатын дақылдарды (дәнді-бұршақты дақылдар, тұқымдық шөптер және т. б.) жинауда тырмалауыш ме-
38-сурет. Жаткалы комбайнға арналған барабанды жинауыш:
1 — білеу; 2 — шкив; 3 — белдік; 4 — қалқанша; 5 — пішенделген бастырма; 6 — башмақ; 7 — сакина-төсем; 8 — алмалы-салмалы орам; 3 — серіппелі саусақ; 10 — алмалы-салмалы кайтарғыш; 11 — қайтарғыштың маңдайшасы. ,
ханизмі қанағаттанғысыз жұмыс істейді. Мұндай дақылдарды жи-науда кенепті-транспортерлі жинауыш аз ысыраппен жұмыс іс-тейді.
Барабанды жинауыш. Жинауыш негізгі үш бөліктен-көшірме-леуіш башмактары бар қаңқадан, тырмалауыш механизм мен же-тектен тұрады.
Қаңқа кронштейн мен екі білеу 1 (38-сурет) пісіріліп орнатылған түтік тәрізді балкадан құралған. Кронштейнге аздап дөңгелектенген сақина-төсемдер 7 жапсырылған. Сақина-төсемнін, аралығындағы кеңістікте тырмалауыш механизмнің серіппелі саусақтары ауысып тұрады. Саусақтар дестені жинап алып, сақина-төсемдер арқылы жоғары қарай жылжытады. Бұл ретте ол тырмалауыш механизмге сабақтардың түсуін болдырмайды. Жинауыш жиналған күйінде жаткаға білеумен 1 бекітіледі. Ол үшін жатка корпусының бойлық бұрыштарында бұрандалы тесіктер бар. Жинауышты алғаннан кейін оларды өшіргішпен жабады.
Тырнауыш механизм екі бүйірден 3, 8 (39-сурет), екі дискіден 5, 7, бөліктен 9, серіппелі саусағы бар төрт түтіктерден 6 және роликті 1 кривошиптен тұрады. Бүйірлер қаңқаға бекітілген. Білік дискілермен және роликті кривошиптермен бірге бүйірде айналып тұрады. Сол жақ бүйірде роликтер 1 домалап тұратын мәнерлі жол 11 жасалған. Жолдың контуры мынадай есеппен жасалған: роликті кривошип белгілі учаске.ге жеткенде серіппелі саусағы бар түтікшені бір шамаға бұруғ:а тиіс. Жолдың контуры әсерінен
А-А
39-сурет. Жинауыштың тырмалауыш механизмі:
1 — ролик; 2 — кривошип; 3 — сол жақ бүйір; 4 — саусақ; 5 — сол жақ дискі; 6 — серіппелі саусақтың түтігі; 7 — оң жақ дискі; 8 — оң жақ бүйір; 9 — білік; 10 — муфтаның айқаспа темірі; 11 — сол жақ бүйірдің мәнерлі жолы.
саусақтардың қозғалу мәні мынадай: олар дестеге сұғынып тұра- тындай болуға тиіс. Осыдан кейін саусақтар дестені ұстап, тасы-малдай отырып, бірте-бірте жоғары қарай ауысады. Саусақтар дестеден суырылып еркін шығатын артқы жағымен, сабақтарды іліктірмей қозғалу бағытына параллель қалыпқа ауысады.
Жинауыш қалбағайдың айналыс вариаторы арқылы қозғалысқа түседі. Бұл үшін вариатордьщ жоғарғы білігіне жұлдызшаның орнына шкив 2 бекітілген (38-сурет). Төменде кронштейнге шкив бекітілген, ол айқаспалы белдікпен шкивке 2 қосылады. Төменгі шкивтін, білігі иілмелі муфта арқылы жинақтауыштың білігімен жалғасады.
Жинақтауышты жаткаға орнату үшін төмендегідей операциялар жүзеге асырылады: жаткадан қалбағайды және қозғалысқа келтіретін шынжырды алады; қалбағайдың реттеу механизмінің тартпасын сыммен тіреуге байлайды; вариатордың жоғарғы білі- гінен жұлдызшаны алады; қырқу аппаратының жалғастырғыш буындарын алады; шалғыны оң жаққа тірелгенше жылжытады; оның басын күйентеге тимейтіндей жасайды; алынған жұлдызша орнына шкив, 2 орнатылады; жатка корпусынан төрт өшіргішті бұрап алады; босаран тесіктерге білеуді жатка корпусына болттар арқылы бекітеді; кеңейткіш шнектерді орналастырады. Шкивпен жылжымалы білікті иілмелі муфта арқылы жинауыш білігіне жалғайды: білікті айқастыра кигізіп, қырқу аппаратынын, саусақ- тарын қалқанмен жабады.
Жинауыштың алым ені 2200 мм, алайда кеңейткіш-жиектер оның енін 2400 миллиметрге дейін үлкейтеді.
Башмактары бар жинауыштар сондай башмактары бар жаткаға орнатылады. Екі башмактың жұмысы өзара төмендегідей сәйкесіп тұруға тиіс.
Егер аңыздағы ақ сабақтьщ биіктігі қалыпты, 15—18 см болса, онда жатканың башмактарын 130 мм қырқу биіктігіне қояды. Аласа орылған сирек ақ сабақтың үстіндегі дестені жинаған кезде жатка башмактарын ең аз биіктікке— 100 мм қояды. Бұл ретте олардың серіппелі саусақтары аласа ақ сабақты тарап өтіп, барлық сабақтарды қалдырмай жинайды.
Жинауыштың айналу шапшаңдығын комбайнның жүріс жыл-дамдығына үйлестіру қажет. Қалбағайдың айналыс вариаторы жинауыш білігінің айналыс жылдамдығын 72-ден 190 айналыс/ми-нутқа дейін өзгертуіне мүмкіндік береді.
Алайда практикада айналыс жылдамдығы 95-тен 140 айна-лыс/минутке дейінгі шекте болғаны тиімді екені анықталды. Ком-байнның қозғалыс жылдамдығына байланысты жинауыш білігінің төмендегідей айналу жылдамдықтары ұсынылады; комбайнның жылдамдығы 4 км/сағ болғанда 70—80 айналыс/минут, жылдамдық 5 км/сағ болғанда 90—100 айналыс/минут, жылдамдық 6 км/сағ болғанда — 110—120 айналыс/минут және комбайн жылдамдығы 7 км/сағ болғанда— 130—140 айналыс/минут болуға тиіс.
54-102 барабанды жинаушы. Бұрынғы шығарылған барабанды жинауыш кемшіліктерінің бірі, оның мәнерлі жолдарында 11 (39-сурет) жылжып тұратын роликтері 1 шаңға жылдам толып қалатын. Шаң дискілер айналып тұратын 5, 7 жақтауларға да түсетін. Жаңа жинауышта (40-сурет) мұндай кемістіктер жоқ. Сонымен қатар оның алым ені 3 метрге дейін ұзартылған.
Жаңа жинауышпен жүмыс істегенде копир 9 ешбір қозғалысқа түспейді. Корпус 10, тірек дискі 11, орталық білік 1 тірегі бар тыр-малауыш түтігі айналып тұрады. Сонымен қатар ролик 4 копирдің жүгіріс жолымен домалап, тырмалауыштың серіппелі саусақтарына қажетті қиғашталу жағдайын жасайды.
Корпус 10 және тірек дискі 11 0,5 д май құятын жабық қуыс жасайды. Роликпен жүгіргіш жол маймен жолық қамтамасыз еті-леді де, ал тығыздауыштар сол қуысты шаң түсуден сақтайды.
Копирдің күпшегі жинауыштың кронштейнніне 5 фланецтің 7 көмегімен бекітіледі. Жинауышты алым ені 4,1, 5 және 6 метрлік жаткаларға орнатуға болады; жинауышты қондырар алдында қырқу аппаратынан бірінші жағдайда 14-саусақтары (сол жақтан санаранда) секцияның сол жақтағы, екінші жардайда — 16 секция-ның, ал үшінші жардайда 18-шы секцияның болтын бұрап алу керек.
Алым ені 6 м жаткада сонымен бірге тоғызыншы (сол жақтан
40-сурет. Жанар май ваннасы (54-102) бар жаңа барабанды жинауыш:
1 — ортаңғы білік; 2 — тырмалауыш түтігінің дапфасы; 3 — кривошип;’ 4 — ролик; 5 — жетектеуіш біліктің маңдайшасы; 6 — күпшек; 7 — фланец; 8 — кронштейн; 9 — копир; 10 — корпус; II — тірек дискісі; 12 — тырмалауыш түтігі.
санағанда) қысқыш алақанды бір адым солға қарай ауыстыру керек. Барлық жаткаларда да қырқу аппаратының астында орналасқан мәнерлі қалақшаньі солға қарай ауыстырады.
ПЛТ-3 кенепті-транспортерлі жинауыш. Бұл да сол барабанды жинауыштағы сияқты міндеттер атқарады. Алым ені 3 м. Мұның одан айырмашылығы барабанды жинауыш дестені жинағанда төрт түтікті серіппелі саусақтарының айналуы арқылы жинаса, ал ПІІТ-3-те бұл жұмысты бір-біріне байланысты емес резиналы белдіктен жасалған екі транспортер атқарады. Әр транспортерге 108 серіппелі саусақ шахмат тәртібімен бекітілген.
Аласа дақылдарды, тұқымдық қант қызылшасын, бұршақ тұ- қымдастарды жинаған- кезде ППТ-3-тің барабанды жинауыштап артықшылықтары болады.
Жинауыштың негізгі бөлшектері мыналар: рама, жетектеуіш білік, екі транспортер, теңестіру құрылғысы, көшірмелеуіш катоктар, массаны түсіргіш және жетек механизмдері; Жинауыш жажаға екі қондырғыш кронштейндер арқылы асылып орнатылады. Комбайн асулы жинауышпен жүрген кезде кронштейндерді арнаулы бекіткіш құрылғыларымен бекітеді.
Жинауыш қалбағайдың айналыс вариаторы арқылы қозғалысқа келеді. Жинауыштың жетек білігіне 14 тісті немесе 35 тісті жұлдызшаны қондыруға болады. Жетектеуіш біліктің айналу шап-шаңдығын 72-ден 375 айналыс/минутке дейінгі шамада, ал транс-портерлердің түзу сызықпен жүргендегі жылдамдығын секундына, 0,377-ден 1,96 м шамасында реттеуге болады.