Дауыты дыбыс әріптерінің емлесі
Дауыты дыбыс әріптерінің емлесі
Қазақ тіліндегі дауысты дыбыстардың сөз құрамында қолданылу тәртібі бірдей емес.
1. А, е, ы, і әріптері сөздің барлык орындарында қолданыла береді: алғандары, ыстық, елдес, еріншек т. б.
2. Сөздің соңғы буынында ы, і дыбыстары болып, оған жалғанатын қосымша дауысты дыбыстан басталса, кей сөздерде ы, і дыбыстары түсіп қалады: көңіл — көңлі (көңілі емес), ауыл — аулы (ауылы емес), халық — халқы (халықы емес).
3. Тек түу одағайынан басқа сөздерде у әріпінің алдынан ұ,ү. ы, і әріптері жазылмайды: тоқы — тоқу (токыу емес), шоқы шоқу (шоқыу емес), біл — білу (біліу емес), күл — күлу (күлүу емес).
4. ә, ө, о, ұ, ү әріптері жалаң сөздердін бірінші буындарында қос сөз бен біріккен сөздердің екінші сыңарларының бірінші буынында жазылады: Жәнібек, орман, өңір, көңіл, жұмыртқа, жүгіру Үмбетәлі, көл-көсір, Тереңөзек, Әсемкүл, тоғызқұмалақ т. б.
5. ә, ұ, ү әріптері мына сөздердің екінші буынында жазылады: сірә, күнә, іңкәр, мәрмәр, мазмұн, бұлбұл, мақұл, мәжбүр, дәстүр дүлдүл, т. б.
6. Етістіктің -йы, -йі дыбыстар тіркесіне аяқталатын туынды түбіріне көсемшенің -й жұрнағы жалғанғанда -ый, -ій әріптерінің орнына бір гана и жазылады: колхоз байыды — колхоз байиди (байыйды емес, баиды емес), ол кейіді — ол кейиді (кейійді емес, кеиді емес).
7. Сый, тый түбір сөздерінен ербіген сөздерде ғана -й, -я, -ю әріптерінің алдынан ы жазылады: сый, сыйлық, сыяды, сыю, тый, тыяды, тыюлы.
8. Э, е әріптері орыс тілінен енген сөздерде ғана жазылады электр, экскаватор, вертолет.